Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Балдыз сөзі қазақ тілінде əйелінің өзінен жасы кіші туыстарын білдірсе, түрік тілінде  baldız



Pdf көрінісі
бет137/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

Балдыз сөзі қазақ тілінде əйелінің өзінен жасы кіші туыстарын білдірсе, түрік тілінде 

baldız  сөзі  əйелінің  өзінен  жасы  кіші  сіңлілері  мағынасындақолданылатын  туыстық  атау-

лардың бірі. Дыбысталуында ешөзгешелік жоқ, мағыналарында сəл ерекшелік бар балдыз 

сөзі де екі тілге ортақ.«Якут тілінде балдыз сөзімен тұлғалас балыс та кездеседі. Мағынасы 

– біріншіден, жасы кіші адам; екіншіден, қарындас. Мұндағы екінші мағына туынды мағына 

екені анық. Ал монғол тілінде балчир – «кішкентай» (адамға қатысты) жəне «жас», «нөжік». 

Ертедегі түркі-жазба ескерткіштері тілінде əйелдің сіңлілері балтыр тұлғасында ұшыраса-

ды. Келтірілген тілдік деректерді саралар болсақ, сөздің бал түбірі о бастағы «кіші», «жас» 

дегенді білдіргенін аңғаруға болады.» [7; 13].

əзербайжан тілінде:балдыз башқұрт тілінде: балдыз қырғыз тілінде: балдыз өзбек тілін-

де:балдиз

татар тілінде:балдыз

ұйғыр тілінде: кейин егича [4;48-49].




169

Жоғарыда берілген қазақ жəне түрік тілдеріне тəн ортақ туыстық атаулары мен екі тілде 

де қолданылатын ортақ есімдіктер салыстырылуынан бұл сөздердің таңбалануында немесе 

дыбысталуында көптеген өзгешеліктерді байқадық. Олар, əдетте, əрбір түркі тілінің өзіндік 

ерекшеліктері деп қаралады. Бірақ бұл сөздер түбірлерінің шығу тегі бір екендігіне еш дау 

келтіреалмаймыз.

Бүгінде дербес тіл санатына əрбір түркі тілдері бір-бірімен бірде тым алыстап кеткен, 

енді бірде өте жақын ортақ ерекшеліктері мен айырмашылықтары – бұл тілдердің əр бағытта 

үрдіс алған ішкі даму заңдылықтарының ғасырлар бойы өз тұрғысынан саралап, өзіндік нор-

ма етіп алған, тұрақталғанқалып-күйі.

Жалпытүркілік сөздердің семантикалық мəн-мағынасы сақталып, түр- тұрпаты өзгерме-

генімен, дыбысталуындағы түрлі ауысулардың болуын сингармонизм, дауыссыздардың ас-

симиляциясы,  дыбыстардың  өзгерісі,  дыбыстардың  түсіп  қалуы  мен  редукция  құбылысы, 

дыбыстардың ұзаруы мен кірігуі, геминация жəне созылыңқы дыбыстардың жасалуы, мета-

теза, апакопа жəне элизия, протеза, эпитеза, эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының 

шағылысуы жəне ашық буын, гипераглютинация, аплология, вокализация, дифтонгизация, 

фонетикалық деформация сияқты өзге де түркі тілдеріне тəн өзгерістермен түсіндіруге бо-

лады. Ортақ сөздердің дыбыстық құрамында орын алған түрлі фонетикалық өзгерістер та-

рихтың тезіне түсіп, жан-жаққа тарап, тарихы жақын болса да, қонысы бөлек болып кеткен 

туыстас халықтар тілінің өзінше дамығанының айғағы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет