Атом құрылысын білу көптеген физикалық және химиялық үрдістердің мәнін түсінуге жол ашады. Атом құрылысының қарапайым моделін Резерфорд, Бор және т.б. ғалымдар жасады. Бұл модельдер бойынша әрбір атом протон, нейтрон және электрон бөлшектерінен тұрады. Протон мен нейтрон ядроны құрайды. Электрондарға қарағанда ядро ауырырақ болады. Атомның аз көлемін құрайтындығына қарамастан атомның негізгі массасы ядроға шоғырланған. Белгілі бір заңдықтылықтарға сәйкес электрондар ядроны айналып жүреді. Ядро екі санмен-атомның реттік нөмірімен (2) жеке массалық санмен (А) сипатталады. Паули ұстанымы деп аталатын заңға сәйкес электронды толық сипаттау үшін кез келген атомның электрондарын электрондық конфигурация түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін 4 квант сандары пайдаланылады. Сонымен ядро заряды 2, массалық сан А және квант сандары арқылы периодтық жүйедегі кез келген атомды сипаттауға болады. Атомдардың түрін «нуклидтер» деп атайды. Реттік нөмірлерінің (2) мәндері бірдей, бірақ массалық сандары (А) және ядродағы нейтрон сандары әртүрлі нуклидтерді «изотоптар» деп атайды. Табиғаттағы көптеген элементтер негізінен изотоптар қоспасы түрінде кездеседі.