Атлетикалық гимнастика
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.
Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай- ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Атлетикалық гимнастиканың дене қасиеттерінің дамуына үлесін қосатыны бұрыннан белгілі. Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесінде бірқатар негізгі дене қасиеттері атап өтіледі: күш, төзімділік, жылдамдық, ептілік пен икемділік дене қасиеттері қатарында күшке бірінші кезек берілуі бекер емес. Әртүрлі көріністерде көп көріне беретін адамның нақ осы күш даярлығы, адамның өзінің дене даярлығын, мұнымен қатар, денсаулығын да ең басты кейіпте көрсетеді. Бірақ, адам үшін күш қасиетін ғана дамытып, ал басқа дене қасиеттері назардан тыс қалуы тиіс деген ұғым болмау керек. Әдетте, дене қасиеттері кешенді түрде, әйтеуір бір түрінің басымдылығымен дамиды. Көбінесе, күш қасиеті жақсы дамиды.
Атлетикалық гимнастикамен айналысу адамды тек дене ғана емес, сонымен бірге, психологиялық тұрғыда да қалыптастырады. Атлетикалық гимнастикамен айналысушы спортшыларда мақсатқа жетуге деген талабы күшті, бірқалыпты, тәртіпті болатыны, оларда рухани қасиеттерінің жоғары деңгейде екенін өмірде көруге болады. Бұл адамды рухани тұрғыда да, дене тұрғысында да жетілдіреді.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Гимнастиканың негізгі міндеттері:
1. Дене қабілеттердің жан-жақты жетілдіру және денсаулық нығайту үшін адам ағзасының функцияларын жан-жақты және үйлесімді (гармониялық) дамыту.
2. Тіршілікке қажетті қозғалыс дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру және арнаулы білім беру.
3. Адамгершілік, ерік-жігер және эстетикалық сапаларын тәрбиелеу.
Көпғасырлық тәжірибе және қазіргі ғылыми жетістіктердің негізінде құрылған гимнастика дене тәрбиелеуде кең пайдаланады.
Гимнастиканың балалар мен жасөспірімдердің дене қалыптасу кезінде маңызы өте зор. Гимнастиканың әр түрлі әдістер мен амалдарын пайдалана отыра, ең табысты алғашқы дене тәрбиелеу мақсаттарын шешуге, дене қабілеттерін дамытуына негізін даярлауға, олардың функционалдық және бейімдендіру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге болады.
Гимнастиканың өте үлкен сауықтыру-гигиеналық мәні бар. Плутарх айтқандай «Гимнастика – медицинаның шипалы бөлімі». Көптеген ғалымдар мен педагогтар дене шынықтыру жаттығуларына, соның ішінде гимнастикалық жаттығуларына, үлкен маңыз беретін және оларды адамдардың тіршілік әрекет пен жұмыс қабілеттілігің арттыру және де сауықтыру мен белсенді демалыстың ең жақсы құралы деп қарастыратын.
Гимнастиканың түрлі жаттығулары өте көп, соның ішінде спорттық гимнастиканың жаттығулары, қолданбалы жаттығулары, ЖДЖ, гимнастикалық ойындар мен эстафеталар т.б., осыған байланысты онымен кәсіп спортшылар мен қарапайым әуесқойлар, балалар мен үлкендер, жастар мен қариялар, дені сау мен ауру адамдарға шұғылдануға болады.
Оларды үйде, мектепте, жұмыста немесе бос уақытта қолдануға болады. Гимнастиканың қолданбалы, эстетикалық және педагогикалық мағынасы бар.
Біздің Республикамызда дене тәрбиелеу екі өзара байланыс бағытымен іске асырылады: жалпы дайындық және қолданбалы − арнаулы (спорттық − қолданбалы, әскери − қолданбалы, кәсіби – қолданбалы) Гимнастиканың амалдары, әдістері және сабақ ұйымдастыру түрлері осы екі бағытта пайдаланады. Спорттық қызметте гимнастика 3 бөлек спорт түріне бөлінеді: спорттық, көркем және спорттық акробатика).
Гимнастика үшін типтік тәсілдері (жаттығулары) деп арнайы өңделген қозғалыстардың түрлері болып табылады. Олардың көмегімен адамның тіршілікке маңызды қозғалыс қабілеттерінің жетілдіруі іске асырылады. Осы қимыл − қозғалыстардың көбі, адамның еңбек, әскери және тұрмыс қызметінен алынған.
Дене тәрбиелеу тәжірибесі туралы ғылыми білімдердің дамуымен қозғалыс әрекеттерінен бөлек элементтері бөлініп, жаңа жаттығулар пайда болады. Олар көбінесе адамның дене сапаларын дамыту, қозғалыстың негіздерін үйрету және әртүрлі педагогикалық мақсаттарды шешу үшін қолданған. Олардың ішінде: дененің бөлек мүшелеріне арналған жаттығулар, құралдарда орындалатын жаттығулар және т.б. Гимнастиканың жаттығулары қозғалыс әрекетінің құрылысына және педагогикалық міндеттеріне байланысты келесі негізгі топтарға бөлінеді:
1. Саптағы жаттығулар – саптағы бірлескен әрекеттер. Олар тәртіптілікті және ұйымшылдықты, бірлескен әрекеттерді жасау дағдыларын, дұрыс келбетін және қарқын мен ырғақты тәрбиелеуге көмектеседі. Саптағы жаттығулар бір жағынан сабақты мақсаттанған ұйымдастыру әдістері ретінде, ал екінші жағынан олар адам ағзасын дамытатын және қалыптастыратын өзгеше қозғалыс әрекеттер ретінде пайдаланады.
2. Жалпы дамыту жаттығулар – бұл көбінесе бөлек тамырлық үзбелерінде орындалатын жаттығулар, яғни жан-жақты дене дайындық, ағзаның міндет істердің мүмкіндіктерін арттыру және дұрыс келбетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Жалпы дамыту жаттығулар бөлек бұлшық еттердің топтарына, дене мүшелеріне және барлық қозғалыс аппаратына таңдалған әсерін тигізуіне мүмкіндік береді.
3. Қолданбалы жаттығулар – жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, тепе-теңдік сақтау жаттығулар, кедергіден өту және т.б. Осы жаттығулар тіршілікке керекті дағдылар мен ептіліктер меңгеріп алуға мүмкіндік береді.
4. Еркін жаттығулар – бұл дененің бөлек мүшелерінің әр түрлі қозғалыстардың және акробатикалық пен хореографиялық жаттығулардың үйлесуі. Олардың негізгі мақсаты координациялы (үйлесушілік) қабілеттерін 6 жетілдіру, ырғақ сезімді және қозғалыстың көркемдігін тәрбиелеу. Бұлар қозғалыс мектебін қалыптастырудың тиімді тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, осы жаттығуларды қайта-қайта орындаған кезде, ағзаның функционалдық мүмкіндіктері едәуір көтеріледі.
5. Секірулер (таянып және таянусыз) – ол секіру қабілетін, аяқ, қол күшін, қозғалыстың жылдамдық пен дәлдігін, ептілік пен батылдық сезімдерін тәрбиелеу үшін пайдаланады.
6. Гимнастикалық құралдарда (арыс, темір аспа, шығыршық, бөрене, ағаш ат) орындалатын жаттығулар – спорттық гимнастиканың ең сипатты тәсілдері. Олардың негізгі міндеті – дене мен қозғалысты бағындыра білу дағдыларын жетілдіру.
7. Акробатикалық жаттығулары – акробатикалық секірулер, тепе- теңдік сақтау жаттығулар. Осы жаттығулар күш, ептілік және жылдамдық дамытуға және вестибуляр аппаратты жаттықтыруына бағытталған.
8. Көркем гимнастиканың жаттығулары – түрлі заттармен (доптар, шығыршықтар, ленталар, булавалар) би түрінде орындалатын қимыл қозғалыстардан тұрады. Гимнастика басты амалдарын адам дене дамуына әсер көрсетушілеріне қарағанда келесі топтарға бөлуге болады:
а) дене қасиеттерін және қозғалыс қабілеттерін жалпы дамуына бағытталған жаттығулар (саптағы және жалпы дамыту жаттығулар, ойындар және эстафеталар);
б) өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді тәрбиелеуге арналған жаттығулар (қолданбалы жаттығулар және секірулер);
в) ерік-жігерлік қасиеттерін және дене қабілеттерін дамытуға және нығайтуына бағытталған жаттығулар (еркін, акробатика және көркем гимнастика жаттығулары, құралдағы жаттығулар, таянып секірулер).
Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:
1. Адам ағзасына жан-жақты әсер ету. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.
3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсер тигізу. Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады.
4. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқу процесін ұйымдастырғанда жеке әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу.
5. Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т.б. Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық) мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты. Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ шешіледі
Достарыңызбен бөлісу: |