ҮЛГІ ТҰТАР – ҰСТАЗ - ҒАЛЫМ.
Қ.Т.Мұхамади
Сүлейман Демирель атындағы университеттің профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты
Қазақ халқының қадірлі ұлы, белгілі академик Зейнолла Қабдолов өзінің таңдамалы
шығармаларының бірі сөз өнері жөнінде жазған кітабында «ұстаз көрмеген кісі - үлгі, өнеге
көрмеген кісі. Ал үлгісіз, өнегесіз кісіде қандай қасиет болмақ? Асылы адам өзінің азамат-
тығы үшін, алдымен ұстазға қарыздар.
-Мықтылардың мықтысы ұстаз дер едім мен.
-Неге?
Негесі сол –ол заман да, бұл заман баладан дана өсіріп тəрбиелеп келе жатқан ұстаз:
əлемге аян ұлылардың барлығын ... ұстаз жаратқан» -деп жазыпты.Бүгінгі əңгіме ұстаз ту-
ралы болғандықтан, академик ағаның ол туралы айтқандағы сөзіне қосылмасқа амал жоқ.
Оның бер жағында Зейнолла Қабдоловтың өзі өте білгір, білімді де, биік таланттың иесі
болғаны мəлім жəне өзінің де ұстаздары Мұхтар Əуезов сияқты қадірлі кісілер болған.
Ұлағатты ұстаздардың алдын көрген адамның ұстаздары туралы айтары аз емес, сондай
əдемі естелікті Асқар Тоқпанов туралы сөз зергері Əбіш Кекілбаевтан кездестіреміз. Əбіш
аға өз ұстазы туралы: «Аудиторияға адам емес, от кіріп кеткендей. Маздай жанған сол бір
оттан шашырап шыққан бір-бір шоқ əрқайсымыздың көкірегімізге кіріп, жалпылдатып жаңа
429
бір алау жаға жөнелгендей» -деген екен. Əркім де əртүрлі ұстаздың алдынан өтіп, əр ұстаздың
əрқилы бітім-болмысын, білім-білігін түрліше айтары сөзсіз. Əр ұстаздың адамның қалып-
тасуына, оның білімі мен тəрбиесіне тигізетін əсері де өзгеше. Биыл 90 жылдығы тұспа-тұс
келіп отырған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бір кездегі сту-
денті, аспиранты, докторанты ретінде өз басым талай жақсы ұстаздардың тəрбиесін, өнегесін
көрдім. Серік Қирабаев, Нығмет Ғабдуллин, Нұржамал Оралбаева, Ғабдолла Қалиев, Арсен
Ибатов, Бабаш Əбілқасымов, Телқожа Жанұзақов, Қайырболат Есенов, Кенжеш Бозжано-
ва, Күлтай Бейсенбаева, Немат Келімбетов, Өжкен Тыныбаева, Серік Мақпыров, Секерхан
Хасанова,Мереке Жаманов, Базаркүл Тұрғанбаева, Тұрсын Сыздықов, Темірхан Тебегенов,
Балтабай Əбдіғазиев, Мереке Атабаева сияқты ұстаздардан білім алдым. Сондай ерекше
қадірлейтін ұстазым əрі ғылыми жетекшім - Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер,
филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызы. Қазақтың таны-
мында өмірді жолға теңеу дəстүрі бар, сол жолды дара жол, даңғыл жол ету ол адамның бай-
ламының беріктігіне, бағытының дұрыстығына байланысты болу керек. Олай дейтінім Нұр-
жамал апай қаршадайыннан оқуға ұмтылған, оның бар арман-мақсаты оқу-білімде болған,
өмірінің мəнін оқуда деп түсінген. Қазіргі психологтардың «мақсатыңыз анық болсын, барар
аялдамаңызды анық көріңіз, сонда ғана сіз соған жете аласыз, сол жерде бола аласыз» дейтін
берік байлам мен анық мақсат Нұржамал апайды бір биік белеске көтергені айдан анық. Ал
кейінірек ұстазы Сəрсен Аманжоловтың жетекшілігімен Нұржамал апайдың ғылымдағы ғұ-
мыры басталды. Нұржамал апайдың ұстаздығы мен ғалымдығын бөліп айту мүмкін еместі-
гін енді байқап отырмын, апайдың ғалымдықты да, ұстаздықты тең меңгергенінен бе тіпті
ойға оралатын əңгімелер бір бағытта айтуға келмейді екен.Сондықтан апайдың ұстаздығын
ғалымдығынан бөле алмайды екенмін. Орыс биологы И.И.Мечников айтқан: «Ғылымға тəн
атап айтарлық сипат – оның табандылықпен қызмет етуді талап ететіні» деген сөзін ғылымға
тəн белгі дейміз бе, заңдылық дейміз бе, осында айтылған ТАБАНДЫЛЫҚпен қызмет етудің
нағыз үлгісін ғалым Нұржамал Оралбайдың тіл теориясы мен əдістемесіне қосқан өлшеусіз
еңбектерідəлелдей түсетін сияқты. Нұржамал апай қазақ тіл теориясы мен əдістеме ілімінің,
кеңестік түркологияның келелі мəселелеріне ерекше көңіл бөліп, шешімді ойларын ортаға
салып отырған. Оның айқын дəлелі – əр жылдарда жарық көрген, көпшілікке кеңінен таныс
оқулықтары мен монографиялық еңбектері жəне түрлі бағыттағы əдістемелік құралдары, оқу
бағдарламалары, ғылыми мақалалары т.б. Өзім шəкірт болған кезден бастап апайды білген-
дегі байқағаным апайдың ерекше табандылықпен еңбек ететіні. Апай қай кезде де тапжыл-
мастан кітап, қағазға ұзақ үңіліп отыратын, ұзақ деген сөздің алдына «өте» деген күшейткіш
көмекшіні қосып айтпасақ апайдың еңбекқорлығын, табандылығын дəл айтқанымыз болып
саналмайтын сияқты. Жəне де біз сияқты шəкірттерінің жазған «жұмыстарын» 2-3 күнде
оқып, «суын» алып «нəрін əрлеп» қайтарып беретін. Сондағы жұмысымызды бергенімізден,
қайта алғанымыз тез болып таңдаңдансып жататынбыз. Ал осындай жауапкершілік, тездік
апайдың ұзақ уақыт отырып табандылықпен жұмыс жасауынан екенін біліп жүрдік. Апай өзі
де осы қасиетін білетін сияқты, жəй ғана білетін сияқты емес, соны шəкіртерімнің жұмысын
оқып тез қайтаруым керек деп өзіне бір заң қылып, ұстаным жасап алғандай, жұмысымызды
алардағы біздің таңданысымызға: «Мен жұмыстарыңды көп ұстамаймын, ең көп болса 1 ап-
тада қайтарамын» - деп қоятын. Бұл жағдайға кейбір өзге аспиранттар да таңдаңданыстарын
жасырмайтын, ондайда кейбірі: «Апайларың қандай жақсы жұмыстарыңды тез оқып береді,
шіркін біздің апай (ағай) сондай болса ғой» деп қалатын. Нұржамал апай бізге «Қазіргі қазақ
тілінің морфологиясы» пəнінен лекция оқыды. Апайымыздың аспай-саспай лекцияны ешбір
қағазға не кітапқа қарамай байыппен айтатын. Ұстазымыздың шешен де шебер тілмен ба-
яндап тұрған дəрісін мұқият тыңдап, əр сөзін қалдырмай жазып алуға, əр сөзіне ерекше мəн
беруге тырысатынбыз. Апай бізге: «Бұл ғылыми курс болғандықтан, əр тақырыпты өткенде
сол тақырып туралы ғана мəліметтің болуы аздық етеді, əр мəселеге қатысты ғалымдардың
430
пікірін, еңбектерін біліп оған талдау жасау қажет, ол мəселенің ғылымда қалай танылып жүр-
генін білу керек» - дегенді жиі ескертетін. Ал өзі де ғалымдар пікірлерінен дəйектер келтіріп
отыратын. Əсіресе есімде қалғаны апайымыз морфологиядан қай тақырыпты қозғамасын
оған қатысты Ахмеди Ысқақовтың атын аузынан тастамайтын. Апай өзінің ұстазы Сəрсен
Аманжолов туралы үнемі айтып отырады, ол кісінің тағдырына қатысты əңгімелерді айтқан-
да көзіне жас алғанының талай куəсі де болдым, ұстазына деген адалдығы, құрметті ерекше
сезіліп тұратын.
Нұржамал апай Абай атындағы Қазақ ҰПУ-да «Қазіргі қазақ тілі теориясы мен əдісте-
месі» кафедрасының меңгерушісі болып тұрған кезінде Ахмет Байтұрысынұлы атындағы
Тіл білімі институтының ғалымдары мен Шығыстану институтының ғалымдарын Рəбиға
Сыздық, Шора Сарыбаев, Бабаш Əбілқасымов, Арсен Ибатов, Телқожа Жанұзақов, Қайыр-
болат Есенов т.б шақырып, студенттер үлкен ғалымдардан білім алсын деп жарты штатпен
жұмысқа тіркеп қоятын. Соның арқасында сырттай аттарын естіп, есімдерін кітаптан оқып
жүрген ғалымдардың алдындағы шəкірттері болып шыға келдік. Əлі есімде студент кезімізде
лекция үстінде апай: «Бізде болашағынан үлкен үміт күтетін жас ғалым, ғылым докторы, өте
жас күнінде докторлық диссертация қорғаған Ерден Қажыбеков деген азамат бар. Мен оны
сендер көрсін, үлгі алсын деп шақырып едім, оның жұмысы өте көп екен, уақыты болмайды
екен. Орнына үлкен ғалым Арсен Ибатовты ұсыныпты» - деген еді. Сол Арсен ағай сөздің
морфологиялық құрылымына қатысты біз көп біле бермейтін қызықтарды байыппен ғана
сабырлы үнмен, салмақты қалыппен ақырын ғана жеткізе қоятын. Апай кафедра оқытушы-
ларының өсуін, білімдерінің терең болуын қалайтын да, қадағалайтын да. «Осы кафедрадағы
оқытушылардың барлығы тезірек ғылым докторлары, профессорлары болса екен, менің ар-
маным сол» деп жиі айтатын. Бірде Бекен Сағындықұлының кандидаттық диссертациясын
талқылау болып, Фаузия (Оразбаева) апай мен Тілеулес (Əбдіғалиева) апайдың талдауларына
қатты риза болған апай: «Сендердің кəдімгідей өскендеріңді көріп қуанып отырмын» деп
балаша қуанып, ризашылығын жасыра алмаған еді.
Нұржамал апай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология сала мамандарын даярлауда зор
еңбек сіңірді, екі докторлық диссертациялық кеңес ашып, оған төрағалық етті. Өзі төраға бо-
лып тұрғанда кеңес жұмысына республикамыздың ең белді ғалымдарын жұмылдыра білді.
Сол кеңеске Рəбиға Сыздық, Аққал Қалыбаева, Шора Сарыбаев, Бабаш Əбілқасымов, Арсен
Ибатов, Телқожа Жанұзақов, Қайырболат Есенов, Ғабдолла Қалиев, Тұғлықжан Талипов, Ва-
лентина Исенгалиева, Бақытжан Хасанов, Эльнора Дүйсенова, Надежда Гайнуллина, Лаззат
Жаналина, Зəуреш Ахметжанова т.б. ғалымдар мүше болды. Апай осылай диссертациялық
кеңестің абыройын көтерді, жақсы мамандардың шығуын қадағалады.
Əлемдік деңгейдегі коуч Брайан Трейси «Ешкім сізден ақылды да емес, ешкім сізден
мықты да емес, тек олар сəл ертерек бастаған» дегеніне ұқсас ойды апайдан да естіп қала-
тынмын. Апай үнемі: «Ешкім ғалым болып тумайды», «Біреудің жасағанын біреу жасай ала-
ды» деген сөздерді жиі айтып, бізді алға қарай ұмтылдырып, жігерлендіріп отыратын. Біздің
аспирантураға түсіп, оқуымыз 90-жылдардың қиын кезімен тұспа-тұс келгендіктен бе, апай
үнемі біздің аспирантураны тастап кетпеуімізді тілеп отыратын.
Ғылымда үлкен жетістікке жетіп, басқарушылық қызметтерде жүрсе де (проректор,кафе-
дра меңгерушісі), отбасындағы, ошақ қасындағы міндетін де бір сəт ұмытпай, екеуін ұшта-
стыра білді. Апай неше түрлі тамақты өте дəмді жасайтын, өзінің, отбасы мүшелерінің киім-
дерін өзі тігетін. Қызметке киетін небір əдемі көйлек, костюмдерін өзі тіккенін естігенде,
көргенде қайран қалатынбыз.
Қорыта келгенде,апайдың үлгі етер адамдығындағы ерекше жағымды қасиеттері мен
ғылымды дамытудағы ерен еңбегін, ғылымға деген тазалығын, табандылығын өнеге ретінде
айтар едік.
431
Достарыңызбен бөлісу: |