АҚтау бекінісінің АҚыры: Аңыз және дерек • Мәдени мұра



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі140,66 Kb.
#2381

АҚТАУ

БЕКІНІСІНІҢ АҚЫРЫ:

Аңыз және дерек

• Мәдени мұра

Халық иесі хандарды

Қалай айтсам мін бар ма?!

Нысанбай жырау

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясын-

да Қазақстан Республикасының жер-

жерлерінде ел тарихы мен мәдениетін

зерттеу кеңінен қолға алынып отырғаны

аян. Қарағанды облысы бойынша да

жергілікті халықтың тарихы мен мәдение-

тін жан-жақты зерттеу жұмыстары бір-

шама жүзеге асуда. Жаңаарқа ауданын-

да этнографиялық экспедиция барысын-

да, аудан орталығынан түстік бағытта 60

шақырым жерде орналасқан, ел арасын-

да «Дуан» аталатын тарихи орынға жер-

гілікті өлкетанушы әрі шежіреші І.Ісләмов

экспедиция назарын аударды. Бұл тари-

хи орын - бұрынғы Ақтау бекінісінің оры-

ны. Бекіністің бет қабырғалары айтарлық-

тай сақталған және бекіністің бұрынғы

қалыбын аңғартады. Бекініс орыны сурет-

ке түсіріліп, арнайы спутниктік навигация-

лық құрал арқылы картаға белгіленді. І.Іс-

ләмовтан осы тарихи орынға байланысты

ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер жа-

зылып алынды. Фольклорлық деректер

негізінен Ақтау бекінісін Кенесары әскер-

лерінің басып алуын суреттейді. Осыған

байланысты біз фольклорлық деректерді

арнайы зерттеулермен және мұрағат

мәліметтерімен ұштастыра отырып, Ақтау

бекінісінің алыну тарихын сипаттауды алға

қойып отырмыз.

Сарыарқаның түстік шегінде, оңтүс-

тігінде Бетпақдала шөлімен ұласатын,

шығысында Ортау-Қызылтау. батысында

Мұңлы-Қулы таулары орналасқан, теріскейі

ұсақ шоқылы жазық дала болып келетін

Ақтау таулары Арқа өңіріндегі табиғат

маржандарының біріне баланады. Шөбі

шүйгін, жайылымы шалғын, қойнаулары

бұлаққа толы Ақтау ежелден бері адам

тіршілігіне қолайлы қоныс. Академик

Ә.Марғұлан зерттеулерінде қола дәуірінің

өзінде Ақтау өңірін ежелгі ру-тайпалар-

дың қоныстанғаны айқын көрсетілген.

Қазақ даласы Ресей империясы та-

ралынан жаулауға ұшырап, өлкеге импер-

иялық әкімшілік жүйе енгізіліп, тұрғылық-

ты басқару саясатын жүзеге асыратын

әрі қатаң бақылайтын қамал бекіністер са-

лына бастаған XIX ғасырдың орта тұсын-

да далалық аймақта Орта жүздегі бас

көтерулер мен бағынбаушылықты түбе-

гейлі жою үшін Ақтау бекінісі салынған

еді. Ресми көзқарастарға сүйенсек, Ақтау

бекінісі: «1822 жылдың шілдесінде алға-

шқы бекіністер - Ақмоладан оңтүстікке

қарай 300 шақырым болатын Ақтау тау-

ларында, Сарысу өзенінде, Ақтау және

Есіл өзенінде Жарқайың бекіністерінің

негізі қаланды» делінген. Бұл мәлімет

академиялық деңгейде арнайы шығарыл-

ған бес томдық «Қазақстан тарихы»

кітабында берілгендігі болмаса, Ақтау

бекінісі 1822 жылы салынды деген мәлімет

тарихтан хабары бар қауым үшін

сенімсіздеу. XIX ғасыр тарихына үңілсек,

1822 жылы Орта жүзде хандық билік

жойылып, өңірді басқаруда Ресейдің

әкімшілік жүйесі енгізілді. 1824 жылы 8

сәуірде дала өңірінде алғашқы сыртқы

округ - Қарқаралы округі ашылды. Одан

кейін басқа да округтік приказдар құрыла

бастады: 1824 жылы Көкшетау, 1825

жылы Құсмұрын, 1826 жылы Баянауыл,

1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола.

Осы тұрғыдан алғанда, сыртқы округтер

ашылмай жатып Ақтау бекінісі салынды

деу қисынсыз. Ал Ақтау бекінісінің қай

жылы қалай салынғаны және қай жылға

дейін қызметін атқарып тұрғанын «Памят-

ная книжка Акмолинский области на 1913

год» кітабының Ақмола облысының тари-

хына қатысты айтулы оқиғалардың хро-

нологиялық тізімінен көруге болады: «1835

жылы дала өңірінің оңтүстік шекаралары-

на, Ақтау мен Ұлытауда бекіністер салуға

ұсыныстар туындайды; 1837 жылы

көшпенділерді қадағалап отыратын комен-

данты бар Ақтау бекінісі салынды. Осы

уақытта Ақтау, Ақмола, Үшбұлақ, Нико-

лаев станциясы, Көкшетау аралығында

казак бекеттері (пикет) орналастырылды».

Бұл мәліметтердің шындыққа жанасаты-

ны сөзсіз. 1838 жылы Саржан мен Есен-

гелді сұлтандарды Ташкент құсбегі Ләш-

кер өлтірткеннен кейін Орта жүздегі

көтеріліс туын Кенесары ұстайды. Осы

себепті де көтеріліс ұйытқысы болып отыр-

ған қасиетті өлке - Ақтауда бекініс салы-

нуы көңілге қонымды. Бұл бекініс арқылы

орыстар; біріншіден, көтеріліске бел шеше

араласқан бір жағынан Қуандық, екінші

жағынан Қаракесек руларын бақылап оты-

рады; екіншіден; Орта Азияға қатынайтын

керуен жолдарын және қит етсе қазақ-

тар шауып алатын керуендерді қорғайды;

үшіншіден, Ақтау тәрізді құнарлы да

шұрайлы жерді өз жандайшаптарына -

орыс-казактарға алып береді. Сол хроно-

логиялық тізімде: «1866 жылы Ақтау

бекінісі жөне оған Ақмоладан баратын

тракт жойылды (упразднено)» делінген.

Ақтау бекінісінің тарихы туралы ар-

наулы зерттеулер жоқ. Бекініс туралы

мәліметтерді тек Кенесары көтерілісіне ар-

налған зерттеулерден немесе Қазақстан

тарихына арналған еңбектерден таба ала-

мыз.


Бірінші кезекте, әрине, Кенесары

көтерілісіне арналған Е.Бекмахановтың

«Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылда-

рында» еңбегін айтып өтуіміз керек. Еңбек-

те Ақтау бекінісінің салынуы жергілікті ха-

лықтың қаншалықты наразылығын тугыз-

ғандығы және Кенесары көтерілісі бары-

сында халық өкілдерінің империялық

әкімшіліктен бекіністі жоюды талап етілгені

Кенесары әскерлерімен алынуы еңбектің

тек екі түсында ғана қысқаша айтылады:

1) еңбекте пайдаланылған деректерге шолу

барысында, ауызша тарихи деректерді си-

ПАТТАУДА М .Ж Көпеевтің жазбаларында

Кенесарының соғыс тактикасы көрсетіл-

генін айта отырып, Ақтау қамалына жасал-

ған шабуылдың суреттелетіні келтіріледі;

2) Кенесарының әскери және дипломатия-

лық қабілеттерін сипаттау барысында,

оның тактикасын талдай отырып, бекініс

және қамалдарды шабуылдауда табиғи

объектілерді шебер пайдалануын және

қамалдарға шабуыл жасау тәсілін жазуда

Ақтау бекінісіне жасалған шабуылды мы-

салға келтіреді.

Өкінішке орай, Кенесары көтерілісінің -

ең бір стратегиялық маңызды істерінің бірі

- Ақтау бекінісінің Кенесары әскерлерімен

алынуы академиялық деңгейде шығарылғ-

ан «Қазақстан тарихынан» да орын алма-

ған.

Бекініс туралы және бекіністің Кене-



сары әскерлерімен шабуылдануы туралы

аздаған мәліметтер М.Әбдіровтің «Завое-

вание Казахстана царской Россией и борь-

ба казахского народа за независимость:

Из истории военно-казачьей колонизации

края в конце ХҮІ -нач. XX вв.» еңбегінің

Кенесары көтерілісіне арналған бөлімінде

берілген.

Ғылыми әдебиетте Кенесары әскер-

лерінің Ақтауды алуы туралы мәліметтер

мардымсыз, зерттеулер жоқтың қасы де-

сек, керісінше бекіністің алынуы фольклор-

да, әсіресе, Сарыарқа өңірінің ақын-жырау-

ларының шығармашылығында жақсы көрініс

тапқан. Әсіресе, Доскей ақынның «Кене-

сары» дастанында Ақтау бекінісінің алы-

нуы туралы құнды мәліметтер келтірілген,

сол себепті де осы шығармадағы

мәліметтерді Ақтау бекінісінің алынуын

қарастыруда кеңінен қолдануымызға бо-

лады.

Арқа халқының ауызекі тарихи білімі -



шежіреде Ақтау бекінісінің алынуы туралы

аңыздар циклі сақталған. Көбінесе, олар

түрлі батырларға қатысты, батырлардың

бекіністі басып алудағы ерліктерін баяндау

сипатында.

Көрнекті жазушы І.Есенберлиннің

«Көшпенділер» трилогиясының «Хан Кене»

атты үшінші кітабы Кенесары Қасымов бас-

таған ұлт-азаттық көтеріліске арналғанын

білеміз және осы шығармада қарастыры-

лып отырған тақырып бойынша біршама

құнды мәліметтер кездеседі. Жазушының

өз шығармасын халық фольклоры мен мұра-

ғаттық деректерге сүйене отырып жазга-

ны сөзсіз. Біріншіден, шығармада ел ара-

сында кеңінен танымал аңыз-жырлардың

сюжеттері көптеп кездессе, екіншіден ав-

тор мұрағат деректерінде, әсіресе, түрлі

әкімшілік хаттар мен бұйрықтарды

түпнұсқа күйінде келтіріп отырады.

Осы тақырыпты қарастырудағы келесі

бір арқа сүйер дерек көзі - мұрағат құжат-

тары. Патша әкімшілігінің Кенесары Қасы-

мұлы бастаған көтеріліске байланысты

түрлі құжаттары - «донесениелері» және

«рапорттары» мұрағат қорларында сақтау-

лы. Осындай құжаттардың біраз бөлігі Ке-

несары көтерілісіне арналған мұрағаттық

құжаттар жинағына енгізілген, сонымен

қатар, осы тақырыпқа байланысты қызғы-

лықты мұрағат құжаттарын Қазақстан та-

рихын оқытуға арналған оқу құралдары-

нан да таба аламыз және түпкілікті мұра-

ғат қорларынан алынған деректер. Ендігі

бір атап өтетін мәселе, Ақтау бекінісін Ке-

несары әскерлерінің басып алынған жылы

ЕБекмаханов еңбегінде «Кенесары 1838

жылы Ақмола приказы мен Ақтау қамалы-

на шабуыл жасаған„.» деген мәліметі бой-

ынша бекіністің алынуы 1838 жылға келеді.

І.Есенберлин шығармасында Кенесары

әскерлері алдымен Ақмоланы басып ала-

ды да, бірнеше күннен кейін Ағыбай батыр,

Наурызбай, Бұқарбай және Жеке батыр

(Төлебай) бастаған әскер Кенесарының

бұйрығымен Ақтау және Ортау бекіністерін

жояды. Ақмола приказының қоршауға алы-

нып, өртелгені 1838 жылдың көктемінде

болғанын ескерсек, жазушының шығарма-

сындағы дерек Бекмаханов көзқарасымен

ұштасып жатқанын аңғарамыз. Сонымен

қатар, Доскей ақынның «Кенесары» шы-

ғармасында алдымен Ақтау бекінісі басып

алынып, одан кейін барып Кенесары

әскерлері Ақмолаға аттанады.

Өлкетанушы АЖұмаділдин еңбегіндегі

«Ақтау дуанын Кенесары 1846 жылдың

мұғдарында басып алып, оңтүстікке аттан-

ғанға дейін жаз Көктіңкөлін жайлап, қыс

Ақтаудың бір сайын қыстаған» деген

мәліметіндегі бекіністің басып алынған жылы

қате деп есептейміз. Себебі Ақтау бекі-

нісінің 1838 жылы Кенесары әскерлері та-

рапынан шабуылға ұшырағанын мұрағат

деректері де дәлелдейді. 1847 жылғы Қар-

қаралы округтік приказының Сібір қырғыз-

дарының шекаралық бастығына жіберілген,

Кенесары көтерілісіне қатынасқан стар-

шындар мен қырғыздардың тізімінде, олар-

дың 1838 жылы Кенесары Қасымовпен

бірге Ақтау бекінісіне шабуылдауына қатыс-

ты деп көрсетілген. Келесі бір мұрағат

дерегінде, Ақтау бекінісінің коменданты

капитан Костюриннің әскери отрядтың бас-

тығы есаул Чириковқа 1838 жылғы 9

шілдедегі мәлімдемесінде, осы жылдың 22

маусымында Кенесары бастаған әскер-

лердің бекіністі қоршағаны айтылған.

Белгілі публицист, жастайынан Кене-

сары көтерілісіне қатысты аңыз-әңгімелерге

құлағы қанық Ж.Бектұров өз естелігінде

Ақтау бекінісінің бар құрамы жойылғанын

баяндайды: «Орыс патшасы Сарыарқаның

бір кіндігіндей орталығы Ақтауда бекініс

орнатқан. Қазақ мұны «Ақтау дуаны» деп

атаған. Бірде Кенесары қолы осы бекіністегі

солдаттарды түгел қырып, сол қамалдың

тас-талқанын шығарыпты. Бір ғана солдат

тірі қалса керек. Сол бекіністің құм-тасы,

топырағы үйінді болып, Атасу, Манақа

өзендері жағасында әлі жатыр».

Ақтау бекінісінің алыну тарихының

келесі бір өзекті мәселесі - Кенесары

әскерлерінің саны және бекіністі шабуыл-

дауға қатысқан батырлар.

Біріншіден, бекіністі алуға қатысқан

батырлардың есімдері: «Ағыбай батыр,

Шапырашты Бұғыбай батыр, Шәкір, Жәу-

ке, Толыбай, Наурызбай, Төртуыл Жанай-

дар батыр, Тама Танаш батыр, Базар ба-

тыр, Бөрші, Көбек батыр, Бижан батыр, Бай-

қан батыр». Фольклорлық деректердің

көбісінде осы батырлардың есімдері бе-

ріледі.


Екіншіден, бекіністі алуға аттанардағы

әскердің саны: Доскей ақынның дастанын-

да «Жиналған осы батырлар, сегіз жүздей

қол еді» деген мәлімет беріледі, бірақ жол-

жөнекей Кенесары әскері жергілікті жер-

лердегі рулардан толықтырылып отырса

кере: «Жолдан естіп қосылды, батырлар

тағы қайдағы». Мұрағат деректері де фоль-

клорлық деректермен ұштасады. Бекініске

шабуылдың алдында Кенесары әскерлеріне

қолға түскен Наурызбай Шегенов деген

қазақ, тұтқыннан кейін, босап шыққаннан

өзінің көрген-білгендерін мәлімдегенде,

бекіністің маңындағы әскердің саны 800

адамнан аспайтынын және оларды сүлтан

Кенесарының өзі бастап келгенін айтады.

Ал Ақтау бекінісінің комендантының

көрсетуі бойынша, шабуылдау барысында

көтірілісшілердің саны 2000-дай болады

деп көрсетеді. Сонымен қатар, 1847 жылы

30 қаңтарда Ақмола округтік приказының

Сібір қазақтарының Шекаралық басқарма-

сына жіберілген «Кенесары көтерілісіне

қатынасқан сұлтан, би және старшындар-

дың тізімінде» Ақтау бекінісін шабуылдауға

немесе көмек көрсеткен біраз адамдардың

аты аталады: Ақмола округінен сұлтандар

Күшік, Жадай, Жанай Айшуақовтар, Әлке-

Байдалы болысынан би Аққошқар Кіш-

кентаев, би Сайдалы Жанмурзин деп көр-

сетіліп, Кенесарының бар күші және көмегі

осы адамдардың қолында, сонымен қоса

болыстарды округтен алып кетуге, беқет-

терді өртеуге, хорунжий Рытовтың тобына

шабуыл жасап, оны казактарымен өлтіруге

қатынасқан деп түсініктеме беріледі; Ма-

лай-Қалқаман болысынан болыс басқару-

шысы Қуандық Баячизов, Мұса Садырбе-

ков ағайындарымен, Темеш болысынан би

Боқа Тінеев, Мойын-Алтай болысынан стар-

шын Жанқара Ерназаров, Старшын Бектас

Асыров, Тоқа-Қарпық болысынан би

Қаңтарбай Меңдекин, би Ажар Қалабаев,

Жанай Копин, Алшын-Жағалбайлы болысы-

нан би Итқара Қарымбаев, Тінәлі болысы-

нан Сеңгірбай бидің баласы Тайтен, стар-

шын Тілемістің ағасы Сауранбай, қазақ То-

ғанбек; Қарқаралы округінің Кәрсен-Керней

болысының старшындары Аққошқар Ақе-

ділов, Байарыстан Әбенов, қазақтары Ораз-

бек Ақботин, Тілеп Дәулетов, Рыс Байбу-

рин Кенесары көтерілісіне қатысып, Ақтау

бекінісін шабуылдауға, хорунжий Рытовтың

отрядын жоюға және басқа да іс-әрекет-

терге қатынасты деп көрсетілген. Бұл тек

қана бір ғана мұрағат дерегінен шыққан

мәліметтер.

Ақтау бекінісі басып алынғаннан кейін

Кенесары әскерінің саны бастапқыға қара-

ғанда сан жағынан молайған тәрізді. Дос-

кей ақынның дастанында, әскердің саны

12 ООО-ға жетті делінеді:

«Ақтауды алды, кенелді,

Батырлар салған өнерді.

Он екі мыңдай қол болып,

Ақмолаға жөнелді».

Бұған Ақтау бекінісінің құлауы әсер

етуі мүмкін. Жергілікті халық көтеріліс-

шілердің мұндай ірі стратегиялық жеңіске

жетуін қуана қарсы алса керек. Себебі осы

өңірдің халқының басты тілегі Ақтау

бекінісін жою еді. Саржан сұлтанға, одан

кейін Кенесары қол астына көшіп кеткен

рулардың орыс әкімшілігіне жазылған хат-

тарында «Ақтау бекінісі жойылса ғана қай-

тып ораламыз» деген мәлімдемелері бар.

Кенесары да жергілікті халықтың мүддесін

алға тартып, орыс әкімшілігіне жазған хат-

тарында, бірінші кезекте Ақтау бекінісін

жоюды талап етеді.

Ал енді тікелей бекіністің қалай басы-

лып алынғанына келетін болсақ, шабуыл 22

маусым күні таңғы 7-нің шамасында бас-

талады. Бірақ алдымен, бекініске шабуыл-

ды бастамас бұрын, фольклорлық дерек

бойынша, Наурызбай бастаған шағын топ

шолғыншы ретінде жіберіледі:

«Тоғыз батыр қасында,

Наурызбай батыр бөлінді.

..Жаудың бетін білуге,

Жер байқауға барады».

Наурызбай батырдың шағын тобы

түнделете Ақтау бекінісінің қарауылшы

тобымен кездесіп қалған болу керек:

«Түнде кез боп көп қолға, Абылайлап ат

қойып, Түнде қырғын салады». Бұл оқиға,

Ақтау бекінісінен 2,3 және 5 шақырымдық

(верста) жерлерде орналасқан бекеттерді

(пикет) шабуылдауға байланысты айтылса

керек, себебі Кенесары әскерлері алдымен

осы бекеттерді жояды.

Е.Бекмаханов Кенесары әскерлерінің

шашырай шабуылдап, содан кейін ғана

бекіністі қоршағанын айтады. Ақтау комен-

дантының көрсетуі бойынша Кенесары

әскерлері бір шақырымдық (верста) жерде

айнала шауып жүрді, ал бір сағаттан кейін

шабуыл тойтарылды дейді.

Фольклорлық мәлімет бойынша Кене-

сары әскерлері толығымен бекіністі ба-

сып алады және өрт қояды:

«Абылайлап Наурызбай,

Өрт салуға Ақтауға,

Шаңқай түсте кіргені.

Ағаш үй жанды өртеніп,

Есепсіз жаудың өлгені».

Аңыз-әңгімелерде көтерілісшілердің

бекіністі шабуылдауда, оқтан қорғану

үшін ұтымды тәсіл қолданғаны сурет-

теледі: «Жүз солдат қатар тұрып мыл-

тық атып маңайына жан жуытпаған. Сон-

да Кенесары да жүз кісімен келген. Қос-

шы-қолаңшы салықтарын кейін тастап.

Сонда бұл жүз кісі баялыш деген отын-

ды (тырбық отынды) шылбырға буыл алып,

ер басына бір арқа отынды салып алып

домалатып, соның тасасымен еңбектеп

атқан оққа қарсы келе жатады». Басқа

да аңыздық деректер осы сюжетте ай-

тылады: «Көк мылтықпен қаруланған

орыстың оғы өтпес үшін қараған-тобыл-

ғыдан бума-бума оққағар дайындал, ша-

буылға шыққан қазақ қолы ашық дала-

да айқас салып, садақ оғын жаңбырша

жаудырьіп, бекініс ішінде өрт шығарды

Осы сәтте өзен бойын жағалай келген

Наурызбайдың елу шақты қолы қала

ішіне басып кірді. Бұл уақытта Мәнжі, Қаш-.

қынбай, Шөмшібай батырлардың ерекше

ерлік көрсеткенін ел әлі де аңызға бөлеп

айтады».

Сонымен қатар, Доскей ақын даста-

нында бекіністің негізгі шабуылға ұшы-

раған жағы берілген: «Кіретін осы  ж е р -

деді, -күнбатыс жағын алайын!», яғни

Кенесары әскерлері бекіністі негізінен

батыс.жағынан шабуылдаған болса ке-

рек. Шынында да Ақтау бекінісі Манақа

өзенінің батыс жақ беткейінде қырдан

ылдиға қарай салынған; сонда батыс жақ

қабырғалары атты әскердің шабуылда-

уына ыңғайлы бағыт деп есептеуімізге

болады. Кенесары әскерлері бекініске жо-

ғарыдан ат қойғанда, бекіністегі әскер -

лер төменнен қорғануға мәжбүр болады.

І.Ісләмұлынан жазылып алынған аңыз-

да бекіністің алынуы туралы әрі қызғы-

лықты және ең детальды мәліметтер

беріледі: «Ақтау тауларының ішінде Қор-

ған атты, жергілікті халық «Кенесары қор-

ғаны» атап кеткен жер бар. Сол жерде

Ағыбай мен Наурызбай батырлар тастан

қамалдың қақпа жақ бетінің үлгісін тұрғы-

зып, сарбаздарға бекіністі алудың айла-

тәсілін үйреткен. Әсіресе, қақпадан кірген

бетте қарсы тұрғызылған жалға арындап

келген атты әскер соғылып қалмауы үшін,

жалт бұрылып, екінші қақпадан секіріп

өтуге машықтанған. Кенесары төбенің

үстінен әскер ойынын көріп, басқарып

тұрған. Кейін бекіністі шабуылдар алдын-

да садақтың жебесіне ешкінің майын

былғап, от қойған шүберек байлап, оқ жау-

дырып, қақпаларды өртеген. Орыс әс-

керінің назарын қоршаудың сыртқы жа-

ғына аударып, шабуылдаған. Мылтық

оғынан қорғану үшін қараған мен тобыл-

ғыны, өзен бойлай өскен тал мен мойыл-

ды кесіп, түйе қомының биіктігіндей қылып

буып, қамалға тасалап барып жақында-

ған».

Бір айта кететін нәрсе, І.Ісләмұлының



жетекшілігімен Жаңаарқа аудандық өлке-

тану мұражайында Ақтау бекінісінің ма-

кеті жасалып, осы Кенесары әскерлерінің

бекіністі қалай шабуылдағаны көрсе-

тілген.

XIX ғ. тарихы - аңыз бен деректің



өзара ұштаса отыратын кезеңі. Ел аузын-

да айтылатын көптеген аңыздар мұра-

ғат деректерімен дәлелденіп, толықты-

рылып отырады. Бұл жағдай осы уақытқа

дейінгі жүргізілген зерттеулер барысын-

да байқалған болатын. Ақтау бекінісінің

де құпиясы аңыз бен деректің ұштасқан

тұсынан анықталары сөзсіз. Ол - тек

уақыттың ғана мәселесі. Біз топтастыр-

ған деректермен аңыз-әңгімелер, содан

өрбіген ой-пікірлері тек осы жұмысқа

септігін тигізер деген ниетпен, беріліп

отыр.

Ел тағдырын жеке бастарының



мүдделерінен жоғары қоя білген Қасым

төре балаларының Ресей империясының

отаршылдық саясатына қарсы жанқияр-

лық істері халық есінде мәңгілікке қала-

ры сөзсіз. Тек сол күрестің барысы тура-

лы зерттеулер көбейе түссе, бүгінгі күні

тарих беттерінен қалыс қалып келген

тұстары ашыла түсетінінен сенімдіміз.



Темірғали АРШАБЕКОВ,

Жамбыл ЖҰМАБЕКОВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.



Орталық Қазақстан.- 2006.- 9 наурыз.- 14 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет