308Науқас 23 жаста, аралық аймағында көп мөлшерде аққірдің бөлінуін, қышыну, күйдіру белгілерін байқаған. Қойылған диагноз: Трихомонадты кольпит. Сіздің тактикасы
антимикотикалық препараттар, қынап биоценозын қалыпқа келтіру
метронидазол, қынап биоценозын қалыпқа келтіру
қынап биоценозын қалыпқа келтіру
калий перманганаты ерітіндісімен қынап ваннасы
калий перманганаты ерітіндісімен қынапты жуу
309Науқас 29 жаста, дене температурасының жоғарылауын, ішінің төменгі жағының ауруын, әлсіздігін байқаған. Етеккір циклының 5 күні ауырған. Объективті: температурасы 38,2°С, пульсі минутына 88 рет, тілі ылғал, іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынады. Құрсақтың тітіркену симтомдары жоқ. Айнамен қарағанда: из цервикальді каналадан көп мөлшерде аққір бөлінуде. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесі қалыпты деңгейде, пальпация кезінде ауырсынады, жатыр қосалқылары анықталмайды. Диагноз
метроэндометрит
эндоцервицит
сальпингоофорит
параметрит
пельвиоперитонит
310Инфекция қоздырғыштарын 100 пайызда анықтайтын әдіс
пцр тест
ифа
бактериоскопия
Вассерман реакциясы
гемокультура
311 Науқас 34 жаста соңғы жылы ішінің төменгі жағының ауру сезімін байқаған. Ауру сезімі етеккір алдында және етеккір кезінде күшейеді. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Қынаптық зерттеуде: жатыр және оң жақ қосалқылар ерекшеліксіз, ал жатырдың сол және артқы жағында 5,0*5,5см диаметрдегі, тығыз эластикалық, қоршаған тіндермен жабысқан, пальпация кезінде ауырсынатын түзіліс анықталады. Күмбездер бос. Сіздің болжам диагнозыңыз
сол жақ аналық безінің эндометриоидты кистасы
аденомиоз
сол жақ аналық безінің дермоидты кистасы
субмукозды жатыр миомасы
сол жақтық жатырдан тыс жүктілік