Аты-жөні: Джолдыбаева Сания Джайляубетовна Жұмыс орны


Суретке сәйкес сызбаны тап.Сызып қос



бет4/6
Дата14.10.2023
өлшемі443,46 Kb.
#114873
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ашық сабақ - СӘНИЯ

Суретке сәйкес сызбаны тап.Сызып қос.
Сөздік жұмысын жүргізу. «Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.
1-слайд: «Мамандық туралы» туралы түсіндіру.
ІІ ҚАДАМ «Идеялар жұлдыз»
-Жарайсыңдар, балалар!
Ашық сұрақ: Тәрбиеші: Балалар сіздер «Ғарыш» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Балалар: Ғарыш дегеніміз – аспан әлемі.
Тәрбиеші: Аспан әлемінде нелер бар?
Балалар: Күн, ай, жұлдыз, ғаламшарлар бар.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар «Ғарыш» деп аспан әлемін айтамыз. (Көрмемен таныстыру) Мынау аспан әлемі, Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, Ай және Күн бар. Аспан әлемінде Күнді айнала орналасқан 9 ғаламшар бар. Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. (суреттері көрсетіледі)
Ал ең улкен жұлдыз-Күн.Күн- ғарыштың жүрегі,біздің планетамыздың жылу көзі. Күнге тіке қарай аламыз ба? Жоқ. Ол әрине қатты ыстық, оған тіке қарай алмаймыз, себебі көзімізге шағылысып, көзімізді ауыртады.
Ғаламшарының үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламшарында өмір сүреміз. Міне осы барлық аспан әлемінде орналасқын денелерді яғни аспан әлемін зерттейтін адамдарды «Ғарышкер» деп атаймыз.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол- Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
1991 жылы ғарышқа Қазақстаннан алғаш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ағамыз ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ағамыз ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы. Ал 2015жылы 12-і қыркүйекте Айдын Айымбетов ағаларың аспан әлеміне жол тартты. Яғни ғарышқа ұшқан үшінші қазақ азаматы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар осы жерде әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Ғарышкерлерге әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол киім «скафандр» деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
- Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? (ұшақ, тікұшақ, зымыран)
Тақтада суреттерін көрсету.
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны «Ғарыш кемесі» деп те атаймыз. Балалар естеріңізде болсын ұшақ, тік ұшақты басқаратын адамдарды ұшқыш дейміз. Ал зымыран ол ғарышқа ұшатын ғарыш кемесі, екеуі екі түрлі қызмет атқарады. Ұшақ адамдарды тасиды және биікке ұшады, ал Ғарышкерлер зымыранмен ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді.
Балалар Ғарышкер ағаларымызға арнап қазақ ақындары олардың ерлігін жырлап түрлі өлең шумақтарын жазған екен. Арамызда ержүрек, батыр, қаһарман ағаларымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар еді ғой..қане тыңдап көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет