Сұраулы сөйлемдердің психологиялық негіздерін зерттеуде оларды қатысым барысында
тар ауқымда қарауға болмайды: біріншіден, директивтер кең мағынада адамның тілдік қа-
тысымының алғышартының бір түрі ретінде,оның негізгі шарты деп айтуға болады. Сұрау-
лы сөйлемдер қоғамдағы болмыстың қасиеті ретінде, тілдік қатынастағы сұраудың табиғаты
жөнінде жазғанда: “Өмір өз табиғаты бойынша сұраудан тұрады. Өмір сүру дегеніміз - диа-
логқа қатысу: сұрау беру, жауап беру, келісу жəне т. б. Əрбір ой мен əрбір өмір аяқталмаған
диалогқа келіп тіреледі”,-деген М. Бахтиннің пікірі орынды [1,318].
Екіншіден, сұраулы сөйлемдер тілдік қатынастың неғұрлым ерекше сипатты болып та-
былады. Кез - келген сұраулы сөйлемдер диалог тудырады. Бұл туралы М. Бахтиннің жұмы-
сынан көрінеді, атап айтқанда, ол былай деп жазады: «Диалог қарапайым жəне анық түрде
— тілдік қарым-қатынас классикалық түрі. Əр реплика сөйлеушінің жауап беруге болатын
295
Үшіншіден, сұрау табиғаты ойлау жəне дүниені танудың негізгі құралы болып табылады.
Қазіргі заманғы философтар сұрау табиғатын түсіндіруде, теориялық ойлау сұраудан туын-
даған ретінде түсіндіріледі, ал ойлау сол сұраққа жауап беру деп түсіндіңреді [2]. Тілдік қа-
тынас тек сұраулық сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Себебі, сұраулар адам санасында ойлау
процесін туындатады. Əрбір сұрақ жəне оған жауап беру адам санасында ұғымдар туғыза-
ды. Тілдік қатынаста сұраулы сөйлемдердің адам санасына əсері, оның қатысымның жүзеге
асуының негізгі құралы екендігін, сұраулы сөйлемдердің студенттердің ойлау қабілеті мен
танымына қатысының ара-жігін ажыратып, талдап жатудың маңызы жоғары.Сұраулы сөй-
лемдердің психологиялық ерекшеліктері мен оның студент психологиясына əсері, əсіресе,
сөйлеушінің ниеті мен мақсаттарына қатысты болатын жағдайдағы прагматикалық сипатта-
маларын, дискурс кесінділерінің өрістеуіне, олардың іске асырылған қағидаттары мен тілдік
қарым-қатынас нормаларына баса назар аудару керек.
Тілдік қатынастын туындауына əлеумет қажет екені белгілі. Бірақ, тіл мен сөйлеу өзара
байланысты болса да, сөйлеудің даралығын адамның психикалық қабілеттері мен қасиет-
тері айқындайды. Қaзіргі кезеңде тіл білімі жaңa қырынaн тaнылып, өз бaғытын aнтропо-
центристік aрнaғa бұруынa бaйлaнысты сөйлеушінің қолдaнысындaғы сұраулы сөйлемдер
aрқылы оның aқыл-ойын, дүниетaнымын, ұлттық мəдениетін aңғaруғa болaды. Бұл туралы
М.Жұмабаев: «ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре
аламыз һəм басқа адамдардың ойларын біле аламыз», - десе [3, 72б], ф.ғ.д. Б.К.Елікбаев: «...
тіл білімінің дамуының бүгінгі сатысында адам факторы өзіне ерекше көңіл аудартып отыр.
Коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік бағыттарға негізделген қазіргі лингвистика
коммуникацияның екі антропоцентрі: хабарды жеткізуші (адресант – сөйлеу субъектісі) пен
Достарыңызбен бөлісу: