Қатысқандар: хбк1 топ «Химия-биология» 1 курс білім бағдарламасының студенттері. КҮн тәртібінде : 1-курстар үшін барлық емтихандар онлайн тапсырылатындығы



Дата16.12.2022
өлшемі14,11 Kb.
#57659
түріБағдарламасы
Байланысты:
зимняя сессия хаттама


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
ХАТТАМА
08.12.2022 ж
Қатысқандар: ХБК1 топ «Химия-биология» 1 курс білім бағдарламасының студенттері .
КҮН ТӘРТІБІНДЕ :
1. 1-курстар үшін барлық емтихандар онлайн тапсырылатындығы.
2. Прокторинг жүйесі күшейтілгендігі.
3. Бағалау кезінде бағалау критерийлері мен антиплагиат нәтижелері қатаң тексерілетіні.
4. Аралық бақылау тапсырып болған соң емтиханды онлайн тапсыратын студенттер ауылдарына қайтуына болатындығы және жол ақысы (тек бір бағыт ) студенттерге төленетіні.
5. 9-11.01 емтихандар бойынша техникалық қателіктер бойынша өтініш қабылданатындығы.
6. 12.-14.01 емтихандар бойынша FX өтініш қабылданатындығы.
7. Онлайн сессияны студенттер ұялы телефонмен емес ноутбук және компьютермен тапсыратындығы.
Сөз алғандар Жусупова Л.А. –Бүгінгі біздің қарастыратын мәселеміз қысқы сессия туралы болмақ. Емтихандар онлайн болғандықтан прокторинг жүйесі күшейтілді. Адалдық кодексіне сай емтиханды адал, жақсы тапсыруларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ оқытушылары бағалау кезінде бағалау критерийлері мен антиплагиатқа да, прокторингте (компьютермен электронды бақылау) өте қатты көңіл бөледі. Академиялық адал болуларыңыз сұралады. Емтихандар 1 курстарда онлайн соған байлансты емтиханды интернет желісі жақсы болса, ауылға, үйлеріңізге барып тапсырғандарыңыз абзал. Тағы айта кететін мәселе жол ақысы студенттерге төленеді. Тек бір жағы ғана. Оған сіздер билет, отырғызу талонының түпнұсқасын әкелесіздер. Және жол жүру билеті академиялық күнтізбеге сәйкес келуі керек. Ал егер емтихандар бойынша техникалық қателіктер болса 9-11.01 аралығында өтініш қабылданады. 12.-14.01 емтихандар бойынша FX өтініш қабылданады. Сонымен қатар, онлайн сессияны ұялы телефонмен емес ноутбук және компьютермен тапсырасыздар. Барлығын дайындап қойыңыздар.
Сөз. Л.Адылжанова: -Иә, апай жалпы барлығы түсінікті. Сұрақ әзірге жоқ.

ҚАУЛЫ:
1. 1- курстар үшін барлық емтихандар онлайн тапсырылатындығын ескеру.


2. Прокторинг жүйесі күшейтілгендігін ескеру.
3. Бағалау кезінде бағалау критерийлері мен антиплагиат нәтижелері қатаң тексерілетінін ескеру.
4. Аралық бақылау тапсырып болған соң емтиханды онлайн тапсыратын студенттер ауылдарына қайтуына болатындығы және жол ақысы (тек бір бағыт ) студенттерге төленетінін ескеру.
5. 9-11.01 емтихандар бойынша техникалық қателіктер бойынша өтініш қабылданатыны ескеру.
6. 12.-14.01 емтихандар бойынша FX өтініш қабылданатынын ескеру.
7. Онлайн сессияны студенттер ұялы телефонмен емес ноутбук және компьютермен тапсыратынын ескеру.
Эдвайзер : Жусупова Лэйля Ажибаевна
Топ старостасы: Адылжанова Луиза
Хатшы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет