ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЗАПАДНО
-
КАЗАХСТАНСКИЙ
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМ. М.УТЕМИСОВА
MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
M. UTEMISOV
WEST KAZAKHSTAN STATE UNIVERSITY
Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған
«Қазақ хандығы: құрылуы, қалыптасуы және даму тарихы»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
26 мамыр, 2015 жыл
***
МАТЕРИАЛЫ
Международной научно-практической конференции
«Казахское ханство: образование, становление и история»
посвященной 550-летию Казахского ханства
26 мая, 2015 года
***
THE MATERIALS
International Scientific-Practical Conference
«Kazakh Khanate: formation, growth and history "
dedicated to the 550th anniversary of the Kazakh Khanate
May 26, 2015
Орал – Уральск – Uralsk
ӘЖК 94(574)
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Айтбаева А.Е., Аманова Ф.О.
Қызылорда қ., Қазақстан
Бабалар мұратын жалғастырып, ел аманатын арқалап келе жатқан Елбасымыз
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында биыл Қазақ хандығының
550 жылдығын атап өтетіндігімізді жариялады. Бүгінгі күннің бедері – сан ғасырлық
тарихи кезеңдердің дәйекті жалғасы. Елбасы киелі мекен Ұлытау төріндегі сөзінде: «Біз
кеше ғана пайда болған халық емеспіз»[1] ,─ деп тәуелсіздік тұғырына көтерілген
еліміздің төл тарихын қастерлей білудің маңызын айқындады.
Қазақ хандығының іргесі қаланған күннен бастап-ақ ата-бабаларымыз көршілес
елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, түрлі келісімдер де жасап отырған.
Абылай арманы –Алаш баласының азаттығы болғаны тарихымыздан белгілі. Біздің
бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі
келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан-ғайыр
жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ұмытпауымыз керек.
Кемеңгер бабаларымыз Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты
хандарымызбен бірге атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз қазақ халқының ұлттық
сана-сезімін нығайтуға зор үлес қосты.
Ел тәуелсіздігінің қазақ драматургиясына жасаған тарихи ықпалы кешегі кеңестік
кезеңдермен салыстырғанда түбегейлі ұлттық бағытқа айналуымен ерекшеленеді.
Халқымыздың сонау ғұн, сақ, түркілік дәуірінен бастап, қазақ хандығы, жоңғар
шапқыншылығы, бодандық, ұлт –азаттық көтерілістер, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін
мен кешегі желтоқсан көтерілісі дейінгі кезеңдер қазіргі драматургияның басты
тақырыбына айналды. Міне, осы үрдісте тарихи драмалар да өздерінің ұлттық
құндылықтарымен даралана бастады. Олар бүгінгі тәуелсіздіктің тарихи бастаулары
ретінде суреттеліп, тақырыптық, мазмұндық, идеялық, жалпы көркемдік-эстетеикалық
тұрғыдан сан алуан ізденістерге түсті.
Ұлы хандар тұсында қалыптасқан ұлттық сезім, мемлекетшілдік ұстаным мен
мемлекеттік бірегейлік жоңғар басқыншылығымен болып өткен қанды шайқастарда аса
қауіпті сыннан өтті. «Ақтабан шұбырынды» кезеңінде халқымыз хандық орталығы –
Түркстаннан айырылуы, атамекен жерін тастап, босқындыққа ұшырауы қалыптасу
жолында тұрған ұлттық санаға үлкен соққы болып тиді. Соған қарамастан еліміздің
ержүрек ұлдары осындай сын сағатта еш аянбай, туған жер алдындағы қасиетті борышын
асқақ абыроймен орындап шықты.
«Әдебиеттің ерекше бір түрі - драматургия театрды нысана етеді, сахнаға қойылу үшін
жазылады. Танымдық, тәрбиелік мәні бар, идеялық-эстетикалық әсері орасан күшті өнер -
драматургия тоғысуы, характерлер қақтығысы, сезімдер шайқасын көрсетіп, аса қатал
композиция талаптарын ескере отырып, ерекше көркемдік құрал - диалоггар мен
монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына
баға береді, билік айтады» [2,36] деген Ә.Тәжібаевтың пікіріне жүгінер болсақ бүгінгі күні
қазақ драмасы бұл үдерістен шығып отыр.
Ұлт тарихын зерттеуші оның іргелі кезеңіне қалам тартқан І.Есенберлин:
«Қазақтың өз мемлекеті болған. Біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып
табылады. Сан қилы тағдырды бастан кешірген халқымыз өз елдігін жоғалтқан жоқ.
Өзгенің алдында тізе бүкпей, намысты қолдан бермеген қазақ халқы «Елім-айлап жүріп,
шынайы ерліктің бай шежіресін жазып қалдырды» [3,12].
Ең алғашқы қазақ тарихи драмасы – Мұхтар Әуезовтің «Хан Кенесі» (1928). Қазақ
драматургиясында хан Абылайдың аты және оның халқы үшін еткен еңбегі алғаш рет
аталатын драмалық туынды да осы «Хан Кене» трагедиясы. М.Әуезовтің осы пьесасын
жазған кезінде Кенесары бастаған халық көтерілісінің тарихи мәні зор екенін түсінген.
Пьеса жайындағы ойын М.Әуезов: «Қазақ елі қайда барып, қайда тұратыны туралы,
басына келе жатқан ықтиярсыздыққа қарсы не шара қолдану туралы ең алғашқы рет қатты
толғанып, ойлағаны Абылай тұсында болатын. Сол Абылай тұсында ілгері күннің талай
жұмбағына шешу айтылған сияқты болып, саяси бет, негізгі пікір сол кезде белгіленіп,
қалыптаса бастаған. Сол күнде-ақ мүмкін болса, патша үкіметіне бағынбай, елдің өз
іргесін бөлек сақтау түбегейлі ниет сияқты нық байланған болатын. Орысқа қараған күн
ел басына құлдық, зорлық, ауыртпалық әкелетіні ел басшысының барлығына белгілі
болатын. Сондықтан да кейінгі заманда Кенесары, Исатай көтерілістері болса, барлығы да
Абылай заманынан суат алады»[4,36] деген пікірін дамыта отырып, әдебиеттегі Абылай
заманынан басталып, Кенесары жорығынан кейін қатары көбейе түскен, толық жүз жылға
созылған зар-заман дәуірінің өкілдері - алғашқы буыны мен кейінгі буын ақындарының
арасында да әлеуметтік сарыны, азаматтық нысанасы, яғни отарлау саясатына қарсылық
білдіру жағынан жалғастық бар деп ойын түйіндеді.
Қ.Бекхожиннің « Ұлан асуы» сан алуан материалды мол қамтып, көп мақсатты ниет етіп
жазылған шығарма екендігі, алдымен, ондағы әр түрлі қаһармандар тобынан аңғарылады. Қазақ
тарихындағы ең аты шулы хан Абылай - пьесаның түп қазық кейіпкері. Халық батырлары
Бөгенбай, Жәнібек, Бұхар жырау, қалмақ нояңдары Дабашы, Әмірсана - бәрі де тарихи, белгілі,
өмірде болған адамдар. Іздеген кісі өзге кейіпкерлердің де төркін-тегін біліп отырады.Сюжеттік
тұрғыдан алғанда пьесадағы оқиға Шоқан жазған, басқа тарихшылар айтқан хронологиялық
ізбен жүреді. Бірен-саран эпизод демесек, түгелдей таныс ситуациялар. Драматург
кейіпкерлер тілінің алыс заман шындығына лайық болуына көп күш жұмсаған.
Өкініште қолға түсіп, бармағын шайнап жатқан Әбілмансұрдың азапты халі «Тар
жол, тайғақ кешудегі» әйгілі түрме суреттерін еске түсіреді. Бостандық, еркіндік, туған
жер деп аһ ұрған Абылай монологтарында жалын атқан рух, биік азаматтық идея бар.
Ащы өзегіне түскен удай дерт. «Жарық сәуле күнім-ай! Сарыарқа елім-ай! Жүрсем,
тұрсам ерікті, бостандықты күнім-ай! Аһ, жалған-ай!», – деп тебіреніп барып, қайта
қайратына мінеді. Ата дұшпанын есіне алады.
Театр сыншысы, драматург С.Ордалиев пьесаға талдау жасай отырып былай деген
болатын: «Пьесадағы басты олқылық Абылай образының толық күйінде жасалмауында
жатыр. Оның әрлі-берлі жүгіруі көп, кіжінуі мол, айқайы басым. Ұлттық трагедиямыздың
терең толқыны тарих жалына көтеріп шығарған қабырғалы қайраткерге лайық
шамырқану,тебіреніс-толғаныс монологтары жетпейді. Абылай бойына толымды драмалық
әрекет, аршынды қимылдар табылмаса, мұндай шығарма "Ақтабан шұбырынды"
шындығын, Россиямен қосылудың мәнін реалистікпен бейнелей алмайтындығы ашық.«Ұлан
асуда» да жалпы қазақтық мені бар тарихи оқиғалар бір аймақ шеңберінде, бір жүз шеңберіңде, бір
хан төңірегінде тұйықтау секілді ортақ олқылық бар. Қ. Бекхожин бұл туындысын қазақ
драматургиясының жаңа бағыттағы, қиын саладағы алғашқы батыл барлау - ізденісі деп
санаймыз» [5,24б].
Тарихи драма тарихындағы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»(2008), Р.Отарбаевтың
«Бейбарыс-Сұлтан» (2001), Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан»(1996), М.Байсеркеновтың
«Абылай ханның ақырғы күндері» (1997), Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы»
(2010),
С.Жүнісовтің
«Сабалақ»»
(2005),
Ш.Құсайыновтың
«Томирис»(2000),
Қ.Ысқақовтың «Қазақтар», «Жан қимақ»(1995), И.Сапарбайдың «Шыңғыс хан»,
И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», «Махамбет»(2005), С.Елубаевтың «Ақ боз үй»(2006),
Ш.Мұртазаның «Тамұқ», «Сталинге хат»(2006) т.б пьесаларды айтуға болады. Бұлардың
бәрі ұлт тарихының кезең-кезеңдерін жан-жақты баяндайды.
Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» пьесасы тарихи драма болғандықтан, ұлт тарихын
драматург өзгеше қырынан суреттеген. Тәуелсіздік тудырған мүмкіншілік ұл тарихын
қайта қарау, ешбір қозғалақтамай өзінше саралау болып табылмақ. Бұл дегеніміз ойдан
тарих жасау емес, сол тарихқа оймен де, сезіммен де қарау. Болуы тиіс жайттарды болмыс
ақиқаттарына ыңғайластырып, одан ұрпаққа үлгі –өнеге, тағылым боларлық нәрселерді
екшеп алу болса, туынды осы мақсатты ұстанған тәуелсіздік кезеңінің тарихи драмасы.
Академик З.Қабдолов: «Әбіш Кекілбаев –Талант! «Абылай хан» пьесасының көп
сарындылық, полифониялық сипатын ерекше айту керек. Халық өмірінің ең бір күрделі,
қиын, қанды кезеңіне арналған трагедиялық үлкен шығарма үшін бас-аяғы жиырма сегіз
кейіпкердің алынуы туындының мейлінше ықшамдылығын көрсетеді. Прологы бар, төрт
пердеден тұратын бұл пьеса драмалық жанрдың композицияға, характерге,
психологиялық талдауға қоятын ең қатал-шарт талаптарына жауап береді»,-дейді [6.,4б].
С.Жұмабайұлы: «Бір ғажабы Ә.Кекілбайұлының «Абылай хан» атты халықтық
қаһармандық драмалық дастаны- тәуелсіздік алған қазақ елінің жаңа әдебиетінің төлбасы
туындысы болғанын айрықша айтар едік» [7,47б]деп бағалайды.
Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» (2010), М.Байсеркеновтың «Абылай
ханның ақырғы күндері» (1997), Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан»(1996) шығармаларында әр
драматург оқиғаны өзінше бастап, өзінше аяқтаған. Тарихи оқиғаны да, тарихи деректі де,
тарихи шындықты да ешкімнің өзгертуге құқы жоқ. Ондай құқық ешкімге берілмегенге
ұқсайды. Жазып отырғаның тарихи тұлға болған соң оның өмірін өзіңше бұрмалауға әсте
болмайды. Көркем шындықтың өзі тарихи шындыққа сәйкес келуі, жанасымды болуы
қажет.
Сондықтан болған оқиғалар мен тарихи дерек-дәйектерді өзгерту ешкімнен қолынан
келмейді. Кім-кім де қанша тырысса да, Абылай ханның өмірін өзінше өзгертіп жаза
алмайды. Бірақ шығарманың жалпы құрылысында көшірме болмауға тиіс. Дегенмен
өзіндік ой-пікір, тұжырым болуға керек. Көркем шығарма тарихи шындықтан алшақ
кетпеуге тиіс.
Осы орайда драматург Д.Рамазан: « Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» атты
драмалық туындысында қисынға келмейтін нәрселер бар. Бір-ақ мысал келтірейін. Әбіш
ағамыз Әмірсана атты қалмақ ханзадасын жоңғар ханы Қалдан Сереннің ұлы ретінде
суреттейді. Тарихи деректер бойынша Әмірсана 1722-57 жылдары өмір сүрген ойрат
ақсүйегінің тұқымы. Қалдан Сереннің ұлы емес, туған жиені. Әрине, Қалдан Сереннің
туған жиенін ұлы етіп суреттесе, ештеңе бүліне қоймас. Мұны мен де түсінер едім. Әбіш
ағамыз пьеса барысында Әмірсананы Абылай ханның некесіз туған ұлы етіп шығарады.
Аңыз-жырларда Әмірсананың шешесі, Еділ қалмақтарының ханы Аюкенің қызы
ұзатылып бара жатып, боран мен аяздың қатты болуынан қазақ жерінде қыстап қалады.
Содан бір қазақ батырымен көңіл қосып, Әмірсана сонда іште кеткен бала екен деген сөз
бар. Мұның да қаншалықты шындыққа жанасымды екенін білмейміз. Бірақ мұндай
деректің қазақтың аңыз-жырларында қылаң беріп қалатыны рас. Абылай ханды Қалдан
Сереннің тоқалымен көңілдес ету, одан Әмірсананы туғызу қаншалықты қажет болғанын
білмеймін. Абылай хан 1711 жылы дүниеге келсе, ал Әмірсана 1722 жылы жарық
жалғанның есігін ашыпты. Сонда Абылай хан он жасында тұтқынға түсіп, онымен қоймай
қалмақ ханының тоқалымен ойнап-күліп, он бір жасында содан бала таптырған ба? Тіпті
қалай қиыстырсаңыз да, қисынға келмейді ғой. Тарихи тұлғаның өмірін осыншалықты
бұрмалап, болмаған нәрсені қолдан болдыруға бола ма? Бұдан кейін тарихи шығармада
қандай құн қалмақ?»,─[8,26] деген ащы да болса, бар шындықты айтқандай.
Абылай қалай десек те он жасында Қалдан Сереннің тұтқынында болған жоқ. Ол
тұтқында 1741-1743 жылдың ішінде екі жылдай болған. Бұл уақытта Абылай ханның
жасы отыздар шамасында. Міне, Абылай жиырма жасар Әмірсанамен осы кезде танысып,
тіл табысады. Екеуі ежелгі дәстүр бойынша, анда дос болған. Бұл тарихта бар, болған
оқиға.
Драматург-жазушы Д.Рамазан «Абылай аңсаған азаттық» драма сюжетіне осы
тұрғыдан келді. Шығармасының басты кейіпкері – Абылай мен Әмірсана. Екеуі айнымас,
айрылмас, тілеулес дос болуға уәделесіп, «қандай жағдай болмасын бір-бірімізді
сатпаймыз, біріміз үшін біріміз отқа күйіп, суға түсеміз»,─деп анттасады.
Әрине, мұнда екеуінің де өз мақсат-мұраттары, мүдделері жатыр. Біріне-бірі қол
ұшын беріп, екеуі екі елге хан болып, ортақ жау – қытай мен орысқа қарсы бірігіп күресу
идеясы жатқанын аңғару қиын емес.
─ Сол идея жүзеге асты ма?
─ Жоқ, жүзеге асқан жоқ!
─Неге?
Себебі, Әмірсана Абылай сияқты кеңінен ойлайтын кемеңгер болмай, ой-өрісі таяз,
ұрыншақ, шектен шыққан таққұмар болып шықты. Ал ондай пасық адам мақсат,
мұратына жете ала ма? Жете алмай, желкесінен қиылды. Өкініштісі сол, өзімен бірге
жоңғар хандығын да құрдымға құлатып жіберді. Қалдан Серен өлгеннен кейін оның ұлы
Ежен хан таққа отырады. Оны өз ағасы Лама Доржы тақтан тайдырып, билікті заңсыз
басып алады. Әмірсана Дауашы ханзада екеуі оған қарсы көтеріліп, соғыс ашады. Бірақ
одан жеңіліп қалып, қазақ даласына қашып келіп, Абылайдан көмек сұрайды.
Абылайдың анты бар емес пе, ол сөзінде тұрып көмек беріп, Лама Доржыны тақтан
тайдырып, басын алады. Сөйтіп, жоңғар тағына Дауашы отырады. Әмірсана онымен де тіл
табыса алмайды, жоңғар елін жеке дара билегісі келеді. Сөйтіп, ол енді Дауашымен
соғысып, тағы да жеңіліс табады. Содан қытайға қашып барып, қытай әскерін бастап
әкеледі.
Ондағы ойы – қытайлардың көмегімен Дауашының көзін құртып, жоңғар тағына өзі
отыру. Қытай императоры оны өте жақсы пайдаланып, соның қолымен жоңғар елін
талқандап, күлін көкке ұшырып, өздеріне бағындырып алады. Бағынғысы келмегендерді
қатаң жазалап, қалмақтарды жермен-жексен етеді. Ал Әмірсананы жоңғар тағына жолата
қоймайды. Қытай императорының уәдесінде тұрмағанымен қоймай, туған халқын
қынадай қырғанын көзімен көрген Әмірсана енді қытайға қарсы көтеріледі. Содан ол
қытай әскерінен күйрей жеңіліп, тағы да Абылайға қашып келіп, көмек сұрайды.
Хан Абылай анты мен уәдесіне берік болып, Әмірсана үшін Қытайға қарсы
соғысады. Оның үстіне қытайлардың Әмірсананы сылтау етіп қазақ даласына да басып
кірмекші ойлары болғаны анық. Мысы басым, мұздай қаруланған қытай әскерін Абылай
хан бастаған қазақ жасақтары тойтарып, бетін қайтарады. Міне, осыдан-ақ Абылай
ханның бүкіл адами болмыс, бітімі, кісілік келбеті, данышпандығы, батырлығы,
қолбасшылығы, достыққа адалдығы көрінсе керек. Егер спектакльді көрген адам осы
сұрақтарға жауап таба алса, онда драматургтің де мақсатының орындалғаны.
Қазақ және көрші ойраттардың тұрмыстық суреттері мен олардың ел басшысының
психологиясына да драмада кең орын берілген.Драманың оқиғасы Абылай ханның жоңғар
тұтқынына түскен кезден бастап, халқы ақ киізге отырғызып, хан көтерген сәтіне дейін,
одан жауларына қарсы жорыққа аттанысына жалғасады. Тұтқынға түскен Абылайға
қоқаңдап қыр көрсеткен қалмақтардың іс-әрекеттері біртіндеп көз алдыңыздан
тізбектеледі. Қаһармандық драмадағы қайбір оқиға болмасын ой-санаңа тың серпін береді.
Тұтқынға түскен Абылайға қоқаңдап қыр көрсеткен қалмақтардың іс-әрекеттері біртіндеп
көз алдыңыздан тізбектеледі. Абылайдың Шарыштың жекпе-жекте басын алу сәті ерекше
тартысқа құрылған. Қалмақтардың: «Мынау ма Шарыш ағамызды өлтірген қанды қол
қарақшы!» деп қоқаңдағанда, Қалдан Серен қоңтайшының қызы Топыш сұлу «Білем,бірақ
ерлік жасап, батырлық танытатын жер бұл емес. Бұның ендігі тағдыры ұлы мәртебелі
патшамыздың қолында» деп тойтарыс береді. Осы сәт сырттан Қалдан келеді. Абылай
одан айылын жимай қасқайып қонтайшының қатарына бет алады. Жасауылдар
Абылайдың басын имекке тыраштанады. Ол «Дұшпаныма бас имеймін!» дегенде,
жалпылдаған Жалбы «Иілмейтін бас кесіледі» деп ызғарын шашқанда: «Бастың
иілгенінен, кесілгені жақсы» деп қасқайып тұрады.
Драматург тарихи белгілі оқиғалардың көлеңкесінде қальш қоймай, адамдар арасындағы
психологиялық қарым-қатынастарды бейнелейді
Өнертанушы Ә.Бөпежанова драматург-жазушы Д.Рамазанның «Абылай аңсаған
азаттық» туындысында айтайын дегені: «Кейде бір елдің тарихына, болашақ тағдыр-
талайына ықпал ететін тарихи тұлғалар болады. Кейде бір тарихи тұлғаның ақылдылығы
арқасында сол ел гүлденеді, өседі, өркендейді, қанатын кеңге жаяды немесе
ақымақтығының кесірінен күйреуге ұшырайды. Айта берсек, мұның мысалы өте көп.
Соның бір дәлелі – осы. Әмірсананың ақымақтығының арқасында қуатты жоңғар елі жер
бетінен жойылып кетті, Абылай ханның кемеңгерлігінің арқасында қазақ елі тұтастығын
сақтап қалды. Қазіргі біз ие болып отырған қазақ елінің территориясын сол Абылай
бабамыз белгілеп беріп кеткені тарихи шындық. Егер Абылай ханның көреген саясаты
болмаса, біздің де жоңғарлардың кебін киеріміз анық еді. Сондықтан Абылайдай ханды
қалай құрметтесек те жарасады» [9,96] , ─ дейді.
Тарихтан белгілі 1740 жылдары айдарынан жел есіп тұрған соншалықты қуатты
Жоңғар мемлекеті айналдырған он-он бес жылдың ішінде неліктен құлдырап, ақырында
құрып кетті? Басты себебі неде? Әрине, береке-бірліктің болмауынан, алтыбақан
алауыздықтың кесірінен. Іштей іріп-шірудің салдарынан. Егер қалмақ ханзадалары билік
үшін бір-бірімен қырықпышақ болып қырқыспай, береке-бірлікте болғанда, қытайлар
басып алып, жоқ қылып жібере алмас еді. Қалмақтардың алауыздығын қытайлар өте сәтті
пайдаланды. Пьесада Абылай ханның аузымен айтылатын мынадай қанатты сөз бар:
«Жоңғарлардың түбіне жеткен алауыздық, осы кесірлі дерттен арылмай, біздің де
көсегеміз көгере қоймас!» [8,78Б]. Бұл сөз - Абылай бабамыздың төл сөзі. Өйткені әлі де
мән-маңызын жоғалта қоймаған сөз. Қазір де бізге ең басты керегі, береке-бірлік! Онсыз
көсегеміз көгере қоймайды. Міне, көркем шығарманың айтары бүгінгі күнмен астасып
жатқанда ғана оның құндылығы мен маңызы арта түспек.
М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндері» (1997) трагедиясында автор
Абылай аузынан айтылған сөз арқылы оның батырлық тұлғасын, өршіл рухын, зор
қайратын көрсетеді. Абылай өмірінің ақтық сәтінде, соңғы сапарларының бірінде
науқастанып, жаны қыйналғанда: «...Жаудың жағасынан алып, жұлқысып жүріп өлмей,
қайдағы бір түйнектен кетіп бара жатқанымды қарашы!» [9,83б] ─ деп күйзеліпті.
Абылай жетпіске келіп, ауру меңдеп, дүниеден аттанайын деп жатқанында Бұхар
жырауды шақыртыпты. Жырау келіп:
─ Не арман тілегің бар?, ─ десе керек. Абылай қариямен бақылдасып болып, үш
арманын айтқан екен:
─ Қан көп төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.
─ Халық жер емшегін еме алмады, қала кент сала алмадым.
─ Елдің басы бірікпеді, тентегі – тебісі көп болды[9,84б], ─ депті.
Көркемдіктің барша мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланған тарихи драмада өмірдің
адамзатқа тән талас-тартыстары да жан-жақты баяндалған. Драматург
туындының
соңында Абылайдың атынан: «Уа, жасаған, уа, жұртым. Қашан үш жүздiң басы бiрiгiп,
қалың қазақ қашан бiр шатырдың астында, көп хан емес, бiр ханның билiгiнде, өз жерiнiң
шекарасын белгiлеп, өз жерiнiң байлығына, билiгiне өзi ие болып, басқаға жалпақсыз,
бөтенге жалтақсыз мықты ел болады екен. А, құдай, мен Абылай! Бiреуге сұлтан, бiреуге
хан, бiреуге Ван Абылай!» [9,97б] , ─ деген аталы сөздерi бүгiнгi заман ағымымен,
бағытымен, саясатымен сабақтастырады.
Қорыта атйқанда, бүгінгі ұрпақ –ХУ ғасырда өмірге келген қазақ хандығының тарихи
мұрагері. Елбасының көреген саясатының арқасында мемлекетіміз әлем елдерімен терезесі
тең, халықаралық беделі жоғары елге айналды. Келісім мен бірлікті ту еткен еліміз- сан түрлі
ұлт өкілдерінңің Отаны, татулық орнаған шаңырақтың айрықша үлгісі. «Айбарлы
Абылайдың аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа ол жетпегенмен бүгінгі ұрпақ жетті» деп
Елбасымыз айтқандай, қазақты бүгінгі күнге жеткізген осы береке бірлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Назарбаев Н.Абылай хан аңсаған азаттық. \\Егемен Қазақстан.-2010.-16қараша
2.Тәжібаев Ә.Шығармалар жинағы. 3 т. Драмалар мен комедиялар. А., 1980.
3.Есенберлин І.Шындық пен шеберлік.10 томдық шығ.жинағы.3т.-
Алматы:Жазушы,1984.-136б
4.Әуезов М. 20 Т Шығармалары.11Т..Мақалалар, зерттеулер. -
Алматы:Жазушы,1969.
5.Ордалиев С.Қазақ драматургиясының очеркі.-Алматы: Білім,1964.-24б
6.Қабдолов З. Ә.Кекілбаев .Дүние ғапыл.Алғы сөз.-Алматы: Арыс,1999.-3б
7.Жұмабайұлы С.Халық тағдырының тамыршысы.Таңдамалы 1Т.-Алматы:Ан
Арыс,2008.-
8.Рамазан Д.Абылай аңсаған азаттық.\\ Жұлдыз, 2011.№3
9.Бөпежанова Ә.Сарабдал суреткер.\\ Ұлт тағылымы. -2014.-19 қараша.-256б
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
Құттықтау сөз / Приветственное слово
Ноғаев Н.А.................................................................................................................................3
Алғы сөз / Вступительное слово
Иманғалиев А.С........................................................................................................................4
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС/ ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ
Әбжанов Х.М. Қазақ хандығының құрылуы мен бастапқы дәуірлері...............................5
Тасмагамбетов А.С. Қазақстанда зайырлы мемлекеттің қалыптасуы: тарихи
ерекшіліктері….........................................................................................................................9
Кульшарипов М.М. Заки Валиди и казахско-башкирские связи в начале ХХ в…..……13
Сабыр М.Б. Алтын орда мемлетіндегі ресми тілі..............................................................18
Ахметова Ұ.Т.Орынбор мұрағаты және қазақ хандығы тарихы.......................................22
Жақсығалиев Ж.Ж. Әз-Жәнібек хан Һәм Асан Қайғы тарихындағы таңдақтар.............30
І СЕКЦИЯ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӨНІНДЕГІ
ТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТЫҢ ДЕРЕКТЕР
ИСТОРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ И ИСТОЧНИКИ ОБ ОБРАЗОВАНИИ И
СТАНОВЛЕНИИ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА
Рысбеков Т.З. Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалайыри еңбектері.Қазақ
хандығының тарихы жөніндегі алғашқы зерттеулер..........................................................37
Нұрымбетова Г.Р. Президенттік билік және Қазақстандық жол....……………….........42
Рысбекова С.Т. Қазақ хандарының жүргізген сыртқы саясаты (ХV ғ. ІІ жартысы– ХVІ ғ.
20-30 жылдары) (М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди еңбегі бойынша»)........................47
Жумаганбетов
Т.С.
Образование
Казахского
государства
–
проблемы
и
обстоятельства.........................................................................................................................53
Ерімбетова Қ.М. Қазақ хандығының құрылуы хақындағы ғылыми пайымдар..............55
Атығаев Н.Ә. Тарих-И-Алфи шығармасындағы деректердің, Қазақ хандығы тарихын
зерттеудегіқұндылығы жайында...........................................................................................66
Шашаев Ә.К. «Шыңғыснама» Қазақ хандығына дейінгі хандықтардың дерегі
ретінде......................................................................................................................................71
Айдарова Ш.Ә. Жалекенова Г.Т.М.Х. Дулати - Хазірет Маулана Мухаммед Қази
хақында....................................................................................................................................77
Едилханова С.А. Магистау в период Ногайской орды (историографический очерк)….81
Едилханова С.А. Историография мирных контактов казахов и джунгар......84
Танзенов Д.Ж. Патшалық отарлаудың П.Г. Галузо еңбектерінде көрініс табуы.............87
Бауенов Н.Б. Қазақ хандығының қалыптасуы жөніндегі тарихи зерттеулер...................93
Сатканов М. Казахское ханство в XV-XVII веках.............................................................97
Мырзабаева Б.М. Р.Б. Сүлейменов – мәдениеттанушы ғалым .......................................101
Алхамова Л.К. Қасым ханның Қасқа жолы.......................................................................104
Шәріп А. ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ тарихынң зерттелуі..........................................107
II СЕКЦИЯ
МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ:
ТІЛ, МӘДЕНИЕТ, ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХ
ИСТОРИЯ ГОСУДАРСТВА И НАРОД:
ЯЗЫК, КУЛЬТУРА, ТРАДИЦИИ И НАЦИОНАЛЬНАЯ ИСТОРИЯ
Ахмет А. Кіші жүзде хандық басқаруды жою реформасы және Қаратай сұлтан.........115
Кожакметова Г.К. Правители Казахского ханства.....................………........................119
Ғанибаева Ж.А. Қазақтардың шаруа бастықтарының озбырлық әрекеттеріне
қарсылықтары (ХХ ғасырдың басы)...................................................................................122
Әбденов А.Ж. Қайдауыл батыр...........................................................................................126
Бижанова А.Е. Этническая природа социально-культурных процессов.......................130
Шуканова Э. Қасым хан - дала падишаҺы........................................................................135
Мүтиев З. Халима Өтеғалиева (1889-1984 )-ұлт поэзиясының, халық ақындарының ірі
өкілі.........................................................................................................................................140
Есетов Н.Е. Влияние русской промышленности на социально-экономическую жизнь
города в тургайской области на рубеже XIX- XX веков..................................................144
Айдарова Г.Б. Орта және Кіші жүзге енгізілген Жаңа әкімшілік реформаның мәні (ХІХ
ғасырдың 20-40 жылдары)...................................................................................................147
Нурмуханов Ж.К. Қ.Бабажанов пен оның ұрпақтары: өмірі мен қоғамдық-саяси
қызметі...................................................................................................................................153
Ізбас С.А. Жанша–Батыс Алашорда басшысы.................................................................157
Мухамбетов А.А. Аңырықай шайқасының қазақ тарихындыағы маңызы...................161
Оразаева Ж. Ж. «Қазақ мемлекеттігінің байрағын көтерген атаулы тұлғалар: Керей-
Жәнібек»................................................................................................................................166
Утегенов М.З. Ел азаматтарының азаттық олындағы күресінің тарихынан..................168
Саугабеков К.У. The problem of motivation for programming at my school………….......171
Айтбаева А.Е., Аманова Ф.О. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясындағы
Абылай-хан бейнесі..............................................................................................................175
Нургалиева А.М., Байбулсинова А.С. Империялық рухани отарлау саясатының
Қазақстандағы көріністері (Кіші жүз мысалында)............................................................180
Байбулсинова А.С. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы: тарихы, тағылымы,
мәселері..................................................................................................................................185
ІІІ СЕКЦИЯ
ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН: САЯСИ -ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ИНТЕГРАЦИЯ, ҚҰҚЫҚТЫҚ - ТӘРБИЕЛІК НЕГІЗДЕР
МИРОВАЯ ИНТЕГРАЦИЯ И КАЗАХСТАН:ПОЛИТИКО-ЭКОНОМИЧЕСКАЯ
ИНТЕГРАЦИЯ, ОСНОВЫ ПРАВОВОГО ВОСПИТАНИЯ
Бақтығұлова Б.Н. Қазақ қоғамындағы қолданбалы заңдар жинағы...............195
Амангельдина А.Б. Некоторые проблемы уплаты налога на имущество физических лиц в
Республике Казахстан……………………………………………………………………197
Өтесова Г.Е., Таңат А.С.Қазақстандық ұлтаралық келісім идеясының дамуы.......199
Рахмалиева Л.А.Өлкеміздегі ұлттық мәдениетті қалпына келтіру және қолдау
шаралары................................................................................................................................202
Бахтиярова С.Ж. Жасөспірім оқушыларыдың дене тәрбиесін дамытуда балалар мен
жасөспірім
спорты.........................................................................................................206
Матыбаева
Б.
Жиембет
жырау
шығырмашылығындағы
ел,
мемлекеттілік
ұғымдары...............................................................................................................................210
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ-СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ…………..……….215
МАЗМҰНЫ- СОДЕРЖАНИЕ…………………………………………………………….217
Достарыңызбен бөлісу: |