Қатты дененің қозғалыс тендеу. Эйлер тендеуі. Қатты денің динамикасы.
Қатты дененің динамикасы
Жалпы өмірде кездесетін жағдайда дененің деформациясын елемеуге болатын немесе дененің екі нүктесінің (яғни екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермей сақталатын денелерді абсолют қатты денелер деп айтамыз. Абсолют қатты дененің қозғалысы ілгерілемелі қозғалыс және айналмалы қозғалыс болып келеді.
Ілгерілемелі қозғалыс
Ілгерілемелі қозғалыс.Қаттыдененің ілгерілемелі қозғалыс деп денеден жүргізілген және онымен өзгеріссіз байланысқан кезкелген түзу сол қозғалыс кезінде өзіне-өзі параллель болып орын ауыстырып отыратын қозғалысты айтады. Ол түзу сызықты, қисық сызықты болуы мүмкін. Қозғалыстың бұл түрінде дененің барлық нүктелері ұқсас траектория сызады. Сондықтан дененің қозғалысын кинематикадағыдай суреттеу үшін, оның кез келген нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті. Өйткені ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктелерінің жылдамдықтары (v) , сол сияқты үдеулері (a) де бірдей болады. Бірақ дененің қозғалысы ілгерілемелі болмаса, онда қозғалыстың ілгерілемелігін кез келген нүкте емес, белгілі бір нүкте – масса центрі сипаттайды.
Айналмалы қозғалыс деп абсолютті қатты дененің барлық нүктелерінің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысын айтады. Айналмалы қозғалыс кезінде қатты денелердің барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалады, олардың центрлері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында жатады. Айналу осі жылжымалы да және жылжымайтын да болуы мүмкін.
Айналмалы қозғалыс
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі ұғымдары: импульс моменті, күш моменті, инерция моменті. Қозғалмайтын оське қатысты айналып қозғалған қатты дененің динамикасының теңдеуі
Күш моменті
Күш моменті – күштің тікелей айналдырушы әсерін анықтайды
Кайсыбір оське қатысты күш моменті деп, күш модулінің осы оське қатысты иініне көбейтіндісін