Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет86/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   255
Байланысты:
zhinak

Ақ бесік анашым сен
Тербеткен менің.
Ағынмен таласумен
Ержеткен едім. 
«Жайық» [2, 77]


136
Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан,
Өзіңнен басқа таппаған жылы алақан.
Думанды, шулы тірлікке мені əкелген
Ақ сүтін шығар жан апам. 
«Анамен қайта сырласу» [2, 147]
Ұяңнан алыс ұшпаған мен бір балапан,
Өзіңнен басқа таппаған жылы алақан.
Думанды, шулы тірлікке мені əкелген
Ақ сүтін шығар жан апам.
Ой салып маған, есейтіп сəтте өтсе күн,
Асықтым алға, ертеңгі таңды көкседім.
Өмірге мені, өмірді маған сүйгізген
Ақ сүтін шығар тек сенің.
Арналған дара махаббат ыстық, зор сенім,
Кеудеде қанша айтуға қиын мөлшерін.
Туған жер деген сиқырлы ғажап топырақ – 
Ақ сүтін шығар шағар ол сенің.
Досыма келем адалын сыйлап сезімнің,
Жалғаны болса кешірме менің сөзімнің.
Ақ деген ұғым ұраным менің тəрізді
Сүтіңмен сіңген өзіңнің. 
[2, 154]
Ақын тіліндегі ақ бесік, ақ түтін, ақ түндер, ақ арман, ақ ұлпа, ақ нұр, ақ ұшқын, ақ қы-
рау, ақ қар, ақ самал, ақ торғын, аппақ дүние, ақ үй т.б. қолданысындағы ақ сын есімінен 
өрілген сөз тіркестері өлең шумағында қайталанып келіп, əуезділікті, өлең құрылымына үй-
лесімділік береді.
«Ақ» атауының лексика-семантикалық тұрғыдан ұзақ дамуын тереңдете зерттеу, тілді 
қолданушы этностың өзіндік болмысына, дүниетанымына байланысты «ақ» түр-түс атауы-
ның семантикалық табиғаты, соның ішінде «ақ» атауының мағыналық шеңбері біршама ай-
қындалған деп айтуға болады.
Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді əнін.
Сондайда дала пейіл адамдарда
Ақ ұлпа алақандар барын білгем.
Жер мен көктің арасын
Ақ түтін етіп барасың
Даланың тентек дауыл-ай,
Үнемі солай соғасың.
Ақ түндер барлық жарығын,
Аяусыз жерге төккендей.
Ақ ұлпа жапқан бақ үстін,
Ақ нұрға бояп шатқалды.
Алғашқы жауған ақ ұшқын,
Үлбіреп қана жатқан-ды.
Қар емес анау айнала,


137
Тұнып бір тұрған ақ арман.
Сəл-сəл жүрек аңсайды кең даланың 
Ақ қырауын, ақ қарын, ақ самалын.
«Дала жыры» [2, 123].
А.Бақтыгереева өлеңдерін талдағанымызда байқағанымыз, сапалық сын есімдерді 
стильдік жағынан қажетіне жарата отырып, өздеріне тəн, түр-түске байланысты таным-талға-
мына қарай қолданылғанына көз жеткіздік. Сондықтан түр-түс құбылыстарын белгілі бір 
сөздермен сөз тіркестері арқылы бейнелеу, əр ақынның өзіне ғана тəн шығармашылық про-
цесі екендігі анықталды. Ақын лирикасын талдағанымызда, өз өлеңдерінде сапалық сынды 
білдіретін ақ жəне көк сын есімдерін жиі қолданысқа түсіру арқылы айтайын деген ойын, 
құбылысты бейнелі сурет арқылы астарлы жеткізуге тырысқан. Негізінен барлық салада, сол 
сияқты поэзияда ең көп қолданылатын түс – қара, одан кейінгі – ақ, одан кейін – көк, төртін-
ші – қызыл т.б. Бұл түр-түс атауларын қолдануда объективті фактор болса, оның субъективті 
көріністері де жоқ емес. Мəселен, біреуге ақ түстің, екінші біреуге көк түстің, ал үшіншісіне 
т.б. түстің ұнауы немесе сол түстерге боялған заттардың (киім-кешек, кілем т.б.) əр түрлі əсер 
етіп, ұнамды, ұнамсыз болып көрінуі өмірде кездесетін жағдай. Жеке адамның түр-түске 
деген «көзқарасы» тек оның физиологиялық, психологиялық, эстетикалық таным-талғамына 
ғана емес, сонымен қатар рухани дүниесіне, мəдени-білім дəрежесіне, мінез-құлқына, ұлт-
тық ерекшелігіне, тіпті жасы мен жынысына да байланысты болады.
Ақын өлеңдеріндегі ақ жəне көк сапалық сын есімдердің жұмсалуына мысал келтіре 
отырып, біз оларды грамматикалық тар шеңбер түрінде емес, лексикалық байлығымыздағы 
өзіндік сыр-сипаты бар, күрделі жəне жүйелі категория ретінде қарастырдық. Сонымен қа-
тар, ақынның өлең жолдарындағы бұл сын есімдерді ішкі дүниетанымындағы құбылысты 
қалай қабылдауын анықтауды жөн көрдік. Ақ. Ақ – қараға қарама-қарсы түс. Бұл – «ақ» 
түстің негізгі түстік, реңктік (номинативтік) мағынасы. Мəселен: ақ жаулық, ақ көйлекғ ақ 
аю, ақ қағаз, ақ қар деген тіркестердегі «ақ» атауы өзінің негізгі түстік мағынасын аңғартып 
тұр.
Бұдан бірақ барлық жағдайда бірдей «ақ» атауы тек «ақ» түсті ғана білдіруге тиісті деген 
ұғым тумаса керек. Керісінше, «ақ» атауының «ақ» түске қатысты бола тұрса да, одан ал-
шақтап кеткен, тіпті логика-семантикалық байланысын, қатыстығын мүлдем үзген (метафо-
ралық, метонимиялық) ауыс мағыналары мен символикалық мəнде қолданыстары тілімізде 
жиі кездесетін құбылыс. Оларды біз көбінесе «ақ» атауы қатысқан жай жəне фразеологиялық 
тіркестерден, мақал-мəтелдерден, қос сөз, бірікккен сөз, əсіресе топонимдер мен антропо-
нимдер, этнонимдер құрамынан кездестіреміз.
«Ақ» түс – қазақ халқының жанына жақын, көңіліне қалаулы түс. Себебі, қазақта «ақ» 
- пəктік пен ақтықтың нышаны, қуаныш пен жақсылықтың белгісі, махаббат, үміт, қайырым-
дылық деген ізгі сезімдердің символы. Өйткені бұл қазақтың ең қасиетті тағамы – сүттің 
түсі. Жалпы осы «ақ» түстің символикалық мəнін шығу тарихынан да көруге болады.
Ақын А.Бақтыгереева өлеңдеріне зер сала отырып, талдау жасағанымызда мынадай қо-
рытындыға келдік. Бірде бір қаламгер түр-түсті алдын-ала сайлап, таңдап алмайды екен, қол-
даныстың барлығы жазу процесінде іске асатындығына көз жеткіздік. Демек, олар түр-түсті 
əдейілеп емес, жеке бастарының талғамына байланысты қолданады екен. Міне, осыған бай-
ланысты ақын өлеңдерінің стильдік мəнері, тілдік ерекшелігі байқалды. Ақын А.Бақтыгере-
ева талғамына тəн түсті қайталап, оны жиі қолдануы олардың белгілі бір түске құмарлығын, 
əуестігін аңғартады. Мұны статолингвистикада қолданыс жиілігі дейді[3, 15]. 
Қрыта келгенде, белгілі бір түсті ақынның əр алуан сөз тіркестерін жасап, орынды да 
образдылықпен қолдана білуі, олардың өзіне тəн сөз саптау тəсілін, стильдік ерекшелігін 
аңғартады. Бұл ерекшеліктердің артында автордың өз басына тəн психологиялық, эстети-


138
калық, творчестволық ерекшелігі, эстетикалық дүние танымы, ой толғанысы, мінез-құлқы 
(байсалдылық, биязылық, ойшылдық т.б.) көңіл-күйі реніш, қуаныш, сүйінуі т.б. қасиеттері 
тұрғандығы сөзсіз байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет