Көпіршіктенген жасушалардың ішінде негізінен холестерин эфирлері болады.ХС тым артық толуынан бұл жасушалардың ыдырауы,артынан липидтердің жасуша аралық кеңістіктерге құйылуы болады.Бұл кезде липидтермен бірге лизосомалардың гидролиздік ферменттері шығады. Қалыптасқан фиброздық тін липидтерді қоршап алып,оларды айналасындағы тіндерден оқшаулайды.Бұл фиброздық тіннің тамыр саңылауына қараған беті қатайып,фиброздық түйін құрайды.Бұл түйіндер жиі ыдырап, тіршілігін жоғалтуы мүмкін.Осындай түйіндерді атеромотоздық түйіндер деп атайды.