Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақхана өмірі 2014-2015 ОҚу жылы



Pdf көрінісі
Дата31.01.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3076

Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ЖАТАҚХАНА ӨМІРІ

2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ

Тәрбиенің негізгі құндылықтары:

Отансүйгіштікке, ұлтаралық татулық пен ұлтжандылыққа, рухани-адамгершілік

пен ізгілікке, таным-білімділік пен шығармашылыққа тәрбиелеу.

Назарбаев Зияткерлік мектебі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда Қазақстан

Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдауында айқындап берген

төмендегі бағыттарды қамтиды:

• Азаматтық- отансүйгіштікке

• Рухани-адамгершілікке

• Зияткерлік дамыту

• Тәні мен  психикалық саулығының дамуына

• Алуан мәдениетті дамытуға

• Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға

• Көркемдік-эстетикалық талғамын дамытуға тәрбиелеу.

Конституция күніне байланысты 4 – 6 топ оқушылары

арасында «Ата Заңым ардағым!» тақырыбында тәрбие

шарасы өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары,

қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре

отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру. Түрлі

сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып,

олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу

мәдениетін жетілдіру. Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды

азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Азаматтық – Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Конституция күні-Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше

орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні

барша қазақстандықтарға татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілеймін. Ата Заңымыз

тарихымыздың мақтанышына

айналсын. Оқушыларға «Ата заңым ардағым» атты видео ролик

көрсетіліп, түрлі сұрақтар, мақал – мәтелдер, өлең жолдары айтылып, сөзжұбақтар шешілді. Оқушылар

ойларын ашық жеткізіп, ұсынылған тапсырмаларға белсенді түрде қатысты. Тәрбие сағаты оқушылар

өздерінің құқықтары мен міндеттерін қорғай білуге мол мағлұмат алды.

«Ата Заңым ардағым!» 

Құқықтық мәдениеттілікті, әдептілікті, құқықтық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында

«Құқықтық

сауаттылық-заман

талабы»

тақырыбында

пікірталас

сайысы

өтті.

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілігін арттыру, алдына

мақсат қоя білуге баулу, олардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын

молайту, Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге

үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатындағы

тәрбие беру.

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы» 

Қазақстан

тәуелсіздігінің

шығу

тарихын,

қазіргі

таңдағы

жетістіктерін айтып, олардың патриоттық сезімдерін оятып,

Қазақстанның гүлденіп өсуіне үлестерін қосуға, өз отанын, елін

сүюге және оны қорғауға тәрбиелеуге бағытталған 2014 жылдың

25 қараша күні 3 топ оқушыларының ұйымдастырумен «Елі

сүйген,елін сүйген елбасы» атты тәрбие шарасы өтті.

«Елі сүйген,елін сүйген елбасы»

Мақсаты:

Қазақ

халқының

тұңғыш

президенті

Нұрсұлтан

Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері

туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,

халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың елбасына,еліне деген сүйіспеншіліктері

нығайған, болашаққа деген көзқарастары қалыптасқан ұрпақ.

Оқушылар слайд арқылы елбасының туып өскен жері, оқыған мектебі,

жанұясы, өмір жолы,жазған еңбектері туралы мағлұмат алды. Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындарымен танысты. Елбасының

әншілік өнермен, спортпен айналысатындығы, табиғат аясында болғанды

жақсы көретіндігі айтылды.Елбасы мұраты, елбасы оқушы көзімен бөлімінде

оқушылар президент туралы өз ойларын айтты.Оқушылар жүргізушілер

дайындаған сұрақтарға жауап берді.Тәрбиелік шара өз мақсатына жетті.

Мақсаты:

Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен,

оқып

білім

алған, қызмет

еткен жерлері

туралы

мағлұмат

беру.

Елбасының

өмір жолынан үлгі

ала

отырып

Отанын, халқын

сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа,

патриоттық

сезімге тәрбиелеу.

Шәкірт

жүрегінде

елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

«Еліміз-дүрсіл қаққан жүрегіміз, Елбасы-ел қалауы тірегіміз»

Күтілетін нәтиже:

Елбасының өмірінен

үлгі

ала

отырып

Отанын,

халқын

сүйетін, ержүректі, білімді де білікті

ұрпақ екендерін ұғынатын ұрпақ.

2014 жылдың 3 желтоқсан күні 3-ші және 5-ші топтардың

қатысуымен «Ғасырдың ғажап азаматы» атты тәрбие сағаты

өтті.

Мақсаты:

Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет

ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар

туралы нақты түсінік беру.

Оқушылардың белсенді ойлау

қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай

білуіне бағыт беру. Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен

Керей сұлтандар суреттері арқылы оқушылардың жеке

тұлғалық қасиетін қалыптастыру.

«Ғасырдың ғажап азаматы»



Біз осы тәрбие сағатымызда қазақ халқының басын бір ту астына жиып, халық болып қалыптасуына

осы жолда жандарын құрбандыққа шалып, халқы мен жері үшін күн қатып, түн қатып ерен еңбек

қылған Жәнібек пен Керейді алдық. Оқушыларға Жәнібек пен Керейдің өмірбаяны мен халқы үшін

жасаған еңбектерін түсіндірдік. Оқушыларға тарихымыздың тарландары елі үшін біртуар

батырларын насихаттау басты міндет болды. Оқушылар тәрбие сағатына белсене араласып,

қызығушылық танытты.

16 желтоқсан 2014 жыл топ тәрбиеленушілерімен «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тәрбие

сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі, өжет

мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Елін, жерін сүйетін, болашақта Отанымыз Қазақстанның өркендеуіне үлкен үлес

қосатын ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты сұрақ-жауап арқылы басталды. Оқушыларға «Желтоқсан оқиғасы» туралы мағлұмат

берілді. Тәуелсіздік жолында құрбан болған сол кездегі қазақ жастары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат

Асанова, Сәбира

Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев туралы олардың ерліктері туралы айтылды.

«Желтоқсан оқиғасы» туралы бейнебаян тамашалады.

«Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» 

Мақсаты: 

Оқушыларды  Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне 

деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.

Күтілетін нәтиже: 

Ұлт жанды,патриоттық сезімі жоғары, өз ойын ашық та толық 

жеткізе білітін,толыққанды тұлға.

Тәрбиелік  шараны  тәрбиешілер  Б.Б. Тыныбаева, Ж.Ж. Молдағалиева екі тілде  

жүргізді.  

«Бейбіт аспан тілейміз саған, Қазақстан!»

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауының

маңыз мақсатын түсіндіру, оқушыларды саяси сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында саяси сабақ

өткізілді.

Мақсаты:

Оқушылардың саяси білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат

қоя білуге баулу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Қазақстандық патриотизмге, адамгершілікке, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мазмұнын толық игерген,өмір

талабына сай өз ойларын ашық жеткізетін ұрпақ.

Қысқаша мәтінмен таныстыру және түсінік беру.

1.Шағын және орта бизнесті дамыту.

2. Банк секторын сауықтыру.

3. Жаңа инвестициялар тарту.Атыраудағы «Ұлттық индустриялық

мұнай химиясы технопаркі»

жұмысына қаржы бөлу туралы.

4. ЭКСПО-17 кеншенінің құрылысын жалғастыруға қаржы бөлу.

5.Көлік инфрақұрылымын дамыту. «Атырау-Астрахань», « Астана-Атырау» автожобасын жүзеге асыру.

6. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.Үш ауысымды мектептерді жою.

7. Іскерлік белсенділікті қолдау.

Бұдан басқа қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституциямыздың

20 жылдығы, ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге

тапсырма бергендігі түсіндірілді және тәрбиеленушілер пікірлері тыңдалды.

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» 

«Абылай хан - XVІІІ ғасырдағы қазақтың айбынды ханы»

Мақсаты:

Ғарыш

кеңістігін

игерудегі жетістіктерді қазіргі

өмірмен байланыстыра отырып

түсіндіру. Оқушылардың тарихи,

ғылыми

танымын

кеңейту,

білімділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет