Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет47/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   418
"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
47 
СОТТА ОНЛАЙН-НЕСИЕ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАҒАН ДАУЛАРДЫ
ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жандос Кӛпжасарҧлы Жетібаев 
«M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti»
АҚ-да «Қҧқықтану» мамандығы бойынша PhD докторанты 
Қазақстан, Нҧр-Сҧлтан 
Ғылыми жетекші – з.ғ.д. профессор С.К. Идрышева
Аннотация 
Республикамызда соңғы жылдары қарқынды тҥрде дамып келе жатқан онлайн-несие қызметінен 
туындаған дау бойынша шығарылған сот шешімдері қарастырылады, онда интернет желісі 
арқылы қарыз беруші тарап несиені біржақты қҧрастырып, қолданыстағы заңнаманы ӛрескел 
бҧзып, негізсіз сыйақы мӛлшерлемесін және тҧрақсыздық айыбын талап еткені кӛрсетіледі.
Қарыз берушінің тарапынан келтірілген заң бҧзушылықтар мен олқылықтарды анықтап, оларды 
алдағы уақытта болдырмау мақсатында нақты қолжетімді шаралар енгізу ҧсынылады. 
Тҥйінді сӛздер: онлайн-несие қызметі, оферта, акцепт, сот шешімі, интернет арқылы несие, 
қарызға ақша алу. 
Елімізде соңғы жылдары заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 
кӛмегімен кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және тҧтынушылардың талаптарын 
қанағаттандыруда бірқатар жетістіктер ғылыми мақалаларда жарық кӛргендігі кӛңілге қуаныш 
ҧялатады.
Дегенменде интернет желісі арқылы тҧтынушылардың табыс кӛзіне қарамастан қысқа 
мерзімді, жылдам әрі оңай рәсімделетін кепілсіз несие беру жылдан жылға қызықтырушылық 
тудырып, несие беретін заңды тҧлғалардың саны артып, тҧтынушылардың қатары ҧлғайып келе 
жатқан жаңа тыныс беретін бағытты ілгерілету мақсатында жазылған отандық зерттеулер кемде 
кем. Осыған байланысты несие берудің бҧл бағыты жаңа ҥрдіс екенін ескеріп, интернет желісі 
арқылы онлайн-несие қызметін рәсімдеуде туындаған даулар бойынша қҧқықтық тҧрғыдан 
зерттей отырып, сотта шешу мәселелеріне мән беру қажеттілігі туындап отыр.
Жалпы жедел несиені пайдалану тәртібіне тоқталар болсақ, онда мысал ретінде онлайн-
несие қызмет кӛрсететін заңды тҧлғалардың интернет-ресурстарындағы сілтемелеріне сәйкес 
қарыз алушы кӛрсетілген займдарды ҧсыну (несие) ережелерімен танысып, қажетті сома (кӛп 
жағдайда 300000 теңгеге дейін) мен қарыз мерзімін анықтап, СМС тҥрінде келетін растауға 
арналған кодын қабылдайтын ҧялы телефонның нӛмірін кӛрсетіп, белгілі бір соманы алу ҥшін 
онлайн-несиені жасау туралы ӛтініш-офертаны қарыз берушіге жолдай отырып, ӛзінің тӛлем 
картасына аудару арқылы ақша беруін сҧрайды, ал қарыз беруші енгізілген ақпаратты зерделеп, 
несиеге берілетін соманы қарыз алушыдан қайтару мҥмкіндігін ескеріп, несиені растайды [1].
Жоғарыда кӛрсетілген тәртіппен онлайн-несие қызметі бойынша қарыз алушылар 
пайдаланған несиені дер кезінде қайтара алмай, оларға қатысты қарыз берушілер талап арызбен 
сотқа жҥгінген кездері тәжірибеде кӛптеп кездеседі. Бҥгінгі кҥні Республикамыздың аудандық 
және оған теңестірілген соттарында онлайн-несие қызметінен туындаған дау бойынша бірқатар 
азаматтық істер қаралған [2]. Оларға жеке-жеке тоқтап қарағанда, несие беру кезінде қарыз 
берушілер тарапынан кӛрсетілген несие сомасынан артық пайда табу мақсатында негізсіз жоғары 
кӛлемде сыйақы мӛлшерлемесін және тҧрақсыздық айыбын талап етуі, ал қарыз алушылар 
тарапынан электронды тҥрде несие сомасын алғаннан кейін оны мойындамауы сотта жиі 
кездеседі.
Мысалы: 2019 жылғы 22 қаңтарындағы талапкер «С» ЖШС-нің жауапкер Р-дан қарыз 
соманы ӛндіру туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының шешімін 
негізге алуға болады. Бҧнда 2016 жылы 13 желтоқсанында тараптар арасында интернет ресурсы 
арқылы шарт жасалған, аталған қҧжаттың талаптарына сәйкес талапкер жауапкерге 20000 теңгені 
31 кҥнге дейін кҥніне 2% сыйақы мӛлшерлемесімен оның банк шотына аударған, алайда 
жауапкер уақытысында шарт талаптарына сәйкес талапкерге 32000 теңгені қайтара алмаған. 
Осыған байланысты талапкер жауапкерден негізгі сома 20000 теңге, сыйақы 12000 теңге, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет