Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет277/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

палық сипаты.

Сөзжасам қосымшаларының мағыналарын көрсету барысында көбінесе зат атауын не-

месе қимыл мəнін білдіретін сөз жасалған деген секілді түсініктемелер беріледі. Қосымша 

семантикасын  негізден  тыс  алып  көрсету  қиын,  дегенмен  сөзжасамдық  қосымшаның  бір 

типтес сөздер тудыру барысында көрінетін ортақ мағынасын көрсеткен жөн. Мысалы, -шы, 

-ші кəсіп, мамандық, іс иесін білдіру, -хана - орын, мекен мəнін беру, т.с.с.

Сөзжасам қосымшасының негізгі қызметі сөз тудыру, алайда функциялық қосымшаның 

мағынасында  толыққанды  сөз  тудырушы  қосымшалардан  өзгешелік  болатынын  ескерген 

жөн.


Шығу тегіне қарай қосымшалар төл жəне кірме қосымшалар болып бөлінеді. Кірме сөз-

жасамдық жұрнақтар көп емес: -хана, -стан, -паз, -хор, -нама, т.с.с.



Сандық сипаты жағынан қосымшалар өнімді не өнімсіз (немесе өнімділігі жоғары, орта-

ша, төмен жəне өлі) болып жіктеледі. Бұл қосымшаның жасаған сөзінің санына байланысты. 

Негізі, сөзжасамда сөз саны қанша болуы керектігі нақтыланбаған. Жалпы алғанда жиырма-

дан астам сөз жасаса, өнімді, одан төмен болса, өнімділігі орташа, ал оннан аз сөз тудырса, 

өнімділігі төмен, бірлі-жарым ғана сөз тудыра алса, өнімсіз деп танылып жүр.

Сапалық сипатына қарай сөзжасамдық жұрнақтар құнарлы не құнарсыз болады. Бұл қо-

сымшаның белгілі бір кезеңде сөз жасауға белсене қатыса алу-алмауы. Егер қосымша белгілі 

бір уақыт аралығында сөз жасауға актив қатысса, құнарлы болғаны, ал ондай белсенділігі 

байқалмаса, құнарсыз болғаны. 

5.  Туындының сөзжасамдық жұбы (қосағы).

 Сөзжасамдық жұпты негіз сөз бен туынды сөз құрайды. Мысалы: күй – күйші.

6.  Сөзжасамдық ұя. 

Сөзжасамдық ұяны бір түбірден тараған түбірлес сөздер құрайды. Мысалы, біл негізінен 

өрбіген білім, білік, білгір, білгіш сөздері бір ұя болады. 

7.  Сөзжасамдық тізбек. 

 Сөзжасамдық тізбекте бір негізден екінші сөз, екінші сөзден үшінші сөз, т.с.с. тізбектеле 

туындап жатады.

8.  Сөзжасамдық сатысы (нешеу). 

Бір негізден тараған көлденең қатардағы ұядағы сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық са-

тыға негіз сөз кірмейді. Бірінші ұя құрамындағы сөздер 1-сатыны, екінші ұя құрамындағы 

сөздер 2-сатыны, т.с.с. құрайды. Жалпы алғанда қазақ тіліндегі туынды сөздер төрт сатыдан 

аспайды. Мысалы:

Негіз 1-саты 2-саты 3-саты 4-саты 

 БІЛ 

білім 

білімді 

білімдар 

білімпаз 

білімсіз 

білімділік 

білімдарлық

 білімпаздық 

 білімсіздік 

білгір 

білгірлік 

білгіш 

білгіштік 

білік 

білікті 

біліксіз 

біліктілік 

біліксіздік 

4 тарам

4 тарам

6 тарам

9.  Сөзжасамдық тарамы (нешеу). 




375

«Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген 

туынды сөздердің жиынтығы аталады» [3, 97]. Осы ережені негізге алатын болсақ, тарамды 

анықтау үшін негіз сөз санын есепке алуымыз керек. Алайда, тарамға байланысты зерттеу-

лерде бір саты ішіндегі сөздің əрқайсы бір тарам деп көрсетіледі. Жоғарыдағы кестеде тарам 

саны мынадай: 1-сатыда 4 сөз бір тарам құрайды (себебі негіз сөзі біреу); 2-сатыда 8 сөз 4 



тарамды құрайды (негіз сөз төртеу), 3-сатыда 6 сөз 6 тарамды құрайды (негіз сөз алтау). 

10. Сөзжасамдық тип. 

 Сөзжасамдық тип –туынды сөздердің бəрі бір сөз табына жатуы, бір тəсіл арқылы жаса-

луы, сөзжасамдық мағынасы бірдей болуы. Мысалы, күйші, егінші, күзетші.

11. Сөзжасамдық үлгі. 

 Үлгінің екі түрі бар: біртектес, əртектес. Біртектес үлгі бір форманттың əр түрлі сөз 

табына жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: күйші (күй  з.е.), жазушы (жазу  ет.). Əр-

тектес үлгіде мəндес туынды сөздер əр түрлі формантпен жасалады (суретші – суреткер) 

немесе негізі əр түрлі болады (суретші – қылқалам шебері). 

12. Сөзжасамдық перифраз

Туынды  сөздің  мағынасын  басқа  сөзбен  түсіндіру.  Мысалы,  суретші  –  сурет  салатын 

адам.

 «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» бойынша ұсынылып отырған кешенді талдау үлгісі 



жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен əдебиеті», «Филология» мамандығы студенттерін 

кешенді талдау жүргізуге, сол арқылы теориялық білімін жүйелеуге дағдыландырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет