Атомның электрондық ҚҰрылысы. Периодтық заң ЖӘне д. И. Менделеев жасаған элементтердің Периодтық ЖҮйесі



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі121,01 Kb.
#118088
  1   2
Байланысты:
3 лекция


АТОМНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ Д.И. МЕНДЕЛЕЕВ ЖАСАҒАН ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕСІ.
5.1 Периодтық заңның ашылуы
Периодтық заң – химияның негізгі заңдарының бірі. 1869 жылы наурыз айында Петербург университеті профессоры Д.И.Менделеев периодтық заңды ашты. Бірнеше айдан соң 1869 жылы желтоқсан айында неміс ғалымы Л.Майер химиялық элементтердің атомдық массаға байланысты қасиеттерінің периодты өзгеретінін көрсететін кестені жариялады.
Д.И.Менделеевтің периодтық заңға берген анықтамасы бәрімізге белгілі: «Жай заттардың қасиеттері және элементтер қосылыстары қасиеттері мен формасы атомдық салмақтарына периодты түрде байланысты болады».
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ашылар кезеңде көптеген химиялық элементтер ашылмаған, тек 64 элемент белгілі болған. Сондықтан алғашқы периодтық жүйеде бос торлар көп болды. Дегенмен бұл жағдай Д.И.Менделеевті толғандырмады, оның периодтық заңның табиғаттың негізгі заңдарының бірі екендігіне күмәні болмады. Сондықтан бос торлар әлі белгісіз химиялық элементтер үшін қалдырылған деген тұжырым жасады. Орыс ғалымы периодтық заң негізінде әлі белгісіз элементтерді болжап, олардың қасиеттерін анықтады. Мысалы, сол кезде белгісіз элементтерді экабор (скандий), экаалюминий (галий), экакремний (германий), экамарганец (технеций), двимаргенец (рений) және экатантал (гафний) деп атап, қасиеттерін жан-жақты сипаттады (Санскрит бойынша «эка» деген бірінші, «дви» екінші деген мағынаны білдіреді). Д.И.Менделеев жай заттардың және олардың қасиеттерін анықтау үшін периодтық заңға негізделген әдісті қолданды. Қандай да бір элементтің қасиеті периодтық жүйедегі топта көршілес орналасқан элементтер қасиетіне байланысты анықталады (жоғарыда немесе төменде орналасқан, сол сияқты бір периодта оң немесе сол жақта орналасқан элементтер қарастырылады).
Д.И.Менделеевтің алғашқы болжаған үш элементі (скандий, галий, германий) көп ұзамай ашылды. Осының өзі периодтық заңның табиғаттың іргетасы қаланған заңы екендігіне куә.
Д.И.Менделеев өзінің алдындағы зерттеушілер сияқты химиялық элементтер қасиетінің өзгеруіндегі периодтылықты атомдық масса мәндерімен байланыстырды. Дегенмен ол өзінің замандастарымен салыстырғанда элементтің негізгі қасиетін сипаттайтын атомдық масса емес басқадай бөлінбейтін деп есептелетін атомның ішкі қасиеті екенін түсінді. Біз осыдан ғалымның асқан ғұламалылығын көреміз. Себебі, атом құрылысы осыдан тек жарты ғасыр өткен соң ғана зерттеле бастады. Атомдық массаны негіз етіп ала отырып Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі элементтерді атомдық массаның өсі ретімен орналастырады (басқа тәсіл ол кезде болмады). Д.И.Менделеев бірнеше жерде осы реттілікті саналы түрде бұзады. Ar – K, Co – Ni, Te – J орындарын ауыстыру арқылы олардың периодтық жүйедегі орнын топтық аналогияны сипаттайтын қасиеттеріне сәйкестендіреді.
Барлық элементтердің периодтық жүйедегі олардың химиялық қасиеттерімен байланысты орны элемент атомының рет санының мәні анықталғаннан кейін ғана түсіндірілді.
1911 жылы атом ядросы теориясы құрылысы электрон ашылғаннан кейін голландия физигі А ван ден Брук келесідей болжам ұсынды: кез келген элемент атомының ядро заряды химиялық элементтің периодтық жүйедегі рет санына тең болады. Ұсынылған болжам ұзамай эсперимент жүзінде дәлелденді.
1913 жылы ағылшын физигі Г.Мозли элемент атомының рентгендік сәулелену жиілігін (ν) ядро зарядымен (z) байланыстыратын заңды ашты.
 А (Z – в)
Мұндағы А және в – тұрақтылар, барлық химиялық элемент атомдары зарядын эксперимент жүзінде анықтау мүмкіндігі ашылды, ал А және в тұрақтылары атом физикасында бір электрондық қабаттың екінші қабат электрондарымен көлегейлену тұрғысынан есептеліп шығарылды.
Нәтижесінде ван ден Брук жорамалдағандай периодтық жүйедегі химиялық элементтердің рет сандары атомдардың ядролық заряд мәндерін көрсететіні айқындалды. Осылайша атомның рет санының физикалық мәні ашылды, элементтер периодтық жүйеде атомдардың ядро зарядтарының өсу реті бойынша орналасады. Қазір периодтық заңға келесідей анықтама берілген: «Жай заттардың қасиеті, сол сияқты элементтер қосылыстарының қасиеттері мен формалары элементтің ядро зарядының шамасымен периодты түрде байланысты».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет