Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Пайдаланылған əдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет219/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   255
Байланысты:
zhinak

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1.Қадашева Қ. Қазақ тілі:оқытудың тиімді əдістемелері.– Алматы,2000.–166 б. 
2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы жəне əдістемесі.– Алматы, 2000. – 208 б.
3. Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын да-
мыту əдістемесінің негіздері. – Ақтөбе, 2001.– 300 б.


385
ТАРИХИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
Асипбек М.К 
Абай атындағы ҚазҰПУ 6М012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ 
тілі мен əдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты, 
Сатемирова Д.А 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ əдебиеті кафедрасының аға 
оқытушысы 
Аннотация.
Бұл мақалада, əдебиет сабағындағы ең басты мəселе бұл балаға тарихи шығармаларды 
оқыту болып табылады. Яғни, тарихи шығармаларды балаларға қалай оқытқан дұрыс, қан-
дай əдіс арқылы оқытамыз осы мəселе қарастырылады.
Еліміздің өз тəуелділігіне қол жеткізіп, саяси - əлеуметтік жəне экономикалық дамудың 
жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тəрбиелеу - негізгі міндет-
тердің бірі.Əлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау 
оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дəрежеде дамуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев ел халқына Жолдауында «Қазақтың 
ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі»[1, 22] - 
деп атап көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту жəне қазіргі 
уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың 
сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тəрбие 
идеяларының санасына дарытуда əдебиеттің алатын орны ерекше.
Əдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың тарихи шығарманы 
қабылдауы, одан əсер алуы, тарихи туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері 
жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың 
ең тиімді деген əдіс – тəсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем 
шығарманы қабылдау белсенділігін, əсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көр-
кемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тəрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыла-
сты, биік талғамды қалыптастыру; əдеби мұраны жəне онда бейнеленген құбылысты эстети-
калық қабылдауына қажетті білім жəне біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі 
жəне жазбаша тіл мəдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қа-
лыптастыру болып табылады.
- тарихи шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстети-
калық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, 
білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл 
мəдениетін қалыптастыру жəне дамыту, өзіндік ой – пікірін дəйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Тарихи шығармаларды оқыту əдістемесін зерделеуде, ең алдымен, бұл үдерістің жалпы-
педагогикалық жəне жеке əдістемелік негіздерін жаңа инновациялық оқыту талаптары не-
гізінде жүйелеп қалыптастыру керек.
Тарихи шығармаларды оқытудың дидактикалық негіздерін анықтауда жалпыдидактика-
лық мына ұстанымдар басшылыққа алынады:
Тарихи шығармаларды оқытудың ғылымилылық ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың жүйелілігі жəне жоспарлылығы ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымы;


386
Тарихи шығармаларды оқытудың қолжетімділік ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың пəнаралық байланысы ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың көрнекілілік ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың инновациялылық ұстанымы;
Тарихи шығармаларды оқытудың тəрбиелік ұстанымы.
Бұл жалпыдидактикалық ұстанымдар – тарихи шығармаларды мектепте, жоғары оқу 
орындарында т.б. оқу орындарында оқыту үдерісінің басты қағидалары ретінде танылады.
«Əдіс» – əдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын оқу-таным-
дық іс-əрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған əдіс арқылы оқушы жаңа білім 
мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүни-
етанымдық көзқарасы қалптасады.
Тарихи шығармаларды оқыту əдістерінің жіктемесін тануда сюжеттік-композициялық 
талдау, бейне, стильдік талдау, шығарманың тарихи талдануы, шығарманы жазушының 
шығармашылық қызметі аясында жəне басқа жазушылар шығармашылығымен салыстыра 
қарастыру сияқты тағы басқа əдіс-тəсілдер алдынғы орында тұратыны белгілі.
Тарихи шығармаларды оқытуда қолданылатын сапалы əдістер осы əдістің кішкене құра-
ушы элементтері болып табылатын амал-тəсілдердің алгоритмдік қолданысы арқылы жүзеге 
асырылып қолданылады. Тарихи шығармаларды оқытуда қолданылатын əдістерді былайша 
жіктеуге болады:
эвристикалық əдіс;
ізденіс əдісі;
репродуктивтік əдіс;
продуктивтік əдіс;
Эвристикалық əдіс – орта мектеп оқушыларына тарихи романдарды танытуда бірден-бір 
дұрыс əдістің бірі болады. Өйткені бұл тақырыптағы қазақ əдебиеті – оқушылардың осыған 
дейінгі меңгерген əдеби білімінің кеңейтілген, жоғарылаған, ғасырлар бойғы ата-бабаның 
мұрат етіп аңсаған арманының жүзеге асырылған кезеңінің бейнесін сомдаған əдебиет.[2-86 
б] Эвристикалық əдіс арқылы көркем əдеби шығармаларды танып-талдау барысында оқушы-
лардың сезімдік көркемдік қабылдауы санада терең иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың 
интеллектуалдық дамуы қарқындай түседі.
Ізденіс əдісі – білім беру үдерісінде ерекше мақсатты көздейтін əдіс түрі. Ізденіс əдісін 
қолданушы мұғалім тарихи романдар болмысындағы өзіндік белгілер мен жаңа қырларын 
ашатын жəне осы кезеңге дейінгі қазақ əдебиетінде болмаған жаңаша құбылыстар мен өзге-
шеліктерді танытатын амал-тəсілдерді қолдану екендігін жақсы түсінуі керек. Қазақ əдебиеті 
тарихының осы кезеңге дейінгі даму барысындағы көркем туындылардағы еркіндік пен тəу-
елсіздік деген идеяның қолға бақыт құсындай қонғандығы оқушыларға ашық та еркін əңгіме 
барысында түсіндіріледі.
Репродуктивтік əдістер – тарихи романдарды оқытудың тиімді əдістерінің бірі болмақ. 
Репродуктивтік немесе көшірмелік əдіс арқылы мұғалім оқушыларға даяр білім мазмұнын 
жеткізеді. Негізінде, əдебиет сабақтарында репродуктивтік əдіс үлкен орын алады. Өйткені 
дайын көркем шығарма мəтінін оқу, түрлі талдаулар жасап, тапсырмалар орындау жұмыста-
ры репродуктивтік əдіс арқылы жүзеге асырылады. 
Продуктивтік əдіс – оқушының əдеби шығармаларды оқып-меңгеруі барысындағы 
жаңашылдыққа ұмтылысын ынталандыратын, өзгеріске толы заманның ағымында тез бағдар 
таба алатын, проблеманы көре алатын жəне оны шешуге қорықпай, шешім жолын іздеп таба 
алатын, ереше/оригиналды жəне шығармашылыққа толы идеяларды табуына ықпалын тигі-
зетін əдіс. 
Тарихи шығарманы, соның ішінде Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын 
талдағанда, репродуктивті əдістің тиімділігі көп. 


387
Романнан үзінділер оқып танысу.
1. Шыңғысханның балаларына өсиеті
2.Абылай мен Бұқар жырау
4. Уали сұлтанның баласы Абылай
3. Батыр Баян мен Ноян
4. Абылайдың ақ бурасы
5. Абылайдың түсі
6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші 
7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы
Венн диаграммасы
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?
2.Жазушының қандай кітаптары бар?
3.«Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіп-
керлердің іс-əрекеттері мен көздеген мақсаттары
4. Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?
Репродуктивтік əдістің тиімді болып табылатын құраушы элементтері яғни мынадай 
амал-тəсілдерін атап кету орынды: мұғалім сөзі, баяндау, əңгімелеу, мазмұндау, шолу дəрі-
стері, хрестоматиядағы көркем шығарма мəтіні, əдеби шығарманың түпнұсқасы, сұрақтар 
тізбесі, викториналар т.б. Сонымен қатар, интерактивтік тақтадан көрсетілетін көрнекіліктер 
молынан қолданылған дұрыс.
Бүгінде оқытудың жаңа технологиялары кеңінен қолданылуда. Жаңа стратегиялар мен 
оқытудың жаңа технологияларының көбі Қазақстанға «Сорос-Қазақстан» қоры тарапынан 
ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасының жобасы 
арқылы жетті. 
СТО жобасының инновациялық мүмкіндіктері негізінде оқушыларды шығармашылыққа 
баули оқытудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жаңашыл көзқарастағы 
шығармашылыққа бейім ортаны қалыптастыру.[3-55б] 
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігін жырлайтын, оқырманын 
еркін елдің азаматы дəрежесін көтере отырып, жан-дүниесін рухани қазынамен байытатын 
тарихи романдарды мектептерде оқыту əдістемесі жаңа даму сатысына көтеріліп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет