Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұ



Pdf көрінісі
бет151/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   255
Байланысты:
zhinak

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық 
бағдарламасы арқасында шет елдің озық оқу орындарынан тағлымнамадан өтетін педагог-
тар, студенттер мен магистранттар қатары жыл санап артып келеді. Сондай-ақ, АҚШ, Поль-
ша, Ұлыбритания, Болгария, Франция, Түркия, Қытай, Ресей елдерінің ғалымдары Қыздар 
университетінде дəріс оқып, шеберлік сыныптарын өткізуде.
Академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша біздің студенттерімізге отандық жəне ше-
телдік ғалымдар шақыртылып, арнайы дəрістер мен шеберлік сыныптары өткізіледі. Бұл 
олардың таңдаған мамандықтарын толық игеруге жасалып жатқан күш. 
Университетте өз мамандықтары бойынша ағылшын тілінде дəріс тыңдай алатын топ-
тар да бар. Қазірдің өзінде «Информатика», «Математика», «Биология», «Химия», «Физи-
ка» мамандықтарының студенттері негізгі пəндерді ағылшын тілінде оқып жатыр. Ағылшын 
тілінде дə ріс оқи алатын ұстаздардың бі лік тілігін арттыру мақсатында бел сенді жұмыстарда 
сапалы жүргізілуде. Осындай жаңалықтар бүгінгі Қыздар университетінің қалыптасқан игі 
дəстүрлер мен инновацияларды тиімді біріктіре білген жаңашыл оқу ордасына айналғанын 
білдіреді.
Біз, білім беру саласының өзекті мəселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам 
қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дəуірде өмір сүріп жұмыс 
істейміз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық жəне коммуникативтік құзыретілікпен қатар 
көпмəдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласы-
ның негізгі құзыреттілігі жəне жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттар-
дың бірі болып саналады. Көпмəдени жəне көптілді білім беру мəселесінің өзектілігі бүкіл 
əлемнің экономикалық, мəдени жəне саяси салаларының интеграциясына бет алуымен тығыз 
байланысты. Біздің тануымызша, көптілді білім беру бірнеше тілді қатар оқу арқылы арнайы 
білім алу жəне əр түрлі елдер мен ұлттардың тарихи-мəдени жəне əлеуметтік тəжірибелерін 
меңгеру жəне соның көмегімен əлемдік мəдениетке мақсатты түрде қосылу үдерісі. Жоғары 
білім беру үдерісіне қазақстандық қоғамда болып жатқан барлық өзгерістер (саяси, əлеумет-
тік, экономикалық) белгілі бір дəрежеде ықпал етіп отыратыны сөзсіз.
Экономиканың əлемдік жаһандануы, отандық білімнің əлемдік білім үдерісіне кірігуі, 
кадрлардың бəсекеге қабілеттілігі, олардың академиялық ұтқырлығы көбіне көптілде сөй-
леу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Бұл мəселе елдің индустриалды-инновациялық даму 
жағдайында айрықша өзектілікке ие болмақ. 
Егемен еліміздің болашақ бағдарының ұштұғырлы тілдер саясатын негізге алып оты-
рғаны – бүгінгі ақпараттық қоғамның жəне қашанда өз өктемдігін жүргізетін уақыт пен за-
манның талабы. Себебі тарих бір орында тұрмайды, əлем жұртшылығының алдында тарихи 
қажеттіліктен туындаған, айналып өтіп кетуге болмайтын үлкен бір сын тұр. Ол - «жаһанда-


260
ну», «жаһандасу», «ғаламдастыру» деп түрліше аталып жүрген «глобализация» атты бүкіл 
əлемде бастау алып жатқан санаспауға болмайтын ғаламдық қозғалыс. 
Жаһандану жағдайында мемлекеттік тіл, орыс, ағылшын тілдерінен тұратын үштілділікті 
дамытудың қажеттілігі айдан анық. Үштілді білім берудің құқықтық-нормативтік базасын 
жетілдіру арқылы қазақ тілінің – мемлекеттік тіл ретіндегі конститутциялық статусын қамта-
масыз етіп, орыс тілінің əлеуметтік-лингвистикалық белсенділігін сақтап, дамыған əлемдік 
тілдер ішінде ел мен халықтың коммуникациялық жəне интеграциялық қабілеттерін кеңей-
тетін ағылшын тілін үйретудің озық технологияларын тиімді пайдалану қажет. Олай болса, 
үштілді білім беруді іске асыруда оқу үдерісін ұйымдастырғанда, осы саладағы отандық жəне 
шетелдік білім беру жүйесіндегі зерттеулерге лингвадидактикалық, əлеуметтік-лингвистика-
лық, педагогикалық ғылыми сараптама жасап, оқытудың мазмұны мен принциптері ерекше 
іріктелгенде əлемдік еңбек нарқының талаптарына сəйкес келетін кəсіби мамандарды дайын-
дауға қол жеткізуге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы үштілді білім беру жоғары білім беру 
саласының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Көптілді тұлғаны қалыпта-
стыру жолында жоғары оқу орнының рөлі зор, себебі негізгі құндылықтар мен өмір-
лік қағидалар осы уақытта қалыптасады. Жоғары оқу орнында студент өзінің мəде-
ни-ұлттық, этникалық қажеттіліктерін жүзеге асырып, оның бойында гуманистік, 
жалпы адамзаттық қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдай мен орта жасалады. 
Еліміздің индустриалды-инновациялық даму жағдайында оқыту үдерісіне көптілді мəдениет 
пен көптілді білім беруді ендіру мен оны дамыту қажеттілігі өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет