Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет113/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   255
Байланысты:
zhinak

Модустық дискурстарға көркемдік дискурс, аксиологиялық дискурс (саяси жəне құқықтық 
дискурс, адамгершілік құндылықтарының дискурсы, діни дискурс, экзистенциалдық құн-


178
дылықтар дискурсы), күнделікті қарым-қатынас дискурсын (отбасылық дискурс, достық қа-
рым-қатынас дискурсы) жатқызады [2, 641-643].
Біздің қарастыратынымыз саяси дискурс. Саяси дискурстың алға қойған міндеттері:
а) азаматтардың мəселені түсінуін анықтау; 
ə) қанағаттанарлықтай нəтижелерге жету үшін мəселені қандай қадам жасау арқылы ше-
шуге болатынына байланысты азаматтарға көмек көрсету; 
б) азаматтардың саяси процесттерге белсенді қатысуын арттыру жəне 
в) болашақ ұрпақпен қарым-қатынастың дұрыстығы, яғни олар келешекте белсенді аза-
маттар болуы тиіс.
Саясат пен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Саяси тілдің қарапайым тілден айыр-
машылығы:саяси лексика терминологияға бейім, ал күнделікті, саяси емес тілдік белгілер 
əрқашанда қарапайым тілдегідей қолданылмайды;
дискурстың ерекше құрылымы;кейде сөйлеу тəсілдерінің өте ерекше нəтижесі; дискур-
стың дыбыстық жəне жазбаша көркемделуі де ерекше [3, 50].
Саяси дискурс жаңа лингвистикалық технология, радио, теледидар жəне ғаламтор секілді да-
мулармен сипатталады. Осылайша саясаттың кеңеюіне, дамуына жəне өсуіне мүмкіндік беретін 
жаңа дəуір пайда болады. Бір жағынан, лингвистикалық технологияны қолдану саясаткерлерге кең 
ауқымды əлеуметке, екінші жағынан, саясаткер əр сөзіне абай болу керек, себебі ол ары қарайға 
дамуына өз септігін тигізеді. Əр саясаткердің өзіндік стилі жəне дискурстық шектеуі болады. 
Саяси дискурстың анық емес жағы, белгісіз қауым алдында өте күшті жəне нақты сөз 
дайындау керек. Аудитория алдындағы сөз – бұл бір жақты дискурс. 
Саяси дискурс – əлеуметтік мəселелерді шешу жолындағы жасалатын ресми қадамдар. 
Ол шешім қабылдау үшін бүкіл азаматтардың қатысуына, өзгелерді үгіттеуге (дəлелді ақпа-
рат пен логика арқылы), сонымен қатар, əлеуметтік мəселелерді шешкенде қандай қадамдар 
тиімдірек екенін анықтауға арналған. Саяси дискурс тəуелсіздік жағдайда шешім қабыл-
дайтын амал түрі. Қабылданған шешімдер дегеніміз- таңдау нұсқасының қай түрі көбірек 
мақұлданатынын байқауға негізделген [4, 51].
Заманауи саяси дискурстағы саясаткерлер өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін 
саяси имиджмейкерлер көмегімен түрлі лингвистикалық технологияларды қолданады, сен-
діру процестері немесе райынан қайтару секілді. Олар сөз сөйлеуге арналған түрлі мəтіндер 
дайындау барысында тек терең мағына мен əлеуметтік əлемді ғана қолданаып қоймай (құн-
дылық, сендіру). Олардың тіл білулері биліктегі құзыретін күшейте түседі. Дискурста билік 
атауы орын алатындықтан, саяси дискурсты – саяси күрес деп қарауға болады. 
Мұхтар Шахановтың «Мемлекеттік тіл мəртебесі бүкілхалықтық қолдауға мұқтаж» деп 
аталатын мақаласынан мысал қарастыра кетсек:
Егеменді еліміздің қайтсек көсегесін көгертеміз? Қазіргі заманның басты талаптары-
ның бірі осы болса, оны жүзеге асыру үшін ең алдымен мемлекеттік тіл мəселесін біржола-
та шешуіміз қажет. Тілсіз егемендік – жартыкеш, бабасыз, анасыз егемендік. Қарнымы-
зды тойдыруды кез келген елге барып шешуге болады. Ал қазақ тілі арқылы келетін рухани 
азықты ешбір елден таппайсың. 
Еліміз егемендікке қол жеткізгенімен, тілдік егемендікке қол жеткізілді деп əлі толық 
айта алмаймыз. Егер тіліміз кетсе, онда қазақы түріміз, қарнымыз жəне сол қарнымыздың 
мүддесі ғана қалады (Е.Қ. 07.01.2010.).
Мақала тақырыбының өзі саяси мазмұндағы мəтін екендігін көрсетіп, елдегі тіл мəсе-
лесі үлкен, əлі де шешімін таппаған мəселелердің бірі екендігін көрсетеді. Бұл мəтіндегі қа-
рым-қатынас мазмұны саяси тақырыптағы күнделікті қарым-қатынасқа негізделген.
Алғыр саясаткерлер сөздің мəніне аса үлкен назар аударады. Сөз бен басқа да тілдік бір-
ліктерді өзінің сөйлеу мəнерінде бақылауда ұстап, дұрыс қолдана білетін маман саяси дис-
курсты сенімдірек етіп, қыздыра түседі.


179
Қорыта келе, лингвистикадағы ауқымды орын алатын ұғымдардың бірі – «саяси дис-
курс». Саяси дискурстың қамтитын мəселесі өте көп, бірақ ең бастысы мəселені тыңдарманға 
дұрыс жеткізе білу жолын іздестіру. Сонымен қатар, саяси дискурсты жүргізу барысында 
туындайтын түрлі мəселелер: конструктивті дау, негативті сенімдер, деструктивті сенімдер, 
саяси əлеумет, идеологиямен байланысы, психологияның байланысы, дау мəселесі, келіспе-
ушілік, бірін-бірі құрметтеулер. Мұның бəрі саяси дискурстың ерекшеліктері. Саяси дис-
курста «сенім» мəселесі мен «дəлел» маңызды орын алады, себебі бұқара халық осылардың 
арқасында өз таңдауларын жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет