Қатысты ойлар у. Р



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі149,45 Kb.
#8178

ӘОЖ 37: 18

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ 

ҚАТЫСТЫ ОЙЛАР

                                                                У.РКансеитова, п.ғ.к.  

(Алматы қ., Қазақ  мемлекеттік қыздар 

                                                                                                              педагогикалық университеті) 

                                                                                                              

Аңдатпа:  Эстетикалық тәрбиенің басты құралдарының бірі көркемөнер туындылары 

болса, ол адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істердің, құбылыстардың жақсы жағын 

көре   білуге,   оны   байытып,   дамытуға   жұмылдырылған.  Олай   болса   Абай   Құнанбаев 

шығармаларындағы   эстетикалық   тәрбиелік   ойлар   туралы   сөз   қозғамас   бұрын,   оның 

көркемдік талғам парасатының қалыптасуына ықпал еткен факторлар туралы айтқан орынды. 

Ақын медреседе оқып жүрген кезінде, көбінесе, шығыс ақындарының шығармаларын 

көп   оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Р.Сыздықова, 

Қ.Жұмалиев,   Х.Сүйіншәлиев,   З.Қабдолов,   т.б.   жеткілікті   айтқан.     Бұны   олар   Абайдың 

алғашқы   ақындық   жолына   түсуінің   еліктеуден   басталғанын,   ізденіс   кезеңі   ретінде 

қарастырады.   Зерттеуші   ғалымдар   жалпы   ақынның   қалыптасуына   үш   бұлақ   –   Шығыс 

поэзиясы   мен   қазақ   ауыз   әдебиеті,   орыс   әдебиеті   және   Еуропалық   әдебиеттің   ықпалы 

болғанын айтып келеді. Кейін келе ақын поэзияны еркін меңгерген кезде өз жолын анық 

бейнелейтін шығармалар жазып, қазақ әдеби тілінің бай қорын емін-еркін пайдалануы және 

тіл   тазалығынан   көруге   болады.   Осы   орайда   ғұлама,   ақын,   философ   Абай   Құнанбаев 

шығармаларындағы   эстетикалық   ой-пікірлерін   студент   жастарға   эстетикалық   тәрбие   беру 

мақсатында тиімді пайдалану. 



Түйін сөздер:  табиғат көркемдігі,  сөз өнері, эстетика, шығармалар, ой жүргізу, дағдылану, 

ұтымды пайдалану.

Еліміздің   көркейіп   өркениетті  елдер   қатарына,  әсіресе,   халықаралық   деңгейге 

көтерілуіне  осы заманғы  жас ұрпақтың  бет-бейнесі  және олардың тәрбиелік деңгейіне де 

тікелей   байланысты.  Олай   болса,   бүгінгі   жоғары   оқу   орындарындағы   студент   жастар 

бойында жаһандану заманына лайық, әлемдік мәдениет пен өзге тілдерді меңгеру және тіл 

арқылы өз мәдениетінің жетістігін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды қажет етеді.

Бұны   қайтадан   жандандырудың   көп   жолдарының   бірі   –   халқымыздың   көркемдік 

тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен 

қазіргі   заманғы     эстетикалық   тәрбие   беруді   шешуге   іргетасы   болатын   ұрымтал   ойларды 

бүгінгі   күн   талаптарына   сай   пайдалану.  Бүгінде   еліміздің   білім   беру   ұйымдарында   Абай 

шығармаларын оқыту мен оларды тәрбие үдерісінде пайдалану жұмыстары жанданып келеді.

Ақын   шығармалары   арқылы   эстетикалық   тәрбие   беруді   қарастырғанда   алдымен 

шығармаларын философияның эстетикалық талабы тұрғысынан қарастыру, содан соң ғана 

солар арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне назар аудару керек деген ойдамын.

Ақын медреседе оқып жүрген кезінде, көбінесе, шығыс ақындарының шығармаларын 

көп   оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Р.Сыздықова, 

Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, т.б. жеткілікті айтқан.  

Бұны олар Абайдың алғашқы ақындық жолына түсуінің еліктеуден басталғанын, ізденіс 

кезеңі   ретінде   қарастырады.   Кейін   келе   ақын   орыс   әдебиеті   және   сол   арқылы   Еуропа 

әдбиетімен   де   таныса   бастайды.   Зерттеуші   ғалымдар   жалпы   ақынның   қалыптасуына   үш 

бұлақ – Шығыс поэзиясы мен қазақ ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті және Еуропалық әдебиеттің 

ықпалы болғанын айтып келеді. Сонымен, кейін келе ақын поэзияны еркін меңгерген кезде 

өз жолын анық бейнелейтін шығармалар жазып, қазақ әдеби тілінің бай қорын емін-еркін 

пайдалануы және тіл тазалығынан көруге болады.

Ақын   қаламының   қуаты   артып,   өмір   тәжірибесі   толысқан   сайын   қыз   сұлулығына 

талғамы   да   басқаша   деңгейге   көтеріле   түседі,   ол   «Қақтаған   ақ   күмістей   кең   маңдайлы» 


өлеңінде сұлуды – кең маңдай, аласы аз қара көзі, қасы туған айдың бір жаңасындай,   қыр 

мұрын, ақша жүз, ал-қызыл бет, тісі қолмен тізгендей, мойыны жұп-жұмыр, жауырыны тегіс, 

иығы   тік,   нәзік   бел,   бойы   ұзын   да   емес,   қысқа   да   емес,   толқынды   қара   шаш   –   сыртқы 

келбетін айта келе, енді оның ішкі жан дүниесіне үңіледі – сөзі әдепті, мағыналы, саусағы 

іске   ыңғайлы,   -   деп   үйлесімділік   табады.   Соңында   «көз   таңдайды»   деген   жалғыз   сөз, 

ақынның талғамынан хабардар етеді. 

Қыздар   арасында   кездесетін   кейбір   нашар   қылықтарды   «бұртақтаған,   орынсыз 

жыртақтаған» деп келтірсе, осы «Қандай қызда ләззат бар жан татпаған» өлеңінде жігіттерді 

де сынай кетеді «арсыз, ұятсынбайды, тыртақтаған, ой таппаған, кұр бекерге бұлғақтаған» 

десе,  бұған «сыр сақтаған» жігітті қарсы қояды. Ақын мұраты әйтеуір еңбек еткен жігіт. 

Табиғат   көркемдігі  –   кез-келген   адамның   жанына   қуаныш   ұялатып,   сезімін   оятатын 

ұрымтал дүние. 

Ғабит Мүсірепов «Үлкен сарынның ақыны» деген еңбегінде Абайдың орыс классиктері 

–   А.С.Пушкин,   М.Ю.Лермонтов,   Толстой,   Салтыков-Шедрин,   Некрасов,   т.б.   үлгі-өнеге 

алғанын айта келіп, әсіресе, табиғат көркемдігі мен адамның сезіміне қатысты тұстарына 

тоқталады. Жазушы «Абайда еліктеу жоқ, үндестік барын даусыз дәлелдейтін көп өлеңдер 

бар» екенін баса көрсетеді .   

Атап айтсақ, табиғат көркемдігіне

 

байланысты    Абайдың «Жазы», «Қысы» Пушкин, 



Некрасовта кезедесетін «Жаз» бен «Қыстарға» үндес. «Бірақ, ол үндестік сезіну жағынан 

реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан суреттеу», - дей келе, «оны 

орыс әдебиетіндегі, я басқа бір әдебиеттегі қалпында емес, қазақ әдебиетінің рухына төл 

тумадай   қабыса   кететін   етіп   кіргізді»   деп   жоғары   бағалайды.  Алайда,   қазіргі   кезде 

адамдардағы   сезім   тапшылығы   олардың   ішкі   жан   дүние   әлемін   кедейлендіріп,   мұқалтып 

отырған  секілді.  Табиғат көркемдігін жырламаған  ақын, сипаттамаған  жазушы  жоқ. Олар 

табиғаттың   сөз   түріндегі   бейнесі   арқылы   адамның   сезімін   қозғауды   көздеген.   Адамға   ең 

жақын табиғат көркемдігі. 

Табиғат – бұл қоршаған әлемнің әр алуан туындысы. Әркімнің туған жері – тау, тас, 

құм, шөл, мұз бен қар болуына қарамастан өзіне көркем және туған анасы секілді тартып 

тұрады. Табиғат өнерде сөз, әуен, бояу арқылы бейнеленеді. Ақын, жазушылар табиғаттың 

ашық, айқын тұстарымен бірге әдеттегі адамдар көре алмайтын, көрсе де көркемдеп айта 

алмайтын құбылыстарын сөзбен суреттеп бейнелейді. Сондай суреткерлік Абай өлеңдерінде 

ерекше байқалады, мысалы, ол «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде аңшылықтың 

ерекшеліктерін   тұрмыс   салтымен   ұштастыра   келіп   ұтымды   және   көркем   сөздермен 

ұйқастыра келтірген. Солардың ішінде осы өлеңге түр беріп тұрған және оның көркемдігін 

өңіне келтіріп тұрған сөздер, «ғанибет, ықшам, қайтқан ізі, із шалғанда, қағушы ойда, томаға, 

самғағанда, тісін қайрап», т.б. Осы өлеңнің бүкіл эстетикалық маңызын көз алдыңа алып 

келетін көріністер жаңа жауған аппақ қар:

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда...

Түлкі мен бүркіттің алпарысуының аппақ қар үстіндегі бейнесін және шомылып жатқан 

сұлу қызбен салыстырған тұсы:

Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..., деп келтіргені қай жастағы адамға болса да түсінікті, 

десек те қазіргі кездегі қалада туып, өскен, қыстың даладағы сипатын көзімен көрмеген, ал 

аңшылықтың жайын тек мылтық асынып барып, бір-екі ит-құсты аяусыз өлтіру немесе атып 

келу   деп   таяз   түсінетін   мектеп   оқушыларымен,   студенттеріне   эстетикалық   тәрбие 

ұйымдастыруда осының мәнін көркемдік заңдылығымен түсіндіру қажеттігі туындап отыр. 

Бұл өз кезегінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыруға да септігін тигізер 

еді.


Абайдың   табиғат   лирикасын   сөз   еткенде     әдебиет   теориясындағы   бейнелеу     әдісін 

ескере   отырып,   оны   орыс   әдебиетінде   осы   қыс   бейнесінің   берілуімен   салыстырмалауға 



болады.   Мысалы,     Некрасов   қысты   «мороз   –   красный   нос»   деп   бейнелесе,   Абай   қазақ 

халқының түсінігіне жақын «кәрі құда» бейнесінде береді. Ол Абайдың орыс әдебиетіндегі 

әдістерді үйреніп, өзінше, қазақ ауылы ұғымына жақын меңгеруі деуге болады. 

Бұл   жөнінде   Қ.Жұмалиев   Абай   поэзиясының   тіліне   байланысты   еңбегінде   талдап 

келтірген. Осыған орай Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны айтуға 

болады.   Мысалы,   қыс   бейнесі   А.С.Пушкиннің   «Қысқы   кеш»   өлеңімен   де   салыстыруға 

болады.   Осындай   салыстыруды   ақынның   «Желсіз   түнде   жарық   ай»   өлеңіне   байланысты 

айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге байланысты болған 

соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы жеткілікті жазылған. Бұдан 

басқа ақынның «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде 

жарық   ай»,   «Қарашада   өмір   тұр»   т.б.   табиғат   құбылыстарына   арналған   өлеңдерін   де 

эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға болатындығы айтылып келеді. 

Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз қозғағанда 

көпшілік   авторлар,   мектеп   мұғалімдері,   т.б.   зерттеушілер   осы   табиғат   туралы   жазған 

өлеңдерін ғана ескереді. Бұдан «Ақынның басқа шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиені 

жүзеге асыруға болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды. 

Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның 

барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады. Сондықтан 

табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға болады. 

Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат 

көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең сөзбен 

сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның эстетикалық 

мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі – ақ киім, ақ сақал, ақ 

қырау, сықырлап, үскірік, аяз,   қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп келтірілсе, сол 

кездегі   адамдардың   жай-күйін   олардың   әлеуметтік   ахуалын   табиғаттың   осы   мезгілінің 

қаталдығымен байланыстырған – домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс айналды деп, ал сол 

кездегі малдың жайын жылқы арқылы:

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы,

Титығы құруына аз-ақ қалды, – деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр 

туралы айтып келеді де малшыларға – қор қылма, күзетіңдер, қайрат қыл деп ескерте отырып 

«Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» деп ой қорытады. Осы өлеңдегі сезімге әсер ететін 

тұстарын табиғатпен байланыстырсақ, ол әрі көркем әрі қатал сондықтан мұнда эстетиканың 

екі   санаты   –   көркемдік   пен   ұсқынсыз   тоғыса   келіп,   өмірдің   қарама-қайшылықтарын 

көрсететін, біріне екіншісі қарсы келуіне қарамастан  бір бүтін табиғат құбылысының адам 

өміріндегі мәнін көрсетіп отыр. 

                Табиғат   көркемдігі   мен   ондағы   құбылыстар   адамның   эстетикалық   сезімі   мен 

байқағыштығын дамытып, көңілде ой жүргізіп қиялдануына азық болатыны белгілі. Табиғат 

құбылыстарын   бақылап,   одан   сабақ   алу   өнер   туындыларын   танып-білу,   бағалау   және 

қабылдап   түсінуге   негіз   болады.   Табиғат   құбылыстарын   бақылап   өскен   адам   әдебиет 

туындылары,   соның   ішінде   поэзия   және   басқа   да   көркем   өнер   туындыларын   қабылдауға 

бейімді   де   бейілді   болып   өсетіні   туралы   педагог   ғалымдар   айтып   келеді.   Табиғат 

көркемдігінен адамдар шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды.      

Табиғат   –   сұлулықтың   қайнар   бұлағы   болғандықтан   эстетикалық   тәрбиедегі   оның 

орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес. Табиғатты бақылау 

арқылы қиялдануға жол ашылады, сөйтіп эстетикалық сезімнің дамуына ықпал етеді. Абай 

Құнанбаев   осындай   табиғаттың   көркем   туындысын   бақылап,   одан   ләззат   алып,   тояттап 

өскен. Сондықтан ол оны сөз түрінде суреттегенде сан алуан теңеулер мен салыстырмалар, 

гипербола,   парабола   секілді   тәсілдерді   әдебиет   теориясын   білмей   тұрып-ақ,   туа   біткен 

дарыны   мен   данагөйлігі   нәтижесінде   сипаттай   алған.   Мысалы,   «Қызарып,   сұрланып» 

өлеңінде   адамның   «елбіреп,   қалтыраған»   жас   та   нәзік   сезімі   мен   табиғат   көрінісінің 

сәйкестігін:

Жанында жапырақ,



Үстінде жұлдыз да.

Елбіреп, қалтырап,

Жігіт пен ол қыз да, - деп суреттеген. 

Жалпы   ақынның   табиғат   көркемдігін   толайым   сезініп,   көңіл   толқуларын   сөзбен 

жеткізудегі   шеберлігін   оның   «Желсіз   түнде   жарық   ай»   өлеңінен   көруге   болады.   Осы 

құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің 

қуаттылығын   өлеңдегі   «сәулесі   суда   дірілдеп...,   тасыған   өзен   күрілдеп...,   жапырағы 

сыбырласып...,   құлпырған   жасыл   жер   жүзі»   деген   сөздерден   көреміз.   Мұнда   да   ол 

табиғаттағы   көріністерді   адамдар   арасындағы   қарым-қатынас   пен   жүріс-тұрысымен 

астарластырып, қабыстыра келтірген, мысалы:

Таймаңдамай тамылжып,

Бір суынып, бір ысып.

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып. 

Соңғы   тармақтан, әрине, ақын қыз туралы айтып тұрғаны, «сөз айта алмай бөгеліп» 

ақынның өзі не болмаса сол сынды жігіт туралы деп ұғынуға болады.

Адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын табиғатпен қатарластыра суреттеу ақын 

шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады, мысалы, «Тоты құс түсті 

көбелек» өлеңінде ол сондай сан алуан бояулармен құлпырған көбелекті көркем және табиғат 

құбылыстарын адам өмірімен сипаттауда осы өлеңінің астарында балалық, жастық шақты 

жазғы табиғатпен салыстырмалай келе «бәйшешек солмақ... көбелек өлмек» деп келеді де 

адам өмірімен астарластырып адамзатқа керек нәрселерді санап шығады: «сүймек, сезбек, 

кейімек, харекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек» деген соңғы шумағы адам мен 

табиғат   арасындағы   ерекшелікті   көрсетеді.   Осы   жерден   адамның   ішкі   жан   дүниесі   мен 

сыртқы іс-қимылы арасындағы байланысы табиғатпен астарласа келіп заман, қоғам, әлем 

секілді  макроортаға араласып, ұштасып жататынын көреміз:

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек. 

Бұл өлеңінде көптің ішіндегі жеке адам немесе бүкіл бір дәуір не замандағы    жеке 

адамның     мінез-құлқын     сипаттаған.     Заманға     ілесе     алмаған   адамның   ұсқынсыз   кейпі 

өлеңмен   беріліп   отыр.   Жан   рахатын   табиғаттан   іздегендігін   біз   «Қансонарда   бүркітші 

шығады   аңға»   өлеңінен   көреміз.   Бұған   дәлел   ақынның   осы   өлеңін   алдымен   оқығандағы 

алғашқы әсері туралы сөз қозғағанда студенттердің аузына түскен алғашқы сөз «аппақ, әлі 

ешкімнің ізі түспеген, жаңа жауған қар», «таудың басында бір, төмен жағында (ойда) тағы 

бір   аңшының   тұрғаны»,   «олардың   үстінде   ішік,   басында   тұмақ,   қолында   бүркіт»   дегенді 

айтысты.


Адамның  мінез-құлық   эстетикасын  ақын   шығармаларынан   іздегенде   оны   сыртқы 

сипаты, іс-әрекеті мен ым-ишарат, жаңсаулары, сөйлеген сөзінің мәнділігі, т.б. ұштастыра 

қарастыру керек. Өйткені, ақын адамның бүкіл болмысын бір-бірінен бөлмей тұтас, жан-

жақты   зерделейді.   Оның   талғамына   іліккен   қыз   сипатынан   көреміз   де   бүгінгідей 

«еуропацентрлік» ұғымға еліктеу тұсында ақынның көзқарасының оған мүлде қарама-қайшы 

болғанын   аңғарамыз,   ол:   «Иузи-рәушан   көзі   –   гәуһар»   өлеңінде   қыз   сұлулығын   шығыс 

ғұламаларынша сипаттай келе, оны көргендегі эстетикалық ләззәтін:

Кетіп қуат, йұмылып көз,

Бойың   сал-сал   бола   нигә?   -   деп   өзіне   сұрақ   қояды.   Мүмкін   ол   бұның   сұлулыққа 

құмарлықтан туған күшті сезімнің әсері – эмоция  қуаты екенін бала жігіт кезінде әлі түсіне 

бермегендігінен шығар? Не десек те, әйтеуір, эстетикалық сезімнің болғанын анық көреміз. 

Осының жалғасы іспетті  «Әліпби» өлеңінде де сұлу қыздың суретін айға, ернін шекерге, 

ақылын кемелге теңеп, өзін асыл, қас, кірпік, көзін жазу өнеріне балап, осы сұлулықтың 


эстетикалық   әсерінен   туындаған   бойындағы   сезім

 

әсерін   –   күйдірді,   мүшкіл,   сабырым 



қалмады, ақылымды тартып алды, уайым жеп, өлді ойлаңыз деген сөздермен білдірген.

Ақынның эстетикалық

 

талғамы қазіргі кезде де өз құндылығын жойған жоқ, қашанда 



қыз сұлуы – қыпша бел, қара көз, жігіт сұлуы – ойлы, еңбекшіл. Ақын жалпы адамды мінез-

құлқы мен жүріс-тұрысы, адаммен болған қарым-қатынасы арқылы бағалаған. Кім ақылды, 

мінезді, ізденгіш, еңбекшіл болса сол көркем, сол әдепті, сол асқақ. Ақынның бұл пікірлері 

адамның көркемдігі туралы ой жүгіртіп, пайымдау арқылы бағалауға мүмкіндік береді.

Ақын   шығармаларын   эстетикалық   тұрғыда   талдаған   зерттеуші   А.Тұрбекова   «ақын 

топшылауында өлең, ән, күй болмыс көрінісі болғандықтан, мұң, зар, шер өмір қайшылығын 

да  бейнелейді»  - деп  олардың  өмірмен  байланысын  жоғары  бағалаған.  Қайғы,  қасіреттен 

туындайтын   күйіну,   қапалану,   торығу,   жабырқау,   ызылану   мен   ашу   сияқты   эстетикалық 

сезімінің барлығын, менің пайымдауымша, қуаныш, сүйініштен басым бастан кешкендігінен 

шығармалары   хабар   береді.   Осыған   орай   өлеңдері   жас   буындардың   эстетикалық   сезімін 

оятуға, адам өміріндегі қайғы, қасіретті орынды бағалай білуге тәрбиелеуде ұрымтал құрал 

бола алады.

Біздің оқу пәніміз ағылшын тілі болғандықтан осы пәнге арналған сабақтарда Абай 

Құнанбаев шығармаларындағы осындай ой-пікірлерді сабақта қолдану. Бұл жерде ағылшын 

тілі   пәні   негізге   алынғандықтан,  сабақтың   білім  беру   мақсаты:   шетел   тіліндегі   сөздерді 

меңгеру,   мағынасын   дұрыс   пайымдау,   дұрыс   айту,   байланыстырып   сөйлеу,   дұрыс   аудару, 

жылдам   аудару   немесе   ойлау   және   шығармашылық   мүмкіндіктерін   дамытуда   Абай 

шығармаларын ұтымды пайдалану. 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Абай. Энциклопедия. Бас редактор Нұрғалиев Р.Н. – Алматы, 1995. – 13 б.

2. Абай Құнанбаев. Шығармалардың екі томдық толық жинағы.– Алматы: Жазушы, 2005. – Т. 

1,2. 


3. Әуезов М. Әр жылдар, ойлар.  – Алматы, 1959. – 142 б.

4. Мұқанов С. Наш Абай //Ленинская смена, 1971. - 28 май.

5. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 1995. – 207 б.

6. Жұмалиев Қ.  Абай Құнанбаев //Сөз зергерлері. – Алматы, 1966. – Б. 350-395. 

7. Сүйіншәлиев Х. Абайдың эстетикалық көзқарасы //Қазақ әдебиеті. – 1980. -18 июль. - 10 б.

8. Қалмырзаев А.С. Абайдың эстетикалық көзқарасы //Жұлдыз. – 1974. - 

9. Қабдолов З. Абайдың ақындығы. – Алматы: Жазушы, 1988. – Б. 9-42.

10. Халитова І.Р. Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 

жж.).: пед. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 1998. – 250 б.

11. Тұрбекова А. Абайдың әдеби-эстетикалық көзқарасы жайында //Қазақстан мектебі. 1975. - 

№ 7. - 93-94 б.

РЕЗЮМЕ

Кансеитова У.Р., к.п.н.

(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)

МЫСЛИ КАСАЮЩИЕСЯ ЭСТЕТИЧЕСКОЙ ВОСПИТАНИЙ В 

ПРОИЗВЕДЕНИХ АБАЯ КУНАНБАЕВА

В   данной   статье   рассматривается   природная   красота,   эстетический   вкус   и 

эстетические   мнения,   касающиеся   эстетического   характера   в   творчестве   Абая.   Цель 

использования произведений Абая развитие творческого мышления и навыков перевода.



Ключевые   слова:  красота   природы,   искусство   слова,   эстетика,   произведение,     мыслить, 

эффективное использование. 



SUMMARY

Kanseitova U.R., candidate in pedagogical sciences

(city Almaty, Kazakh State Womеn`s Teacher Training University)

THOUGHTS ABOUT AESTHETICAL EDUCATION IN WORKS OF ABAY 

KUNANBAEV

This   article   focuses   on   the   opinion   concerning   the   natural   beauty,   aesthetic   choice   and 

behavior in the Abay’s work.

Keywords: beauty of nature, art of word,

 aesthetics

, works, to think, efficient use. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет