Түрі
Анықтама
Жұрнақ
Жалаң жұрнақ
мағына жағынан да, форма
жағынан да бөлшектенбейтін
бір бүтін жұрнақ
-ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік, т.б.
Құранды жұрнақ
мағына жағынан бір бүтін бола
тұрса да, құрамы жағынан кемі
екі я онан да көп жалаң жұр-
нақтардан құралып жасалған
жұрнақтар
-шылық (шы+лық), -ымды (ым+-
ды), -малы (ма+лы), -нікі (ні+кі),
-лаған (ла+ған), т.б.
Моносемиялық жұрнақ
бір ғана мағынада қолданыла-
тын жұрнақ
-ы, -і, -лы, -лі, -лық, -лік т.б.
Полисемиялыжұрнақ
бірнеше мағына білдіруші
жұрнақ
есімше, көсемше жұрнақтарын
полисемияға жатқызамыз. Се-
бебі, олар біріншіден, шақтық
мəнде жұмсалса, екіншіден, адъ-
ективтік мəнде жұмсалады.
Синонимдес жұрнақтар Мағыналас мəнде жұмсалатын
жұрнақтар
-қыш, -ғыш, -кіш, -гіш; -шақ,
-шек; -қақ, -ғақ, -кек, -гек; -қыр,
-ғыр, -кір, -гір.
Омоним жұрнақтар
дыбысталуы мен таңбала-
нуы бірдей болғанымен, не-
гізгі мағыналары да, туынды
мағыналары да бір-бірімен
байланыспайтын жұрнақтар
-шы, -ші; -ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек;
-ын, -ін, -н; -ыт, -іт, -т; -ыл, -іл,
-л; -ыс, -іс, -с; -лас, -лес, -дас,
-дес, -тес, -тас; -ыр, -ір, -ар, -ер;
-дық, -дік, -лық, -лік,т.б.
Антоним жұрнақтар
бір-біріне қарама-қарсы мағы-
на тудыратын жұрнақтар
-лы, -лі мен -сыз, -сіз.
Төл жұрнақтар
бір тілдің өзіне ғана тəн жұр-
нақтар
-шы, -ші; -ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек;
-лық, -лік, т.б.
Кірме жұрнақтар
басқа тілден енген жұрнақтар -кер, -қой, -гер, -хана, -нама,
-стан, -и, -қор, -ов, -ев, т.б.
Құнарлы жұрнақтар
сөз тудыру жағынан өнімді
қолданылатын жұрнақтар
-шы, -ші; -ыл, -іл, -л; -лық, -лік;
-ма, -ме; -м, -ым, -ім; -ыс, -іс, -с;
-сыз, -сіз; -қы,-кі; -ла, -ле т.б.
Құнарсыз жұрнақтар
сөз тудыру жағынан өнімсіз
қолданылатын жұрнақтар
-дақ, -дек; -сын, -сін, -ыт,-іт,
-т; -ашақ, -ешек; -дар, -дер;
-қыр, -кір; -ыр, -ір; -ын, -ін, -н;
-алақ, -елек; -анақ, т.б.
Тірі жұрнақтар
қазіргі кезде сөз тудыру қа-
білеттері бар жұрнақтар
-шы, -ші;-ын, -ін, -н; -лық, -лік;
Өлі жұрнақтар
қазіргі кезде сөз тудыру қа-
білеттері жоқ жұрнақтар
-т; -ат; -іт; -айт; -ейт; -паң;
-қалт.б.
Көне жұрнақтар
ерте кезден қалыптасқан жұр-
нақтар
-ай, -ей, -й; -ар, -ер, -р; -ал, -ел,
-ыл, -іл, -л; -ық,-ік; -сыра, -сіре;
-ан, -ен; -ти, -ди, -тый.
Жаңа жұрнақтар
кейінгі кезде қалыптасқан
жұрнақтар
-нама, -неме; -уіш, -уыш; -кер,
-гер; -ма, -ме т.б.
109
Қазақ тілінің сөзжасам саласының синтетикалық тəсілінде, яғни негізге қосымша жалға-
ну арқылы жаңа сөздің жасалуында сұрақ тудырарлық мəселелер бар. Мəселен, əлі күнге
шейін сөзжасамдық қосымшаға қандай қосымшаларды жатқызуға болады деген үлкен сұрақ
ғалымдар арасында дау тудырып жүр. Ғалым Н.Оралбаева: «Тіліміздегі сөзжасам жүйесінің
тағы бір негізгі элементіне қосымша, атап айтқанда, сөз тудырушы жұрнақтар жатады. Сөз
тудырушы жұрнақтардың тілді жаңа сөзбен байытуда атқаратын қызметі өте зор. Ол сөзжа-
сам жүйесіндегі синтетикалық тəсілдің шешуші элементіне жатады. Тілімізде сөз тудырушы
жұрнақтар өте көп» [3,13] деп синтетикалық тəсілде сөз тудырушы жұрнақтардың негізгі
қызмет атқаратынын айтады.
А.Ибатов: «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігінде» былай деп жазады: «Қазақ тіліндегі
аффикстер іштей күрделі үш салаға бөлінеді: а) жаңадан сөз тудырушы лексика-граммати-
калық аффикстер, яғни сөзжасам аффикстер; ə) сөзді түрлендіруші функциональдық аффик-
стер, яғни сөзтүрленім аффикстер; б) сөз бен сөзді байланыстырушы таза грамматикалық аф-
фикстер, яғни сөзбайлам аффикстер. Бұл аффикстердің біріншісі – түбір сөздерге қосылып,
əр түрлі туынды сөздер жасайтын жұрнақтар да, екіншісі – сөйлем құрамында қолданған
сөздердің синтаксистік қызметіне байланысты түрленіп өзгеруін білдіретін жұрнақтар, үшін-
шісі – сөйлемдегі сөздерді құрастырып байланыстыру үшін қызмет ететін жалғаулар» [4,129].
Ы.Маманов: «Қазақ тілінде негізгі етістіктер тұлғасын жасайтын жұрнақтар, қызметіне
қарай екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар. Бұл сөз тудырушы жұрнақтар лексика-мор-
фологиялық қызмет атқарады. Өйткені олар сөздік мазмұны жағынан лексикаға жатады да,
ал формасы жағынан морфологияға жатады. Яғни аффикс жалғану арқылы оның тұлғасы
өзгеріп, жаңа формаға енеді; 2) форма тудырушы жұрнақтар. Бұған етіс, күшейтпелі етістік
жұрнақтарын жатқызтуға болады. Олар етістіктің түбіріне жалғанып, етістікке тəн граммати-
калық форма тудырады, жалғанған сөздердің лексикалық мəнін өзгертпей, солармен коллеря-
тивті өмір сүреді» [5,25] деген пікір айтады.
Осыған орай, тілдегі туынды сөз жасаудағы қосымша түрлерінің сипатын айқындалмаған-
дығын ескере келе, етістіктің етіс формаларының сөз жасаудағы қабілетін талдамақшымыз.
Морфологияда етіс қосымшаларын сөз түрлендіретін жұрнақтардың қатарында қарасты-
рып келдік. Ал сөзжасамда олар кейбір еңбектерде сөзжасам қосымшасы ретінде қарасты-
рылса, кейбір еңбектерде сөзжасам қосымшаларының қатарында айтылмаған.
Етіс – етістікке тəн грамматикалық категория. Грамматикалық етіс категориясы, бірінші-
ден, іс-əрекетке субъектінің қатысын білдірсе, екіншіден, объектімен іс-əрекеттің қатысын
білдіреді. Қазақ тіліндегі етіс түрлері:
Өздік етіс: -н, -ын, -ін.
Ырықсыз етіс: -ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н.
Ортақ етіс: -ыс, -іс, -с.
Өзгелік етіс: -тыр, тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз [6,82].
Қазақ тіл білімінде етіс тұлғасының қызметі мен мағынасы туралы əртүрлі ғылыми
тұжырым қалыптасқан. Профессорлар А.Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева етіс тұлға-
сын сөз тудырудың морфологиялық тəсіліне жатады деп бағаласа, Ы.Маманов, С.Исаев етіс
тұлғалары сөзжасам қосымшасы емес, «етістіктің лексика-грамматикалық категориясы» деп
қарастырған.
Етіс тұлғасын сөзжасамдық тұлға ретінде зерттеген А.Салқынбай етісті анықтау үшін,
ең алдымен, етістіктің грамматикалық категориясы бола ала ма, əлде бола алмай ма соны
анықтауға ұмтылды. Ғалым оның мынадай шарттарын ұсынады:
Біріншіден, етіс тұлғасы барлық етістіктерге түгелдей талғамай жалғана бермейді. Тек
мағыналық жəне тұлғалық валенттілік сақталғанда ғана жалғана алатын өнімді жұрнақ.
Айталық, жүр-т, жүр-дір, отыр-ыт, отыр-дыр, отыр-ыл, отыр-ын, кел-т, кел-ін, кел-іл,
кет-т т.б. сияқты сөзтұлғалар кездеспейді.
110
Екіншіден, етіс жұрнақтарының салт етістіктен сабақты, сабақты етістіктен салт етістік
жасауының өзі де оның жаңа сөз жасауға бейімділігін айқындаса керек.
Үшіншіден, етіс тұлғаларының бірінің үстіне екіншісінің жалғана алу қабілетінің болуы
оның сөзжасамдық қасиетін көрсетеді. Өйткені қазақ тілінде бірде-бір грамматикалық мағы-
на беретін тұлға бір сөз ішінде қайталанып, бірінің үстіне екіншісі жалғана бермейді.
«Қазақ тіліндегі етістердің сөзжасамдық мағынасы бар деп есептейміз. Етістер өзі
жалғанған етістіктің мағыналық құрылымын өзгертеді. Олай деуіміздің мəнісі іс-əрекетті
орындаушы өзгереді, орындаушы өзгерген соң істелген істің сапасы да өзгеретіні ақиқат деп
бағалаймыз», - деп баса айтады ғалым Д. Қуандықова [7,8].
Осы ретте біз өз ойымызды айта кетсек. Етіс категориясының өзіне тəн жұрнақтары бар.
Оларды бір-бірінің үстіне жалғай береміз. Сол үшін де болар ұяда жиі қолданылады. Бірақ
оларды қалай қолданса да етістік етістік қалпында қалып қояды. Ол жұрнақтарды жалғаға-
нымен іс-əрекеттің ортақ немесе ырықсыз істеліп жатқандығы, яки өзге біреу не өзі істеп
жатқандығы ғана беріледі. Ол формалар жаңа мағыналы сөз жасамайды.
Бірақ сөзжасам жайлы еңбектерде етіс жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалардың қата-
рында қарастырылады. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» еңбегінде «Етістерді арнайы
зерттеудің нəтижесінде грамматикамен бірге лексикаға да үйлестіру жағы нақтыланып отыр.
Соның нəтижесінде лексика-грамматикалық аспектіде тұтас танылады. Міне осыдан барып
сөзжасамда өз орнын алады. Етіс аффикстері қосылғанға дейінгі етістіктер, мейлі олар не-
гізгі немесе туынды түбірлер болсын, обьектіге қатысына қарай: 1) сабақты етістіктер, 2)
салт етістіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді»[8,279] деген ой айтылады. Осы сабақтыдан
салтқа, салттан сабақтыға түрленгендігінен сөзжасамға жатқызылып отыр. Бірақ бұлжаңа
атау тудырады дегенге дəлел бола алмайды. Жоғарыда ғалым А.Салқынбайдың да етісті сөз-
жасам жұрнақтарына жатқызатындығы жайында бірнеше пікірлері айтылды. Біріншіден,
етіс тұлғасының барлық тұлғаға жалғана бермейтіндігі жайында айтылған. Бірақ кез кел-
ген қосымша барлық негізге талғаусыз жалғана бермейді. Кез келген қосымша, мейлі қан-
дай болмасын, талғаммен, жүйемен жалғанады. Екіншіден, етістер салт етістіктен сабақты
етістікті, сабақты етістіктен салт етістікті жасайды делінген. Бір етістіктің ішінде екі түрін
жасағанымен ол сол сөз табында қалып тұр, аясы бір сөз табында ғана қалып қойды. Үшін-
шіден, етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана береді делінген. Əрине ол сөзжасам қо-
сымшаларында бар қасиет. Бірақ жоғарыда көрсетілген сөзжасам қосымшалары бір-бірінің
үстіне жалғану арқылы екінші, үшінші сөз таптарына ауысып, жаңа мағынлы сөз жасайды.
Мысалы, айқындаушы сөзінде айқын – сын есім, негіз сөз, -да - етістік жасап тұрған жұрнақ,
Достарыңызбен бөлісу: |