Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет7/343
Дата06.01.2022
өлшемі2,56 Mb.
#13292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   343
Байланысты:
Н.Оралбай-конф.материалдары

отыр‚ - п жүр); б) қимылдың аяқталуы (-п бол‚ -п біт‚ -п шық‚ -п қой‚ -п кет‚ - п қал‚ -п 

болып қал) деп жіктейді. 

Координациялық  кеңесте  сөйлеген  сөзінде  Х.Х.Махмудов  көрініс  категориясын  жоққа 

шығара отырып, қазақ тілінде қимылдың өту сипаты категориясы бар екенін айтады: «Нуж-

но считать, что грамматической категории вида в тюркских языках нет, но есть различные 

способы выражения протекания способа действия.... Назвать можно по разному. Есть видо-

вые  значения  в  русском  языке,  а  в  казахском  –  выражения  способа,  характера  протекания 

действия» [4, 67].

 Н.Оралбаева ғалымның тұжырымын одан əрі дамытып, аналитикалық форма, аналити-

калық форманттарды жан-жақты сипаттап, талдап берді. «Аналитические формы глагола в 

современном  казахском  языке»  деген  докторлық  диссертациясында  [1]  Н.Оралбаева  түркі 

тілдерінде,  оның  ішінде  қазақ  тіл  біліміндегі  көрініс  категориясының  зерттелуін  сипаттай 

келіп, бұл категорияның қазақ тіліне тəн емес екенін, аналитикалық формалардың білдіретін 

мағынасы қимылдың өту сипаты категориясына жататынын көрсетті. Ғалым: «Cистему зна-

чений и средств, показывающих, каким образом совершается то или иное действие, мы на-

зываем способами действия», – деп анықтама бере келіп, қимылдың өту категориясының 12 

түрін, кейінірек «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары» [5] деген 

еңбегінде 14 түрін көрсетеді.

Н.Оралбай көмекші етістіктерді көмекшілік қызметке көшудегі ерекшеліктеріне қарай: а) 

алғашқы (омонимі бар) көмекші етістіктер: ал, бер, бол, бар, бақ, баста, бол, біт, қара т.б.; ə) 

кейінгі (омонимі жоқ) көмекші етістіктер: ет, еді, екен, емес деп екі топқа бөледі [6]. Ғалым 

етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысты болса (оқыдым, оқып отырмын, оқимын), 

реалды қимыл ретінде объективті модальдікті білдіретінін, етістік білдіретін қимыл шындық 

өмірге қатысты болмаса (оқыса, оқы), неғайбіл қимыл ретінде субъективті модальдік мағына-

ны білдіретінін айта келіп, осыған байланысты райларды екіге бөледі: 1) реалды қимылды, 

яғни объективті модальдікті білдіретін ашық рай; 2) неғайбіл қимылды яғни субъективті мо-

дальдікті білдіретін – бұйрық рай, қалау рай жəне шартты райлар [7, 271-б.]. Яғни объективті 

модальдікті білдіру мүмкіндігіне қарай ашық рай басқа райларға қарсы қойылады.

 Н.Оралбай Түркия Республикасының Анкара, Кипр, Анталия қалаларында өткен конфе-

ренция, симпозиум, құрылтайларында, елімізде өткен республикалық, халықаралық конфе-

ренцияларда қазақ тіл білімінің өзекті мəселелері туралы баяндама жасады, мақалалары «Со-



7

ветская тюркология» журналында, Новосибирск, Ташкент, Қазан т.б. қалаларда жарық көрді. 

Институтымызда жұмыс істеген жылдары жарық көрген «Қазақ тілінің морфемалар жүй-

есі» (1986), «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (1989) атты еңбектері тіл біліміндегі жаңа 

салаларды қалыптастырып, осы бағыттағы зерттеулерге негіз болды. Ғалымның мұрындық 

болуымен сөзжасам 1990 жылдан бастап жоғары оқу орындарында жеке пəн ретінде оқы-

тылып келеді. 

 Профессор Н.Оралбайдың еңбектері Қазақстан аумағында ғана емес, алыс-жақын ше-

телдерде де танымал. Ғалым 1992-1994 жылдары Түркия Республикасының Анкара универ-

ситетінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жайында дəріс 

оқыды.

 Ғалымдық пен ұстаздықты қатар алып жүрген Н.Оралбай ұзақ жыл Абай атындағы Ал-



маты мемлекеттік университетінде, «Қайнар» университетінде дəріс оқыды, ғылыми жұмы-

старға жетекшілік етіп, шəкірт тəрбиеледі, мектеп қалыптастырды. 

 Бүгінде ғылымның асқар шыңына жетіп, елдің құрметіне бөленіп отырған ғалым апа-

мызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, жанұя шат-

тығына бөленіңіз. Қазақ тіл білімінің дамып, өркендеуі жолындағы берер еңбегіңіз əлі де көп 

болсын! 


Əдебиет: 

1. 


Оралбаева Н. Аналитические формы глагола в современном казахском языке. Дисс. 

… докт. филол. наук: 10.02.02. - Алматы‚ 1971. - С.40.

2. 

Сауранбаев Н.С. Семантика и функции деепричастии в казахском языке //Академик 



Нығмет Сауранбаевтың еңбектері. -Алматы‚ 2000. - І том. -179-250-б.

3. 


Маманов Ы. Глагольные виды и их выражение в казахском языке // Тюрік тілдері 

грамматикасының мəселелері. -Алматы‚ 1958. - С.53-61 

4. 

Тюрік тілдері грамматикасының мəселелері. -Алматы‚ 1958. –238 б.



5. 

Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. - Алма-

ты: Мектеп‚ 1975.- 136 б.

6. 


Оралбаева Н. Көмекші етістік //Қазақ филологиясы. - Алматы‚ 1975. - І кітап. - 65-

73 б.


7.  Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. – 390 б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   343




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет