2. Фразеологиялық бірлік – фразеологизм түзетін сыңарлардың тұтастай ауыспалы
мағынаға айналуынан туған, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтайды. Хаттарда бұл
топқа жататын төмендегідей тұрақты тіркестердің орын алғандығын көреміз. Мысалы: «тізе
бүгу, бас ию», «іріткі салу, араларында алауыздық орнату», «қамқор болу, қамқорлығына
алу», «жаман жолға түскен», «сөзі бір жерден шығу», «жаман жол көрсетті», «сыйладық,
құрметтедік», «көшпенді ел», «бетін қайтару, қабылдамау»,«таныс, көріп жүрген» мағы-
3. Фразеологиялық тіркес – құрамындағы ерікті мағынадағы сөз бен байлаулы мағына-
80
4. Фразеологиялық сөйлемше – құрамы мен қолданылуы тұрақты, бейнелі мағынасы
ерікті сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады жəне құрылысы жағынан сөйлемге ұқсас бо-
лып келеді [5, 195]. Бұл топқа қазіргі қазақ тілінде де жиі ұшырасатын төмендегідей тір-
кестерді жатқызуға болады. Мысалы: «ақыр замандай заманда», «антымыз бір, құдай бір,
сөзіміз бір», «алтынның үлкен, кішісі болмайды. Сол сияқтыбалаларымды да бөліп жармай-
мын. Мен үшін бəрі бірдей.», «жаны қиналу, қиынышылық көру», «дос-дұшпанның табасы-
на қалдырмай», «дос-дұшпанның күлкісіне қалдырмай», «қараңғы кеште ай туғандай бол-
ды»,«көктен тілегенімізді жерден таптық», «жерден тілігеніміз көктен түскендей бол-
ды», «оғын атып қылышын шабамын», «сүттей ұйып тұрған, бейбіт жатқан» мағынасын-
да «āħiri zamānday zamānda», «anŧımız bir,ħudāy bir söz bir», «balalarumnıñ ulusu kiçisi tıñdur
altunnıñ ulusu kiçisi tıñdur», «cān tartıp imgek çekip», «dost düşmān tabasıġa ħudāy ķoymaġay»,
«dost düşmān külküsine ķoyıp», «ķarunġu kiçi ay tuġanday bol-», «kökdin tilegenimizni yerdin
yarluķaptur», «yerden tilegenimiz kökden tüşkendey bol-», «oġun atıp ķılıcın çabarman», «sütdey
uyup turġan»сияқты тұрақты тіркестер қолданылған.
Сонымен қатар, кейбір фразеологизмдердің шығуы халықтың əлеуметтік жағдайы жəне
тұрмыс – тіршілігімен тікелей байланысты болған. Фразеологизмдердің пайда болу негіз-
деріне байланысты Ғ.Қалиев пен Ə.Болғанбаевтың еңбегінде бірнеше топтарға бөліп қара-
стырылған тұрақты тіркестердің түрлері көрініс тапқан. Солардың арасында халықтың тұр-
мыс-тіршілігінде орын алған жағдайлар нəтижесінде туындаған не болмаса, басқа тілдерден
енген тұрақты тіркестердің топтастырылуын зерделей отырып хаттарда қолданылған кейбір
тұрақты тіркестердің сипатын анықтауға болады.
Халықтың əдет-ғұрыпы, салт-дəстүріне байланысты қазіргі қазақ тілінде жиі қолданыла-
тын жасы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты қалыптастып келе жатқан құндылықтар-
ды білдеретін тұрақты тіркестер жиі ұшырасады. Мысалы «ел ағалары, үлкендер, игі жақсы-
лар», «үлкенге құрмет, кішіге ізет» мағынасында жұмсалған «aġa kişiler», «ķırġız ķazaķ bįleri
yaħşıları..», «iñleygen ķarınıŋ imgeklegen balanıŋ ġammını ķıla körsünler» түрінде қолданылған
тұрақты тіркестерден қазақ халқының жасы үлкендерді сыйлауға деген құрметін жəне жасы
кішіге деген ізетін көреміз. Хаттардың бірінде Əбілқайыр:«осы уақытқа дейін інілерімнің
қылығын айтпай келіп едім» дей келе «‘aķlı kilse ‘ibret alurlar»тіркесін қолданған.
Сонымен қатар, діни ұғымдарға байланысты тіркестердің де орын алғандығын көреміз.
Əрине, діни ұғымдар көбіне араб жəне парсы тілдерінен енген кірме сөздер арқылы жасалған.
Мысалы: «дұға қылу», «құдай бұйыртса», «қабылдаған антынан, берген сөзінен шықпау»
жəне «ант ету» мағынасында «...fāti[h]a oķuduķ», «allāh buyursa», «ħudāy bir ānŧ bir», «ħudāy
bir söz birdür», «ķur‘ān üzerine ‘ahd ķılıp baş salduķ»сияқты кірме сөздер арқылы жасалған
тұрақты тіркестер кездеседі.
Елдің амандығы немесе жаугершілік заманға байланысты да қолданылған тіркестерден
«қырық сан қазақ», «есен-аман», «оғын атып қылышын шабу» сияқты мағынада жұмсалған
«ķırıķ san ķazaķ», «esen amān», «sizlerden dāźķılsun bizlere aŧķılsun», «yarlıķaw sizden ĥizmet
bizden», «oġun atıp ķılıcın çabarman» түріндегі тұрақты тіркестер жиі қолданыс тапқан.
Қашықтықты білдіретін қазіргі қазақ тіліндегі «екі күндік, екі күншілік», «он күндік, он
күншілік» «үш айлық» мағынасындағы тіркестер
«iki künçilik»,«on künçilük»,«üç ayçılıķ»түрін-
де сақталған.
Басқа тілдерден енген тұрақты тіркестер, хаттарда жиі қолданысқа енген. Хаттың кіріспе
бөлімінде араб тіліндегі бастапқы қалпын сақтаған тіркестер қолданылып, бұлардың көбі
Аллаға мадақ, патшаға деген құрметін көрсететін сөйлемдерде жиі ұшырасады. Мыса-
лы: «inşā’allāhu te‘ālā», «raĥmlu imperaŧor-ı a‘žam», «el-ĥamdü li’llāh şükür», «Hüve’llāhu
sübħānu», «ĥażret-i haķķ cell ve ‘alāĥażretleriniŋ lāŧįf ihsānı ile ‘avn ‘ināyetli el-kerem» тб. тір-
кестер негіз тілден аударылмай сол қалпындаберілген. Осындай кірме сөздер арқылы жаса-
лынған кейбір тұрақты тіркестер жартылай түркі негізді сөздермен тіркесіп келіп отырған.
81
Мысалы: «пана болу», «бас ию», «дұға қылу», «үміт ету», «үміт үзбеу»мағынасында жұм-
салған«penāh olup», «muŧį‘ münķād olmaķ», «duā‘ ķılıp», «ümįd it-», «ümįd üz-»сияқты тірке-
стерді көруге болады. Тіпті кейбір кірме сөздердің соңына түркі негіздес жалғаулар жалғану
арқылы жасалған тұрақты тіркестердің түрі де жиі ұшырасады. Мысалы: «мынандай ақыр
заман орнаған шақта»немесе «өмір бойы» мағынасында қолданылған«bu āħiri zamānday
zamānda», «‘ömr ‘ömrlikge»түріндегі тіркестер бірнеше жерде орын алған.
Қорыта айтқанда жалпы ресми стильде эмоционалды-экспрессивті сөздер мен этикеттер,
бейнелі сөз тіркестеріне шектеу қойылып, белгілі бір нормаға бағынады. Алайда Əбілқайы-
рдың хаттарында тұрақты тіркестердің жиі қолданылуы, ішкі мазмұнды, айтылатын ойды
еркін жеткізуі жəне шағатай дəуірі түркі тілі элементтерінің басым болуына қарамастан, күні
бүгінге дейін күнделікті қолданыс тілінде жұмсалатын тұрақты тіркестердің орын алуы, сол
кезеңдегі ресми құжаттар стилін тағы бір қырынан танытады.
Достарыңызбен бөлісу: