Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


И    У    Я    Ю    Щ    Х    Һ



Pdf көрінісі
бет87/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

И    У    Я    Ю    Щ    Х    Һ 
 
Өкінішке  орай,  орыс  тілінің  емле-ережесі  арқылы  қазақ  тілінің  төл  сөздерінің 
жазылымына  енген  и,  у,  я,  ю    таңбаларының  (дыбыстарының  емес)  әрқайсысын  өзалдына 
дербес  дауысты  дыбыстар  деп  қабылдау  бар.  Көпшілік  (тіптен,  тіл  мамандарының  өздері, 
қазақ тілі пәнінің мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары) осыған 
әбден  ден  қойып,  психологиялық  тұрғыдан  мойындап  алған.  Олай  етпеске  амалы  да  жоқ, 
өйткені  мектептен  бастап,  жоғары  оқу  орнын  бітіргенше  оларды  дауысты  дыбыс  деп 
санасына  құя  берсе,  кімде  болса  сеніп  қалады.  Оның  үстіне  оқу  бағдарламалары  мен 
оқулықтар  түгелдей  осы  ережені  құптап  отыр.  Қазақ  тілі  дыбыстарының  құрамына 
зорлықпен  енгізіліп  отырған  «дауысты  дыбыстардың»  жөнін  табу  үшін  олар  «дауыстыдан 
кейін  дауыссыз  болады,  дауыссыздан  кейін  дауысты  болады»  деген  (мұндайда  болады 
екен!?) әлеми жұртқа күлкі болатын ереже де ойлап таптық.   
Оның зардабын әлі көріп келе жатырмыз. Тіл мамандарының өзі өздері ұсынып отырған 
әліпби  жабаларында  осы  жалған  қағиданы  ұстанып  отыр.  Мысалы,  орыс  жазуының 
ережесімен жазып келген ми, ти  т.б. сөздерді латын негізінде де mі, tі  деп жазып,  ми, ти 
деп  оқуды  ұсынып  отыр.  Сонда  қазіргі  орыстақы  емлеміз  бойынша  да  [ми,  ти],  жаңа 
латынша  да  [mi,  ti]  болып  шыққалы  тұр.  Жоба  авторлары  осы  жолмен  жазу  желісін 
үнемдеуге болады, яғни екі таңбаның орнына бір таңба ғана жазамыз деген болжамды алға 
тартады.  
3.Жоба авторларының дәйектемесіне көз жеткізу үшін «Абай жолы» романы, Әнұран т.б. 
мәтіндерге 
есептеу 
жүргізіп 
көрдік. 
Сондағы 
үнем  
0,5-0,7% ғана болып шықты. Сонда түкке тұрғысыз үнем үшін, егемендіктің арқасында ғана 
құтылғалы  отырған,  тілбұзар  емле-ережелерді  тағы  несіне  қайталаймыз  деген  ой  туады. 
Оның  үстіне  өздері  ұрынған  шым-шытырықтан  шығу  үшін  құрау-құрау  таңбалар  ұсынады. 
Мысалы,  ы[ı],  і[і],  й[ï],  ұ[u],  ү[ü],  у[û].  Мұндай  шешім  әдістемелік  тұрғыдан  өте  тиімсіз. 
Өйткені ұқсас таңбалардың үстіне үстеме белгілер қоя беруге болмайды. Себебі сауат ашуды 


92 
 
қиындатып  жібереді:  ұқсас  таңбалар  екіден  аспау  керек;  үстеме  таңба  біріне  қойылып, 
екіншісіне  қойылмау  керек.  Ал,  жазу  реформасының  басты  мақсаты  орыс  тілінің  тіл  бұзар 
ережелерінен  арылып,  қазақтың  мый  деген  сөзін  айтылуына  лайық  мый  деп  жазып,  жуан 
айтқызу, тій деген сөзін айтылуына лайық тій деп жазып, жіңішке айтқызу үшін жасалып 
отырғанын ескерсек, әріптестеріміздің бұл әрекетіне қалайша «жол болсын» демекпіз.  
4.Кез-келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи айтылымына зиян тигізбеу 
керек. Керісінші, тілдің әдеби айтылымының қорғанышы болу керек. Ол үшін: 
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу болады. Ендеше қазақ 
жазуы  қазақ  сөзінің  үндесім  әуезін  дұрыс  көрсетіп  отыру  керек,  басқаша  айтқанда,  жуан 
айтылатын  сөздің  таңбасы  мен  жіңішке  айтылатын  сөздің  таңбасының  арасында  көрнекі 
айырма болсын. 
2.  Жазу  қазақ  сөзінің  буын  құрамын  бұзбау  керек.  Мысалы,  ми-ы,  су-ы  [мый-ы],  [сұу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет