Сергіту сәті. «Қарлығаш»
-Қоян матадан жасалған.
- доп резеңкеден жасалған.
-машина пластмассадан жасалған.
-Ағаштан жасалған.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Ойыншықтың түрлерін, және олар туралы мәлімет алды, таза ұстаудың жолдарын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қуыршақты сипаттау арқылы сын есім сөздерді пайдалануды меңгерді
Меңгерді : пирамиданың бөліктерін ретімен бояу жолдарын меңгерді.
Толтырған тәрбиеші: ________
Тексерген әдіскер: ________
Күні________
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Ойыншықпен ойнату арқылы баланы сөйлету.
Мақсаты: Балаларды бір-бірімен тату дос болуды айтып түсіндіру. Достық осыдан басталатынын айту. Екі дос әңгімесін оқып айтып беру. Балалардың сөздік қорын кеңейту.
Көрнекіліктер. Ойыншықтың суреті.
Шаттық шеңбері
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
— Үйде қандай ойыншықтарың бар?
— Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар жауап береді.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?
Балалар: Ойыншықтармен ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар өте көп.
Балалар ойыншықтар резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалады. Кішкене балаларды немен ойнатады? Ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Сылдырмақты жаңа туған балаларға арнап алады. Баланың ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Ежелгі Грекияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Балалар соның куәсі болуға «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барамыз ба?
Қ/ойын: Топқа «Бұл ненің дыбысы» ойын (көлік, ұшақ, сылдырмақ)
Немен барсақ болады? Мен сендерге көлік дыбыстарын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.
Мынау ненің дауысы, дұрыс, дұрыс емес/ұшақ, машина, поез/ Балалар сендер пойыз дауысын таптыңдар, олай болса жылдам барамыз. Ал бәріміз пойызға отырайық.
Ал паровоз баста алға, Бәрімізді басқар да, Пыш-пыш, біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік, Гу-гу гуілде, қалып қойма бәрің де.
Балалар жолсерік билет тексереді. Балалар қайда барасыңдар? Ойыншықтар әлеміне барамыз. Олай болса билеттерің қайда? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, соған жауап берсеңдер «Ойыншықтар әлеміне» саяхаттаймыз.
Жұмбақ шешу.
Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау.
Ежелгі заманда ойыншықтарды саздан, ағаштан, сүйектен және металдардан жасаған. Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар, баланың қолына түскесін, әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан күйдіріп жасалған. Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Дүкен сөрелеріндегі неше түрлі ойыншықтар көп. Қазақстанға ойыншықтар30-ға жуық елдерден әкелінеді.
(Менің ойыншықтарым) Ойыншықтармен амандасайық.
Сергіту сәті:
Балалар, қараңдаршы, қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы?
Балалар: көлік, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік, мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады: қатты, жұмсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |