Ғимараттың жалпы ауданы 848,6 ш.м. болса, тақырыптық экспозиция жасақтауға 563 ш.м. бөлінді. Осы жылдың маусым айында музей директоры болып Рахила Сарсенқызы Сарсенова тағайындалады. Бұған дейін мемлекеттік қызметтерде жинақталған тәжірбиесінің арқасында музей алдында тұрған күрделі мәселелерді қысқа мерзімде шешуге күш-жігерін салды. Ғимаратты музейге лайықтау мақсатындағы күрделі жөндеу жұмыстары 1965 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ғылыми қызметкерлермен бірге білек сыбана кірісіп кеткен Рахила Сарсенқызы қала және облыс тұрғындарымен байланысқа түсіп, жасақталуы керек экспозицияға материалдар жинақтай бастады. Музей ішін заман талабына сай қайта жасақтау Орынбор шығармашылық-өндірістік шеберхасына тапсырылады.1967 жылдың 6 маусымында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанаты өтіп, оған Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қатысады.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қазақстанда археология ғылымы жаңа табыстарға қол жеткізіп, жергілікті жерлердегі музейлердің қоры өлке тарихының ежелгі кезеңінен сыр шертетін жәдігерлермен толыға түсті. Қызметкерлердің белсенділігі мен тұрғындардың қызығушылығы арқасында өңірлерде құрып кету қаупі бар және ғылым үшін маңызды ескерткіштер кәсіби мамандармен зерттеле бастады. 1955 жылы белгілі ғалым В.С.Сорокин Ақтөбе облысының Елек, Қобда, Жем, Қарғалы және Ор өзендерінің бойында қазба жұмыстарын жүргізіп, қола дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың материалдық мәдениеті мен шаруашылығына қатысты деректерді зерттеді. Бұдан кейін 70-ші жылдардың басында ерте темір дәуіріне қатысты көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақ КСР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ Оңтүстік Қазақстан кешенді экспедициясының Қаратау тобы (жетекшісі т.ғ.к. М.Қ.Қадырбаев) үш маусымда жүргізді. Жұмыс қортындысы бойынша Бесоба, Сынтас, Жалғыз оба, Камыссай қорғандарынан сармат шеберлерінің қолынан шыққан алтын бұйымдар мен тұрмыстық заттар музей қорын толықтырды.Табылған археологиялық заттарға қатысты қызығушылықтың артуына байланысты 1974 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінде қаладағы мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас археолог» үйірмесі құрылады. Үйірменің жетекшісі облыстық музейдің Ғылыми кеңесінің мүшесі, КСРО геология саласының үздігі В.В.Родионов.1980 жылы музей басшылығына Рысжан Ілиясова келгеннен кейін мәдениет ордасына жаңа дем берді. 1981 жылдың 10 қыркүйегінде облыстық музей күрделі жөндеу жұмыстарына жабылып, 1985 жылдың 5 шілдесінде табиғат және Кеңестік кезеңге дейінгі бөлім залдары ашылды. Бір жылдан кейін Кеңестік қоғам залы келушілерді қабылдай бастады. Облыстық музей қызметкерлерінің ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесінде майдан даласында Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы мен 312-ші атқыштар дивизиясының құрылуы мен ерліктерін насихаттаған экспозиция бөлімі қайта жасақталса, қорға түскен Кеңес Одағының Батыры В.И.Пацаевтың жеке тұтынған заттарымен тақырыптық экспозициясы кеңейтілді.