Онтологиянырольдік кластерлеуде қолдану. Онтология концепттерін «нысан», «құрал»,
«қасиет» және «іс-әрекет» кластары (рольдері) бойынша рольдік кластерлеуде осы
концепттерді (түйіндік ұғымдарды) әр түрлі мағыналық категорияларға орналастыру
қарастырылады. Мұндай категория концепттері «қарапайым» деп аталады. Рольдердің
мүмкін болатын комбинацияларын «күрделі» концепттерді құруда қолдану болады.
Айталық, «компьютер жылдамдығын талдау әдісі» сияқты сөз тіркесін жоғарыда келтірілген
рольдерге тән 4 қарапайым концепттен тұратын күрделі концепт ретінде қарастыруға
болады. Бұл мысалда «әдіс» – құрал, «талдау» – іс-әрекет, «жылдамдық» – қасиет,
«компьютер» – нысан ретінде болып тұр[1].
Құжаттар бойынша ақпараттық іздестіру есептерінде осыған ұқсас әдістерді қолдану
біршама дәрежеде сұранысты құрайтын ұғымдар семантикасын есепке алуға мүмкіндік
береді және іздеу дәлдігін жоғарылатады. «Әдісті талдау» деген сұратуда іздестіру жүйесі
«әдіс»-ті – нысан ретінде, және «талдау»-ды – іс-әрекет ретінде түсінеді. Бұл ретте қажет
емес құжаттар қарастырылмайды. Рольдік кластерлеуді қолдану іздестіру толықтығын
жоғарылатуға қабілетті.