Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет218/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   255
Байланысты:
zhinak

лингвистикалық ұстанымдар жүйесі де басшылыққа алынды. Осыған орай мынадай қағи-
далар айқындалады: 

когнитивтік ұстаным

контекске үйрету

қошеметтеу

стратегиялық қуаттылық

ішкі сезімдерге байланысты ұстаным


383

тілдік «мен» ұстанымы

өзіне-өзі сенімділік ұстанымы

мəдениет пен тілді байланыстырып оқыту ұстанымы

тіл аралығы ұстанымы

коммуникативтік құзырет.
Қ.Қадашева қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту барысында қолданылатын оқыту құрал-
дарын былайша жүйелейді:
1. Оқытушы үшін оқу құралдары:
- мемлекеттік білім беру стандарты;
- оқу бағдарламасы;
- оқытушыға арналған кітап;
- əдістемелік əдебиет. 
2. Тіл үйренуші үшін оқу құралдары:
- оқулық; - оқу кітабы;
- тіл дамытуға арналған оқу құралы;
- сөздік; - жаттығулар жинағы.
3. Аудиовизуалды оқу құралдары:
- видео; - аудио;
- компакт-дискіге жазылған электронды құрал [1].
Қазақ тілін сапалы оқып-меңгеруі үдерісін жобалай оқыту технологиясы арқылы ұй-
ымдастыратын əдістемелік жүйеде осы бағыт ұсталынды.
Дидактикада «əдіс» жəне «амал», «тəсіл» деген ұғымдар белгілі. Ғалымдар Ф.Оразбаева 
мен Қ.Қадашева осы ұғымдарды айырып танып қана қоймайды, жаттығулар мен тапсырма-
лар жүйесінде студенттердің орындайтын амал-тəсіл жолдарын да айқын береді. Ф.Оразба-
ева осы ұғымдардың аражігін айқындап, əрқайсысының орны мен рөлін ғылыми негіздеп 
берсе[2], Қ.Қадашева ғылыми монографиясында 22 амал-тəсілдің түрін көрсетіп, студенттің 
қазақ тілін сапалы меңгеруіне қажетті əдістерді былайша топтастырады:
- үйретудегі мотивацияны тудыру əдістері;
- кешенді түрде оқу-танымдық əрекетін ұйымдастыру əдісі;
- үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау əдісі [1].
Негізінде, əдістердің қолданылуы жаңа əдістердің жасалуын емес, олардың өзара түр-
лі позицияларда орын ауыстыра келуімен байланысты түрлі нəтижеге жетуге болатынын 
Н.Құрманова да атап көрсетеді. Əдістердің комбинаторлық қолданысы деп атай отырып, 
Н.Құрманова «олардың барлығы, жинақтала келе, теориялық таным əдістері деп аталады»,- 
дейді. Оның қатарына:
- анализ;
- синтез;
- индукция;
- дедукция;
- эксперимент;
- модельдеу;
- бақылау;
- салыстыру;
- жіктеу;
- практикалық;
- сауалнама жүргізу; 
- тестілеу əдістерін жатқызады [3].
Осылардың қатарына мынадай əдістерді іріктеп қосып, соның негізінде қазақ тілін са-
палы оқып-меңгеруі үдерісін жобалау технологиясы арқылы ұйымдастыруға оң ықпал еткен 


384
əдістер жүйесін саралауға ұмтылыс жасадық. Атап айтқанда:

қазақ тілін сапалы меңгеру ұстанымы негізіндегі əдістер;

жазба сауаттылықты қалыптастыру əдістері;

студенттердің ғылыми ізденістерін ұйымдастырудағы тарихи проблемалық əдіс;

əдістерді кешенді қолдану ұстанымы негізіндегі əдістер комбинациясы;

компьютерді ішінара қолдану əдісі;

жеңіске жету жағдаятын қолдану əдісі;

эвристикалық əдіс.
Жобалай оқыту технологиясын қолдана отырып қазақ тілін сапалы меңгерту жолының арнау-
лы əдістері бойынша ұйымдастырылған жұмыс кезеңдері деп мыналарды атап көрсетуге болады:

студенттің алға қойылған зерттеу жұмысынан туындайтын проблеманы дұрыс ай-
қындауы;

проблеманы шешуде аса маңызды болатын болжам қоюы;

зерттеу əдістерін талқылауы;

зерттеу жүргізу логикасын тануы;

нəтижелерді көрнекілеуі;

алынған мəліметтерді талдауы;

қорытынды жасауы;

түзетулер жасауы;

тұжырымдар жасауы;

«ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» өткізуі;
- нəтижелер бойынша статистикалық есептер жасауы;
- түпкі нəтижені толығымен тексеріп, ортаға салуы.
Бір жағынан қарағанда, осы көрсетілген алгоритмдер іс-əрекет жүйесіне сай келеді де, 
осы жүйемен жүрудің өзі студенттердің осы əдістерді меңгеру нəтижесін танытады. 
Жобалай оқыту технологиясы тілді оқыту үдерісінде тіл үйренуші мен оқытушының өза-
ра бірлесе атқаратын жұмыстарының нəтижесінде белгілі бір межеге мақсатты түрде жетеді. 
Осы үрдісте оның тірек ететін нəрсесі қазақ тілінен жинақталған қор болады. Сол қорды пай-
далана алу мүмкіндіктері студенттің соңғы нəтижеге жету деңгейін өлшеуге тірек етіп алы-
нады. Осы жердегі «субъект-субъектілік» қатынас білім сапасын арттырудың жолы болып 
танылады. Ынтымақтастық педагогикасының қағидалары басшылыққа алынып, екі жақтың 
да көздеген межеге жетуіне кепіл болады.
Қазақ тілін гуманитарлық бөлімде оқытудың тиімді нəтижеге жетуі негізінен оқытушы 
мен студенттің өзара қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Оның үстіне қазақ тілін оқы-
тудың басты əдісі ретінде жобалай оқыту технологиясы қолданылатын болса, онда бұл жерде 
оқытушы мен студенттің қарым-қатынасындағы түрлі байланыстар, қатынастар мен эмоцио-
налдық сезімдері айқын байқалып, оның жағымды қырдан танылуына екі жақтан да ықылас 
болуы жəне бақыланып отырылуы аса маңызды шарт болмақ.
Дəстүрлі оқыту жүйесінде оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы «оқытушы — əр-
дайым талап етуші», ал «студент — əрдайым бағынышты, талапты орындаушы» моделінде 
келетін болса, жобалай оқыту технологиясы жүйесінде оқытушы мен студент көбінесе серік-
тестік қатынаста бірігетіндей болып ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет