210
малды атайды: жылқы, түйе, қой, сиыр. Олар дүниенің төрт бұрышын, төрт стихияны, төрт
бағытты, адамның төрт түрлі мінезін білдіреді. Осылардан басқа əр жануардың жалпы өзін-
дік мінезі, басқалардан өзгешелік нысаны бар. Жылқы – жоғары əлем, қой – материалдық
əлем, яғни жер, сиыр – о дүние, өлілер əлемін білдіреді. Ал, түйе бұлардың барлығын жи-
нақтап байланыстырып тұратын төртінші бірлік – ғарыштың символы» [1, 32б.].
Халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дəріптеп, бүкіл өмір
тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани-мəдени өмірін, əдет-ғұр-
пын солармен байланыстырады. Төрт түлік мал туралы «Жылқы – желден, түйе – сордан,
сиыр – судан, ешкі – тастан, қой – оттан жаралыпты» деген мифтік нанымдар ауыз əдебиеті
үлгілерінде, ел арасында ежелден бар көрінеді. Мұнымен қоса ел ішінде кейде «түйе – күн-
нен, ешкі атасы шығыпты шырмауықтан» деп сипатталады. Мысалы, «қой – бейіштен, қой –
көктен, қой атасы жантақтан өсіпті, қой – меккеден шығыпты» деген де сөз бар. Бұл аталған-
дардан ата-бабаларымыздың қой түлігінің шығу тегін тек отпен ғана емес, аталған тұтас
төрт тектің бəрімен байланыстыратынын көреміз.Төрт түлік малдың пірлері, иелері туралы
Н.Мыңжанұлы: «Қазақ қауымы өзі баққан төрт түлік малды бағып-қағып өсіріп, қорғап-қол-
дап жүретін иелері бар деп білген. Бұл ұғымның ұйғарымынша төрт түліктің иелері – олар-
дың атам заманда жаралған ең алғашқы ата-бабалары. Қазіргі төрт түлік мал – солардың
ұрпақтары. Бұлар Шопан ата, Жылқышы ата, Қамбар, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Шекшек ата
деп аталады» [2].
Этнолог-ғалым Халел Арғынбаев төрт түліктің пайда болуы, шығуы туралы ойын былай
таратады: «Халық арасына кең тараған аңыз бойынша, жер бетін топан су қаптап, бүкіл адам-
зат, жан-жануар апатқа ұшырағанда Нұх пайғамбар əрбір жəндік иесінен бір-бірден тұқым
сақтау мақсатымен оларды кемесіне отырғызып басын су шалмаған Қазығұрт тауына келіп
тұрақтапты-мыс. Міне, сол Қазығұрт тауына əкелінген «қатпа тайдан», «жетім ботадан»,
«жалғыз танадан», «жұрын тоқтыдан» төрт түлік өсіп-өніпті-міс. Мұнымен бірге əр түлік-
тің өзіне тəн ерекшеліктеріне қарай оларды қиялмен «табиғаттың əртүрлі құбылыстарынан
жаралды» деп гиперболалық түрге айналдырған»[3]. Мұның барлығы адамдардың мифоло-
гиясының жемісі, жануарлар культтерінің пайда болған уақытындағы, төрт-түлікке, яғни жа-
нуарларға, олардың тылсым күштеріне, сөз киесіне сенуден шыққан бас июдің көрінісі.
Мифологиялық лексика негізінен ертегілерде, аңыздарда, мифтерде, эпостық жырларда,
т.б. фольклорлық жанрларда қолданылады. Солардың негізінде төрт түлік малға қатысты ми-
фонимдердің этимологиясына тоқталып өтсек.
Достарыңызбен бөлісу: