Өз бетімен болу (қасарысу) – бала қолынан келмесе де барлығын өзі жасағасы келгенде көрінедіжәне оның тәуелсіздікке бейімділігі осымен ерекшеленеді.
Наразылық - бала басқалармен соғысып жүргендей барлық мінез-құлқы наразылық сипатқа ие болумен ерекшеленеді. Бүлікті наразылық- көбіне ата-аналармен жиі болатын жанжалдарға әкеледі.
Заттарға, адамдарға, мінез-құлық ережелеріне деген бұрынғы ынтықтығының құнсыздануы. Бала осы уақытқа дейін үйде айтылмай жүрген балағат сөздерді қолдана бастауы мүмкін. Сөйлеулерінде тек барлық жаман мен теріс мағынаны білдіретін сөздер пайда болады. Жақында ғана сүйікті болған ойыншықтары мен кітаптары құндылығын жоғалтып, бала оларды лақтырып, жыртып, оларға қолайсыз теріс атауларды беруі мүмкін.
Деспотизм - бұндай қолайсыз жағдайлар көбіне жалғыз баласы бар отбасыда көрініс алып жатады. Ол қоршаған ортаны билеп-төстеуге тырысып, барлық тілектері орындалған сәби күндердегі бар дегендері «ләпбай» болып орындалатын күндерді қайтарып алуға тырысатынболады және бала үйдегі ахуалдың «патшасы» болғысы келеді.
Қызғаныш. Егер отбасында бірнеше бала болатын болса, бұл симптомды қызғаныш деп атауға болады. Бала әлі де билікке ұмтыла отырып, билікпен бөлісуге мәжбүр болған бауырластарынан қызғанышын жасырмайтын болады.
Қорытынды. Сонымен сәбилік кезеңде бала айналасындағы заттарды белсенді түрде танып, аңғарып қарай бастайды. Үлкендермен бірге айналасындағы заттарды пайдалануды үйрене бастайды. Оның басты әрекеті заттық манипуляция, алғашқы қарапайым ойын түрлері басталады. Айналасындағы заттарға зейін қойып қарайды, егерде ол жоғалған жағдайда бала оның жоғалмағандығын тек басқа жерде тұрғандығын біле бастайды. Бала сәбилік шақтың соңына қарай сурет салуғв икемделе бастайды. Жалпы айтқанда баланың таным процесі дами бастайды.