168
қылдай», «өткел сындай», «су сепкендей», «боранды түнде қасқыр шапқан жылқыдай»,
«ұшқыннан өрт шыққандай» т.б. [4, 57].
-ша/-ше жұрнағы арқылы жасалған теңеулер тобы да кездеседі:
«қасқырша өз
күшігіңді өзің жейсің бе?», «қойша бауыздамақ», «мәдениетті жұртша», «қырсыққан
итше» т.б.
М.Әуезов драмаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын өлшем
бірліктеріне қатысты теңеулер де бар:
шолақ байталдың құйрығындай тобықты, тасқын
судай, найманды даңды судай ағызып, ақылың асқар таудай т.б.
Даң сөзінің синонимі –
азан-қазан, айқай-шу, дабыр. Автор қолданысындағы
найманды даңды судай ағызып деген
тіркес «найманды шулатты» дегенді білдіреді.
М. Әуезов тілдік тұлғасында адамды сипаттауда, оның ішкі жан дүниесін танытатын,
мінез-құлқын бейнелейтін, іс-әрекет, қимылын суреттейтін теңеулерді жиі кездестіреміз:
«қаны суық өгей шеше», «ай мен күндей қарындасым», «аюдай ақырған төркіні жуан
күндесің» т.б.
Яғни автордың рухани дүниетанымы ғаламның тілдік бейнесін жасауда ой
иесінің үлес-салмағын танытады. «Жалпы тілден, соның ішінде теңеулерден халықтың
саяси-әлеуметтік өмірі, рухани дүниесі, дүниетанымы, әдет-ғұрпы, мекендеген ортасы,
кәсібі, қала берді бүкіл тарихы көрініп тұрады» [5].
В.Маслова теңеудің табиғатын лингвомәдениеттану ғылымының өзекті мәселесі деп
есептейді: «Халықтық діл (менталитет) және рухани мәдени тіл бірліктері алдымен олардың
бейнелік мазмұндары арқылы жүзеге асады» [6, 134] осы тұрғыдан келгенде, «Қарагөз»
пьесасындағы Сырымның аузымен айтылатын сөздегі теңеу автордың айрықша шеберлігін
көрсетеді:
Сырым
. Менің көзіме де көңіліме сол он қос жылқыда күңіреніп кеткен көп қыздың
Достарыңызбен бөлісу: