адам өмiрi өркениет дамыған сайын жақсармайды, керiсiнше күрделене түседi, өзiмен бiрге адамға көптеген жағымсыз салдарлар әкеледi өнер адамды символдық құрылымдардың тұтқынынына айналдырды, тек қана карапайым адамдар бакытты болды, өйткенi оларды дуниеге әкелген табиғатпен тығыз байланыс болды)
Өркениет - адамның өзіне бекітілген материалдық объектiлерден тыс түрлендiретiн
дуниесi, ал мәдениет - адамның өзiнiң iшкi меншiгi, оның рухани дамуын, онын басылуын
немесе бостандығын, коршаған әлеуметтiк әлемге немесе оның рухани автономиясына
толық тәуелдiлiгiн бағалау.
Егер мәдениет осы тұрғыдан алғанда кемел тұлғаны қалыптастырса, өркениет өзiне
берiлген игіліктерге қанағаттанатын, қоғамның идеалды заңға бағынатын мүшесiн
калыптастырады.
Мәдениет пен өркениет әдетте антонимдiк ұғымдар. Олардың
ортак тұсы-олар прогрестің нәтижесі.
Мәдениет пен өркениетке ұксас көзкарасты орыс философы Н.А.Бердяев те айтты. Оның ойынша, өркениет, әсіресе қазіргі өркениет мәдениет пен шығармашылық деңгейін төмендетеді. Машиналар мен технологиялар мәдениеттің өзіне нұқсан келтіреді: өркениет біріктіреді және теңестіреді, ал мәдениет әртүрлілікке ұмтылады.
Мәдениет пен өркениеттің арақатынасы мәселесіне қатысты екінші көзқарас өркениет мәдениетпен бірге бар және қалыптасады. Жалпы мағынада өркениет материалдық және рухани мәдениеттің белгілі бір даму деңгейін білдіреді.
(1908)- француздық этнограф және әлеуметтанушы, француздық структурализмнiң басты өкiлдерiнiң бiрi, француздық әлеуметтік мектебінің, сонымен катар мәдени антропологияны американдық мектебiнiң ықпалында болған. Клод Леви-Стросс - аса көрнекті француз антрополог, мәдениет зерттеушісі, этнологi әрi социологi. Мәдениетті зерттеу саласындағы структуралистiк (құрылымдық) бағыттың негізін салушы. 1908 жылы туған, Сорбонна университетiнде бiлiм алған. Жас шағында Руссо, Маркс iлiмдерімен, социализм идеяларымен, Кант, Гегель философиясымен қатты әуестенген.
Француз социалистік партиясының мүшесі болған. 1935-1938 жылдары Бразилияда тұрған, Сан-Паулу университетінің профессоры болған, Оңтустік Америка үндістерінің өмiрiн зерттеп, этнографиялык, антропологиялық iзденiстер жолына тускен. Сол зерттеулерiнiн нәтижесiнде «туыстық карапайым құрылымы» (1947 ж.), "Тропиктік аймақтың қасiреттi тiрлiгi" (1953ж.) атты танымдық манызы зор этнографиялыкқ еңбектер жазған. 1945-1947 жылдары АҚШ-тағы француз елшiлiгiнiң мәдениет мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi, 1948-1958 жылдары Ғылыми зерттеулердiң Француз Ұлттық
орталығы жетекшiлерiнiң бiрi, Адам музей директорының орынбасары,
Жоғарғы зерттеулер Мектебiнiң жабайы халықтар дiнi кафедрасының меңгерушісі,
ЮНЕСКО-НЫҢ əлеуметтiк ғылымдар жөнiндегi Халықаралық кеңесiнiң бас
хатшысы мiндетін атқарушы болып істеген. 1960-1984 жылдары Колледжде
Франс деп аталатын әйгiлi оқу орнының әлеуметтiк антропология
кафедрасының меңгерушісі, осы колледж жанынан құрылған әлеуметтік
антропология Лабораториясының жетекшiсi болған. 1973 жылдан бастап
Француз академиясының мүшесі, одан кейiн Ұлыбритания королдiгi
жанындағы антропология институтының мүшесі, бірнеше батыс елдерi Ұлттық
академияларының мушесi болып сайланған. Басты еңбектерi: "Нәсiл және
тарих" (1952 ж.), "Антропология құрылымы-1" (1958 ж.), "Мифология" (1961-
1971 ж., 4 томдық), "Мифтердiң құрылымы" (1970 ж.), "Антропология
құрылымы-2" (1973 ж.). ЮНЕСКО-ның тапсыруы бойынша жазылған "Нәсiл
және тарих" атты еңбегінде Леви-Стросс адамзат мәдениетінің әралуандылығы,
олардың өзара байланыстылығы және ыкпалдастығы жөнiнде айта келiп,
"Әлемдiк өркениет дегенiмiз әлемдiк ауқымда алынған мәдениеттер бiрлестiгi,
басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек солардың өздерiне
ғана тән өзiндiк ерекшелiктерiн сақтауға тырысады", - деген тұжырымдама
жасайды. Ғалым өз зерттеулерiнде өзi негiздеп берген құрылымдық принципке
суйене отырып, мәдениет құбылыстарын олардың iшкi және сыртқы
байланыстарының бiрлiгi және олардың көп деңгейлiлiгi тұрғысынан алып
карастырады.
Сараптамалық кесте
Тақырыбы: Мәдениет және өркениет өзара байланысы мен
Ерекшелігі