1924 жылы Луи де Бройль корпускулалық – толқынды нанымды ұсынды, яғни кез-келген микробөлшектің қозғалысы толқындық үдеріс ретінде қарастырылады. Де Бройль қатынасты қорытты. Электрон өзін әрі бөлшек ретінде де, әрі толқын ретінде де көрсететіндігін айтуға болады,корпускулалы-толқынды дуализмдік қасиетке ие. Бір жағынан алғанда бөлшектер ретіндегі электрондар қысым туындатады,келесі жағынан, қозғалыстағы электрондар ағымы толқындық құбылысты байқатады. Мысалы:электрондардың дифракциясы.
Кванттық сандар
Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды ) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды.
Атомдағы электронның кез келген тұрақты күйі белгілі квант сандарының мәнімен сипатталады. Квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь ( АО) деп аталады.
Атомдағы электронның кез келген тұрақты күйі белгілі квант сандарының мәнімен сипатталады. Квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь ( АО) деп аталады.
n – (бас квант саны ) атомдағы электронның энергиясын және энергетикалық деңгейін, яғни АО өлшемін анықтайды. Бас квант саны 1- 7 мәндерін ( периодтық жүйедегі период номеріне сәйкес) қабылдайды.
l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды,мәні 0 – ( n - 1 ) қабылдайды. l = 0,1,2,3 сәйкес атомдық орбитальдар s- , p-, d-, f – орбитальдар деп аталады.
l = 0 .... п – 1
n = 1, l = 0 (s)
п = 2, I = 0, 1 (s, p)
п = З, I = 0, 1, 2 (s, p, d)
п = 4, I = 0, 1, 2, З (s, p, d, f)
l = 0 болса, электронның пiшiнi шар, l =1 болса, гантель,