Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет107/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

молықтыра түсті, қызықтыра түсті [4, 95]. Орманды, таулы, көгалды, сулы жерде өскен 
көпшілік құм деп тітіркене келетін қазақ даласы емес, араб сахарасы екенін аңғармай қалады 
[4,  95].  Бәрі  кінәратсыз,  қитықсыз  жақсы  өтіп  жатыр  [4,  40].  Әрі  қорынып  ығысып,  әрі 
жарамсақтанып, әрі ұялған иттей қипақтап айтты[4, 97].  
Қыран  көзді,  қаһарлы  қара  мұртты,  атақты  қолбасшыны  бірден  таныдым  [4,  271].  
Осында төрт бірыңғай анықтауыш бар: қыран көзді, қаһарлы, қара мұртты, атақты. Бәрі де — 
зат есімдерге -ді,- лы,- ты жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер.  
Туған  жер,  өскен  ел,  жақын  жандарды  сағынғанда,  әр  кезде  жақсы  жағдайда  көргің 
келеді. Бұл сөйлемдегі бірыңғай толықтауыштар: туған жер, өскен ел, жақын жандарды — 
бәрі де табыс септігінде, бірақ табыс жалғауы тек ең соңғы тура толықтауышқа жалғанған да
ол басқаларына да ортақ болған.  Бірыңғай мүшелерді осылай, мағыналық, тұлғалық жағына 
қарап сөйлем құрай білуге де белгілі дағды керек. Кей тұста бірыңғай мүшелерді қос сөздер 
құрайды.  Мұндай  қолданыстар  қаламгер  шығармаларында  молынан  кездеседі.  Мысалы: 
Кіріс-шығыс, пайда –шығынның бірін елемейтіндей көрінетін Игілік бұл далада теңдесі жоқ, 
есепқор еді [4, 94]. Бұрын бақташы отыратын бұлақ бастарында үлкен-үлкен үйлер салынып, 
ұзын-ұзын завод мойындары көрінеді [4, 68]. 
 Жазушының дербес қаламгерлік еңбегінің нәтижесі ретінде  –ып, -іп, -дай, -дей, -мақ, - 
мек жұрнақтары қосылған тұлғаның сөйлемдегі қызметіне мысал келтірелік: Қық-қықтасып, 
сықылықтасып, төбет иттей үре күлісіп тұрып, жандайшаптар Сандыбайдың бір құлынды 
биесін ұттырып жібергендеріне мәз болысып қалды.  Көшпелі ел жайлауға бармақ, күздікке 
келмек,  мал  тісі  қайда  айдаса,  иесі  соған  ере  бермек  [4,  100].  Мұндай  қолданыстар  
кейіпкердің мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін ашу үшін жұмсалады. 
 
Жазушының 
сөз 
қолданыс 
ерекшеліктері 
олардың 
өзіндік 
стильдерін 
қалыптастырады.  Ғ.Мүсіреповтың  синтаксисінде  ой  қазбаланып,  жан-жақты  қамтылу 
көзделетіндіктен,  теңеу,  эпитет,  метафора,  метонимия,  синекдоха  сияқты  көріктеу 
амалдарының  қатарында  бірынғай  сөздерді  ұластырып  жұмсау  жиі  кездеседі.
 
Мысалы: 
Шекесі  шығыңқы  домалақ  бастар,  бүйірі солыңқы  ұзын  бастар,  қуық  шеке  сопақ  бастар, 
қыжыр-қыжыр  қыртысты  бастар,  кере  қарыс  ойлы  маңдайлар, тайқия  біткен  сорлы 
маңдайлар,  өнерге  біткен  ашық  маңдайлар,  өнерсіз,  еті  қалың  маңдайлар  екі  жыл 
бойы алдымнан кеткен жоқ [4, 54]. Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды 
[4, 10]. Неше көз шықты, неше бас жарылды, кімнің иесі күйе кетті [4, 90]. 
Немесе: Тоқпақтай тиетін тоқпақ жілік, «күрзідей» тиетін ортан жілік, шоқпардай 
тиетін  асықты  жіліктер  жарқ-жұрқ  етіп,  әр  жерден  өре  тұра  келді.  Бәрінің  көздегені 
келген  батырдың  шекесі  сияқты.  Мұнда  кейіпкерді  суреттеуде  синекдоха  ұтымды 
қолданылған.
 
Тағы бір мысал келтірелік. Мысалы: Не көргені аз топас көзге, не жарамсақ 
көзге  алтын  да  күміс  сияқты  көрінетін  бояуларды  Сандыбай  бақалшыдан  алған  [4,100]. 
Оларға тілейтіні қорғасындай ауыр, мұздай суық сезіледі [4, 43]. Әдетте, кез келген көркем 
шығармада  етістіктерді эксперссоид етіп жиі қолдануы көзге түседі.  Шенқұмар,  мансапқор 
топтың әмір иесіне жағынымпаз бір бейшара мінезі де осы: күрессе – жығылады, ойнаса – 
ұтылады,  қалжыңдасса  –  жеңіледі.  Ұтылар  жағына,  жеңілер  жағына  өзі  бейімделе 
береді[4,102].  
Бірыңғайлық қатарда идиомаланған, фразеологиялық тіркес, мақал мәтелдермен  
күрделеніп  келген  тіркестер  де  кездеседі.  Мысалы:  Жауластыру  –  жалшыдан
елдестіру  –  елшіден.  Орынсыз  арын,  болымсыз  ашулар...Жұманның  дауындай: 
қайнамайтын,  піспейтін  неткен  қазан!    –  Есеней-ау,  -  деді  Ұлпан  тұра  беріп,  -  Есеней-ау, 
неше күннен бері мен осы үйдің отынымен кіріп , күлімен шығып , қара жұмысында жүрмін 
ғой! [4, 168].  Отынымен кіріп, күлімен шығып – бар үй бейнетін, бейнетін арқалады, барлық 
ауыр салмақты өзі көтерді. Бұл фразеологизм әйел не келіншекке қатысты айтылады, барлық 
туыс-бауырларының  көңілін  тауып,  барлық  үй  шаруашылығына  байланысты  жұмыстарды 
атқарады деген мағынаны білдіреді.  
Сөз зергері өз туындыларында қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы 
сол дәуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасады. Мысалы, «... Желкесі жап жалпақ, 


229 
 
кеудесі қаңқайған. Кеудесімен тұтасып кеткен күждей мойында бір қазан етті бас. Екі көздің 
құйрығы екі  елідей қысылған. Қара табақтай жалпақ бетті.  Таңқиған саңырақ танау, таңқы 
мұрт,  бұйра  қара  сақалды. Арам  майы  сыртына  шығып,  киген  киімі  жып-жылтыр,  ала 
дамбалдың  ауы  өмір  бойы  тізесінен  кетпейді.  Семіз  балтыры  мәсінің  қонышын  сөгіп 
жібереді  де,  бір  жағы  қайрылып,  үнемі  жалбырап  жүреді»  [4,15].  Бұл  «Тулаған  толқында» 
повесіндегі –  Оспан  болыстың  портреті. Осы  бейнелі  сурет  кейіпкердің  сыртқы  портретін 
ғана емес, оның адами қасиеттерінен де хабар беріп тұр.      Тағы бір мысал: Бұл – жұмсақ 
қоңыр  дауысты,  кербез  киінетін,  езу  тартқанына  дейін  ақсүйек  екенін  көрсетіп  тұратын, 
Орал тауында алтын заводтары бар Рязанов деген кісі  еді[4, 102].                Жалпы жазушы 
тілі  өте  бай,  құнарлы.  Жазушының  суреттеуі  еріксіз  езу  тартқызады  және  сол  суретті  жан 
бітіріп көз алдыңызға алып келеді. «... Иін ағашпен су әкеле жатқан келіншектер Оспанның 
көлеңкесін  дәл  бсынан  басып  өтіп  барады.  Әдейі  басатын  сияқты.  Көлеңкенің  Оспандікі 
екенін  таныған  ересек  әйел  «көтек»  деп  ыршып  кетті.  Сөйткенше  болған  жоқ,  үйге  қарай 
жөнелген Оспан, көлеңкесін келіншектердің аяғының астынан өзі суырып әкетті» [3, 17].  
Жазушы  қай  тақырыпқа  қалам  тартса  да  сөзбен  өрнек  салып,  сол  тақырыпты 
оқушысына  бейнелі  сурет  деңгейінде  жеткізудің  шебері.  Жазушының  әңгімелері  туралы 
айтқанда оның ана туралы шоғыр әңгімелерін айтпай өте алмаймыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Бондарко А.В. Теория значения в системе функциональной грамматики. – М., 2002. 
2 Золотова Г.А., Онипенко Н.К., Сидорова М.Ю. Коммуникативная грамматика русского языка. – М., 
2004. – 541 с. 
3 Жақыпов Ж. Қазақ тілі функциональдық синтаксисі: филол.ғыл.докт... дисс. – Алматы, 1999. – 225 б.  
4 Мүсрепов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы. 3 томдық. – Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1980. 
5 Амандықова Г.Я. Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар. – Алматы, 1999. 
 
 
 
ӘОЖ 811.512 
МУСИНА АЙГҮЛ ДӘУЛЕТЖАНОВНА 
МУСИН ЛАИС ҚАПЕЗҰЛЫ 
Көкшетау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» 
Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университеті  
Көкшетау, Қазақстан 
musina.aigul@mail.ru

Lais68@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет