Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінің 3-курс студенті Исламбек Жанна Нұрбекқызына
МІНЕЗДЕМЕ Исламбек Жанна Нұрбекқызы 2006 жылы мамыр айының 27 – сі Ақтөбе қаласы, Байғанин ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Ұлты – Қазақ. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінің студенті.
Исламбек Жанна Нұрбекқызы – Ақтөбе қаласы №27 орта мектебінде 9 сыныпты «Көк аттестатпен» бітірген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжіне оқуға түсіп, қазіргі таңда 3 курс студенті.
Жанна – тәрбиелі, ашық, көңілді, сыпайы, қамқор адам. Жанында жүрген достарына әрқашанда көмек беруге дайын. Толық отбасында тәрбиеленеді. Ата – анасына көмекші, бауырларына қамқор жан. Мінезі сабырлы, байсалды, ашуға берілмейді, ақылмен шешуге тырысады, адамдармен тез тіл табыса алады, ұйымшыл және жауапкершілігі мол. Салауатты өмір салтын ұстайды. Алкоголь, темекі шегу және тағы басқа да жаман әдеттері жоқ. Бос уақытында сериал, кино, дорама қарағанды және тәтті бәліш пісіргенді ұнатады. Оқу тапсырмаларын жүйелі түрде орындайды. Есте сақтау қабілеті жақсы, оқу материалын жылдам меңгереді. 3 тілді жақсы меңгереді.
Қорытындылай келсем, Исламбек Жанна Нұрбекқызы болашақта биік белестерден көруіне беруіне, болашақта алға қойған мақсатына жететіне, жақсы маман иесі болатынына сенімдімін. Жаннаға сәттілік тілеп, оқуын үздік аяқталуын тілеймін.
Орынбасар А.Х___________
04.10.2023ж (қолы)
Ақтөбе облысының сотына Арыз беруші: Орынбасар Аяулым Хайдарқызы , 26.05.2006
тұрғылықты жері: Ақтөбе қ., Ангрэ-2 көшесі, № 43 үй
ЖСН:123456789012,
ұялы байланысының абоненттік нөмірі:
+77769669239 электрондық мекенжайы:
orynbasaraaulym90@gmail.com Мүдделі тұлғалар: «Ақтөбе қ. Білім басқармасы» ММ Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімі
мекенжайы:Ақтөбе қ., Әлихан Бөкейханов көшесі, № 17 үй
АРЫЗ Мен 2021 жылы Түгеншеев Пәленше Түгеншеұлымен тұрмыс құрдым және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша онымен бірге тұрамын.
Жұбайым №13 орта мектепте Информатика мұғалімі лауазымында жұмыс істейді және жалақысы 136000 теңге.
2022 жылдан бастап жұбайым ішімдікке салынып жүр.
Жұбайым Пәленше ішімдікке салынғанға байланысты дәрігер-наркологтың қарауында. Мен уақытша жұмыс істемеймін, осыған қарамастан жұбайым барлық еңбекақысын арақ-шарап өнімдеріне жұмсайды, мұнымен ол отбасын қиын материалдық жағдайға соқтырады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 27-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 323 бабының 1) - тармағына және 324 бабына сүйене отырып,
С Ұ Р А Й М Ы Н: Түнгеншеев Пәленше Түгеншеұлы Ақтөбе қаласында 2001 жылы қаңтардың 1-і дүниеге келген азамат әрекетке қабілеті шектеулі деп тануда.
Арызға қоса берілетін құжаттардың тізбесі: Арыздың көшірмесі;
Мемлекеттік баж салығын төлегендігі туралы түбіртек.
Неке қию туралы куәліктің көшірмесі.
Жұбайының еңбекақысы туралы анықтама.
Дәрігер-наркологтың анықтамасы.
Талапкер: Орынбасар А.Х (қолы) Күні 12.10.2023
«Алма» ЖШС директоры Түгеншеев Пәленше Түгеншеұлы бас бухгалтер Орынбасар Аяулым Хайдарқызынан
Өтініш Маған 2023 жылдың «13» қазаннан бастап «14» қарашаға дейін кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.