Ақтөбе қаласындағы №47 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Ш. Ашыкбаева



Дата02.05.2023
өлшемі21,38 Kb.
#88927
Байланысты:
Қазіргі мұғалім қандай болуы керек


Ақтөбе қаласындағы №47 жалпы білім
беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Ж.Ш.Ашыкбаева


Қазіргі мұғалім қандай болуы керек ?

Ұстаз болу- жүректін батырлығы,


Ұстаз болу –сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу –мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ғафу Қайырбеков

Ұстаздық -киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық. Ұстаз –бала болмысына өзгеріс енгізуші,оған бағыт бағдар беруші.Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді.Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген ,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын,бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен ,өнер –білімге құштар,аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысты ардақтайтын ,жақындарына да, жан адамдарына да әділ,жұрттын бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ер жұрек болу керек деген екен Әйтсе де, дән егіп өсіруден,балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп ,мектептен үлкен өмірге қанат қақтыру- ең қиын іс. Бала жанының бағбаны –ұстаз атану –қиынның қиыны! Олай болса, заманауи мұғалім қандай болуы керек ?


Бұл сұраққа бір жақты жауап беру қиын шығар. Мұғалім – мектептің оқу тәрбие процесін ұймдастырылатын және жүзеге асырылатын тұлға, арнайы дайындықтан өткен және педагогикалық қызметпен кәсіби түрде айналысатын адам. Адамның рухани жаңғыруы, тұлға болып қалыптасуы қоғамдағы ең маңызды әлеуменнтік қызмет және мұғалімнің тағайындалуы. Тұлғаның барлық материалдық және рухани құндылықтарды жасаушы , қоғамдағы басты рухани құндылығы ретінде қалыптасуына ықпал ете отырып ұстаздар қоғамының өшдіргіш күштерінің дамуына тікелей әсер етеді, жас ұрпақты әлемдік мәдениеттің барлық жетістіктерімен таныстыру және сол арқылы адамзаттың одан әрі ілгеріленуіне алғы шарттар жасау.
Қазіргі мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде сонымен қатар «балалар не үйрену керек» деген өзекті проблемалық сұраққа жауап іздеуде. Заманауи мұғалім еңбекке және балаларға деген сүйіспеншілдкті біріктіреді, балаларды қалай оқыту керектігін ғана емес, сонымен қатар ол өз шәкірттерін уйретуге қабілетті. Ол әр баланың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді анықтап, балалардың алған білімін ұнатуға шақыру керек, осылайша олар мектепті бітіргеннен кейін олардың қоғамдағы орынын анық түсінеді және қатысуға дайын болады. Біздің қоғамның қазіргі және болашақ міндеттерін шешу. Заманауи ұстаз – кәсіби маман, өз ісінің шебері: Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның кәсіби жарамдылығы мен анықталады, кәсіби өзін –өзі анықтау Өзін өзі дамыту ,яғни кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру. Мұғалім ретінде, мектеп басшысы ретінде менің негізгі мақсатым тұлғаның дамуы мен шығармашылығына жағдай жасау, ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңіру. Осы негізгі мақсатты жұзеге асыруда ,жаңа бағдарламалар мен технологиялар қолданамын. Соның бірі интеграциялық сабақтар . Сабақтың бұл түрінің ерекшелігі ұйымдастырылу формасы арқылы балалардың шығармашылығын ,қабілеттерін креативтілігін дамыту. Ол қазіргі балалардың қажеттілігіне жауап береді. Сондықтан әр-түрлі іс-әрекеттерді мұқият біріктіру маңызды. Кіріктірілген сабақтар барысында баланың өзіндік шығармашылығы оның жұмысы шығармашылық процеске қосылады. Қазіргі мұғалім күлімсіреп айналасындағылардың баріне қызығушылық таныта алатын адам,өйткені мектеп балаға қызықты болғанша мектеп тірі. Жоғарыда айтылғандардың барлығынан мынандай қорытынды жасауға болады: Мұғалім тек өз пәнінің маманы ғана емес , тек психолог емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға қабілетті шығармашыл тұлға. Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер- тағылымы терең өнер.Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді.Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адамда ұстаз.Себебі,шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие,кәсіп үйреткен адамның алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап өтеді. Шын ұстаз – ұстаз болуды балалық шағынан армандайды.Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтын шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім:әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім- тәрбие беру, өмірге икемдеу,адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай,өзгенің бақытын аялау »деп Мұхтар Әуезов айтқандай,уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң,еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым,толдым, мен бәрінде білемін»деп айтуға болмайды.Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Өмір бір орынында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады,осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу,оқыту үшін үнемі ізденіп,білімін,біліктілігін арттырып отыру керек.Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен,киім киісімен,сөйлеу шеберлігімен,дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. «Қазақтың қаны бір,жаны бір жол басшысы-ұстаз. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,қадірлі орын –ұстаздікі»,-деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев еді.Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса,бұл-ұстаздардың еңбегінің жемісі.Олай дейтін себебіміз ақын да,батыр да,дананы да ұстаз тәрбиелейді.Мұғалімі қандай болса,қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды.Ұстаздар өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді,бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды,сонымен қатар,ұлттың да,елдің де қоғамы қалыптасады.Әрбір шәкірттің өзі сүйген,жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде,жүрек түбінде сақталуы заңдылық.Себебі,ұстаз-баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген,күнім деген,болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Бүгінде біз жапырағын жайған ұстаздар әулетіміз десек болады. Бұл дәйек біздің мамандық таңдаудағы алғашқы жетістігіміздің бірі болды және тек қана осы жерде,балаларға тәрбие ,білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламыз деген сенім берді. «Мұғалім деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес,мұғалім деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға.Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі,ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.» Біреулер үшін бүл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін.Бұл тағы бір мұғаліммамандығының өмір екенін дәлелдейді.Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар,ол балаларға өз жүрегін сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.Л.Н Тостой жазған: «Егер мұғалім өз ісіне махаббатпен қараса ол нағыз мұғалім болмақ».Егерде мұғалім оқушыға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса,ол көп кітап оқыған,бірақ балаға деген махаббаты жоқ мұғалімнен әлдеқайда жоғары болмақ. Егер мұғалім өз бойындағы махабатты тек ісіне ғана емес , шәкірттеріне шаша білсе ол нағыз мұғалім.Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденудің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.Әрбір технология өзіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды ,инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындадып қоймай ,қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.
Сөздің соңын ұлағатты ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтайын: «Ұстаздық ұлы құрмет.Себебі,ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,егіншісін де,ұстаз өсіреді » Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз». «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды» демекші , әр кезде де мектептің жүрегі ,қоғамның тірегі бола білетін барша ұстаздарды мақтан тұтамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет