Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет74/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Gulzhan.mergen
@mail.ru
 
 
МАҒЖАН МЕН ЖҮСІПБЕК – ЖАН ДҮНИЕНІҢ ЖИҺАНКЕЗДЕРІ 
 
Аннотация:  Мағжан  Жұмабаев  пен  Жүсіпбек  Аймауытов  шығармаларындағы  әйел 
психологизмі  психологиялық  мотивировка  жағынан  шебер  суреттелген.  Талант 
тарландарының  қайсыбірінің  шығармаларында  болмасын  кейіпкерлерінің  рухани 
дүниесінің    көңіл  босатар  мұнтаздай  таза  мұңы,  сол  кезеңдегі  ауыр  тауқыметін, 


173 
 
ұядай  жылы  да  нәзік  сезімін  жиі  ұшырата  аламыз.  Азаттық  аңсаған  жандар,  адал 
махаббат  жолында  құрбан  болған  қазақ  қыздары,  бұдан  да  зор  ауыр  тауқымет  кешкен 
қазақтың бұйығы әйелдерінің жан сезімі көркем жеткізілген.  
Тірек сөздер:  Рухани  жан  дүниесі,  психологиялық  мотивировка,  Ақбілек, Күнікейдің 
жазығы, Шолпанның күнәсі, махаббат, бала, әйел психологизмі 
 
XX  ғасыр  басындағы  әдебиетті  осы  әлемдік,  мәңгілік  тақырыптың  етек  алған 
белең  кезеңі  ме  дерсің?!  Осы  ғасырдағы  талант  тарландарының  қайсыбірінің 
шығармаларында  болмасын  кейіпкерлерінің  рухани  дүниесінің    көңіл  босатар 
мұнтаздай  таза  мұңы,  сол  кезеңдегі  ауыр  тауқыметін,  ұядай  жылы  да  нәзік  сезімін 
ұшырата  аламыз.  Бірақ,  олардың  рухани  жан  дүниесін  психологиялық  мотивировка 
жағынан  шебер  суреттеуде  барлығы  да  Жүсіпбек,  Мағжан,  Мұхтар  сынды  әдебиет 
тарландарымен тең түсе алар ма екен?! 
Әдебиет  сынының  белді  қайраткер  сыншысы  Бақытжан  Майтановтың 
пікірінше:  «Психологиялық    мотивировка  жасау  үшін  жазушы  кейіпкер  іс-
әрекетінің  үйлесімділігі, екінші сөзбен айтқанда,  сол уақытқа, жағдайға сәйкестігі  өзінің 
характер  болмысына  лайық    адамның  ой-өрісінің  ерекшелігіне  орай  табылатын 
көркемдік  шешімнің  логикалық  қиындығын  таба  білу  керек.  Сонда  ғана  оқырман  қауым 
жазушы шығармашылығындағы кейіпкер іс-әрекетіне шүбәсіз сенеді» – дейді [1, 37].  
Жазушылардың  қайсыбірінің  шығармасында  да  азаттық  аңсаған  бұл  жандар,  адал 
махаббат  жолында  құрбан  болған  қазақ  қыздары,  бұдан  да  зор  ауыр  тауқымет  кешкен 
қазақтың  бұйығы  әйелдерінің  жан  сезімін  жеткізе  отырып,  олардың  еркіндікке  жетуін  өз 
қуанышындай көреді.  
«Отан  отбасынан  басталады»  дегендей,  әйелді  қоғамдық  ортаның  ұйытқысы  ретінде 
танытады.  Ерлер  жағы  өздерімен  өздері,  салт  ат,  сабау  қамшымен  жан-жақта  жүргенде, 
төңірегін уыздай ұйытып, балаларын асырап, үйлік ұйымының басын құраған да – әйел.  Осы 
әйелге  теңдік  бермей, күйкі   халде күң қып  ұстау  тек бір  адамға ғана  емес, барлық қоғамға 
жасалған  қиянат  екенін  түйіп  айтады.  Өйткені,  адам  қоғамындағы  адамгершілік  –  ана 
тәрбиесінің нәтижесі. Ал, өмірде «әділет, мархабат, махаббат» деген нәрсенің атын естімеген 
ананың  адамды  адамдыққа  тәрбиелеудегі  өрісі  қандай  болмақ?!  Демек,  адам  бойындағы 
жаман қылық, жат мінездің бәрі бас бостандығы жоқ, сондықтан екі үйдің арасындағы пыш-
пыш өсек,  ғайбаттан  әрі  асып  ешқайда бара   алмай қалған  бұйығы, рухани  мүгедек  әйелдің 
сорлылығына  байланысты  екенін  дәлелдей  келе,  «Әйел  басындағы  тұман  айықпай,  халыққа 
адамшылықтың  бақытты  күні  күліп  қарамайды.  Ал,  қазақ  мешел  болып  қалам  демесең, 
тағылымыңды, бесігіңді түзе!» – деп ойшыл тұжырымдарын жасайды [2, 327]. 
Француздың    атақты  жазушысы  Дюма  үшін  тарих  жеке  тағдыр  тақырыбына  салынған 
суреттерді  ілетін  қабырға  болса,  ал,  Аймауытов  шығармаларын  оқып  отырғанда,  керісінше, 
жеке  адам  тағдыры  –  қабырға,  ал,  тарих  соған  ілінетін  сурет  іспеттес.  «Ақбілек»  романын 
мұқият  оқыған  адам  кейіпкердің  өмір  жолы,  тағдыры  арқылы  сол  дәуірдің  қалтықсыз 
шындығын анық көреді.  
Ж.Аймауытов  қазақ  прозасында  әлемдік  әдебиетте  ғана  ұшырасатын  үлкен  жаңалық 
әкелді.  Оның  бірі  –  авторлық  обьективті,  яғни,  бейтарап  поэзияны  ұстай  білді  де,  екіншісі, 
өмірдегі  құбылыстарды  қолмен  ұстағандай  суреттеп,  адамның  жан  дүниесіндегі  ой 
қайшылықтары  мен  сезім  қайшылықтарына  терең  бойлап,  психологиялық  прозаның  негізін 
салды. 
Романның  оқиғасы  басталар  басталмастан-ақ  былғанышты  қорлық  пен  зорлық  көрген 
Ақбілектен  қандай  кейіпкер  жасауға  болатынына  көз  жеткізу  оңай  емес.  Бірақ,  жазушы 
Ақбілекті тамұқ отынан алып шығып, «жүрегін алтын легенге салып жуғандай, анадан жаңа 
туғандай»  жанын  тазартып  алып  келгенде,  оқырман  да  Ақбілек  тағдырына  мүлдем  басқа 
көзбен  қарағандай  болады.  Ақбілек  бейнесінің  артықшылығы  –  оның  психологиялық 
тереңдігінде,  табиғилығында,  нанымдылығында,  тарих  оқиға  ағымында  образ  логикасының 
заңды дамып, дұрыс шешімін табуында жатыр.  


174 
 
Ақбілек пен жұбайы Балташтың ара қатынасы бұрынғы қазақ әйелі басында, әйел мен 
ердің  арасында  болмаған  жай.  Жаңа  өмір  әйелді  осыған  жеткізді,  әйел  мен  ерді  бір  қатарға 
қойды.  Кешегі  жуас,  бұйығы,  ұялшақ  Ақбілек  өнерлі  жастардың  қатарына  қосылған,  тек 
«ақсақалдың  ғана  баласы  емес,  көптің  баласы»  атанды.  Әрине,  Ақбілектің  бұл  күйге  жетуі 
оңай  бола  салған  жоқ.  Жазушы  оның  қайшылықты  тағдырын  жеңілдетпей,  үлкен 
психологиялық  образ  дәрежесіне  көтере  білді.  Қыздың  ақ  солдаттарының  қолына  түскен 
кездегі, қара мұртпен кездесулеріндегі жан күйзелісі романда жарқын суреттелген. Осындай 
күйзелістерде  ол  жаттың  қолына  түсіп,  масқара  болғанын  намыс  көріп,  қатты  күйініп, 
күйзеліп,  ел  бетіне  қараудан  жасқанып  өзіне  тек  өлім  тілейді.  Бірақ,  біз  жас  қыздың  жан 
дүниесі  тебіреніп,  өмірден  түңіліп,  күйрей  жаздаса  да,  болашақтан  зор  үміт  күтіп,  әділетке 
сенімін  жоғалтпаған,  тірліктің  мазағына  күйсе  де,  келер  қуаныштан,  қонар  бақыттан  үміт 
үзбеген адамның ақ адал жан сырын ұғамыз.  
Аймауытовтың  әйел  тақырыбына  жазған  келесі  шағырмасы  –  мазмұны  мен  болмыс 
бітімі  жағынан  Ақбілектен  мүлдем  өзгеше  шығарма  «Күнікейдің  жазығы».    «Күнікейдің 
жазығы» повесін  оқып шыққан әрбір оқырманға Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» 
повесіндегі Шолпан бейнесінің көз алдына оралмауы неғайбыл.  
«Күнікейдің  жазығы»  мен  «Шолпанның  күнәсі»  повестері  бір  қарағанда  тақырып 
мазмұнынан ұқсастық тапқанымен, ой-иірімінен күнә мен жазықтың арасында үлкен айырым 
жол тұрғанын аңғаруға болады. Әйел тақырыбына жазылған шығармалардың көпшілігінен өз 
теңіне  қосыла  алмай,  кертартпа  әмеңгерлікке  лағнет  айтып,  мойнына  түскен  теңсіздік 
ноқтасынан  біржола  құтылу  жолында  жүректері  қан  жылаған  қазақ  әйелдерінің  мұң-зарын 
көрсек,  ал, бұл  екі  шығармадағы  әйелдер тағдырының  жөні  мүлде  бөлек.  Бұл  екеуі  де  –  өзі 
сүйген  адамына  қосылған  ерікті,  азат  әйелдер.  Ал,  сонда  бұлар  бұл  өмірде  неге  бақытсыз? 
«Тағдырдың  әр  адамға  берер  өз  сыбағасы  болады»  дегендей,  сол  тағдырдың  тағдырлас, 
мұңдас екі әйелге тартқан сыбағасы қандай еді?! 
Шығарманың басында  басты кейіпкер кедей қызы Күнікей еті тірі, пысық болып өседі.  
Өзінің  жаратылысы  ешкімнен кем  емес  екенін,  өз  көңілін  бай  қызына  бермейтінін  жазушы 
нақты  детальдар  арқылы  көрсетеді.  «Шешеге  қарап  қыз  өсер»  дегендей,  Күнікейдің  еті 
тірлігіне, жанарының ойнақшып тұруына шешесі Шекердің ықпалы жоқ деу мүмкін емес. 
Баланы  іспен  емес  сөзбен,  үлгімен  емес  ақылмен  үйретпекші  адам  сорлы  емес  пе? 
Шекер өзіне құдай жұқтырмаған байсалдылықты қызына оқыды. Ал, қызы болса өсе келе 
оқығанды емес, көргенді тоқыды. «Бозбаламен неге өзі ойнайды?» деген сұрақ Күнікейдің 
ойына беки берді.  Он төртке аяқ басқан соң-ақ көзі жанып тұрған Күнікей анасынан құрық 
әкетті. Осы кезеңге дейінгі жас қыздың сезімін:   
«Ол кезде Күнікейдің бала кезі, 
Сүю мен жек көруден таза кезі. 
Сонда да: 
Мені сүйген жігітте  не арман бар? 
Айтып тұрған секілді отты көзі», – деп жазушының 
өзі  айтқандай,  осы  жолдар  кейіпкердің  сүттей  ақ,  көңілі  пәк,  мөлдір  жаратылысын 
білдірмей ме? [3, 235]. Мұнда авторлық симпатия бар. Қыздың сәбидей сүйкімді адалдығы, 
өзінің бойжеткеніне сенбей таңырқауы, жұрт алдында қысылу сезімі бар. Бірақ, заманы, 
ортасы, отбасы тәрбиесінің әсері жас қызды өзгертпей қоймады. 
Повесть  басталғанда  Күнікейдің  жалғыз  қараңғы   үйде  күйзелісте  жатқанын 
көре  аламыз.  Маңында  ешқандай  адам  жоқ,  иесіз  қалған  үйдің  ішінде  жалғыз 
ауру  әйел.  Неге  олай,  күйеуі  қайда?  Туған -туыс,  балалары  қайда?  Күнікейдің 
серігі  әйнектен  ескен  жел  болды.  Күнікей  жалғыз  жатқанда  қос  қарлығаш  ел 
болды.  Адамзатқа  не  болды?  Күнікейден  безгендей,  Күнікей  мәңгі  өлгендей, 
суық  топырақ  көмгендей.  Баласы  қайда  Күнікейдің  «апалап»  бір  уақ  келетін? 
Жұбайы  қайда  Күнікейдің  қияметтік  жолдасы?  Күнікей  бүйтіп  жатқанда  жастық 
қойып  басына,  қолынан  сусын  беретін.  Елі  қай да  Күнікейдің  келіп-кетіп 
жүретін? Жазығы не еді әйелдің...  


175 
 
Жазығы  сол  атам  заманнан  келе  жатқан  шариғат  заңын  бұзып,  атастырған 
күйеуін  менсінбей  өз  еркімен  Байманды  сүйіп  қосылуында  екен.  Бірақ,  сүйіп 
тиген  жары  сертін  бұзып,  «сәби  сүйе  алмадың»  деп  Күні кейден  безіп,  жаңадан 
үйлену  қамында  жүрген  көрінеді.  Бұл  Күнікейдің  тән  ауруына  жан  ауруын 
жамап,  жүрегін  жаралайды.  Дәл  осы  сәт  Шолпанның  тағдырын  еске  түсірелік. 
Шолпан  кім?  Ол  да  Күнікей  сияқты  өз  теңіне  қосылған  бақытты  әйел  емес  пе 
еді?!  Мал  орнына  сатылып,  сүймеген  жанға  жар  болатын  қазақтың  сансыз 
қыздарының  ішінен  дараланып,  өзінің    сүйгеніне  тиген  Шолпан  бастапқы  кезде 
махаббат буымен бала керек қылмады.  «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады»  
– деп ойлайтын еді [4, 117].  
Күн  шығыстан  ақ  жібектей  таң  атып  келе  жатқан  мезгілде,  өзге  адам 
сәждеге  құлап,  маңдайын  топыраққа  бұлғап,  тасқа  ұрып  тәңірден  бақытты 
тұрмыс,  өшпес  байлық,  кетпес  бақыт  тілесе,  ал,  Шолпан  күрсіне -күрсіне 
жаратқанға  «бала  бере  көрме»  деп  жалынып  еді.  Затында  баланы  жек 
көргендіктен  емес,  ерімен  арасындағы  жібектей  нәзік  махаббат  жібі  үзілмеу 
үшін,  сол  ізгі  махаббатқа  басқа  бір  жан  келіп,  тап  бас  салмау  үшін  бала 
болмауын тілеп еді. 
Жас  жүректің  ұйытқыған  жалау  тілегі  қабыл  болды  ма?  Иә,  қабыл  болды, 
өйткені  Шолпан  бала  сүйген  жоқ.  Арада  3-4  жыл  өтсе  де,  сүйген  жары 
Сәрсенбайға    Күнікейдің  Байманының  әрекеті  түгілі,  ойы  да  келген  емес.  Өз 
сыры  өзінде  жатыр  ма  кім  білсін?!  Бірақ,  көрші  балаларының  қылықтарын,  іс -
әрекеттерін  айтып,  мәз  болып  келетін  Сәрсенбайдың  жүзін  көргенде  Шолпан 
өткен  ойына  қатты  өкініп,  жүрегі  қан  жылайтын.  Осы  түннен  былай  қарай 
Шолпанның  бар  тілегі  бала  болды.  Талай  түндерде  өкініштен  көзден  ғана  емес, 
жүректен  де  ыстық  жас  төкті.  Күн  сайын  сәждеге  кұлап,  тек  бір -ақ  тілек 
тіледі.Ол  өмірінің  мәніне  айналған  бала  ғана  болатын.Тәспиғын  санап 
«сұхбаналлах»  айтты.  Бірақ,  бола  болмады.  Шолпан  өзінің  бұл  жолға  түсу 
себебі, тек бала үшін екендігін ешкімге айтқан жоқ. Тіпті жанынан  жақын жары 
Сәрсенбай  да  білмеді.  Ауыл-аймақ  Шолпанға:  «пірәдар  келін,  пірәдар  жеңге, 
пірәдар  абысынымыз»  деп  те  ат  қойды.  Үлкен  де,  құрбы  да,  бала -шаға  да  күлді. 
Бірақ,  Шолпан  жүрегіндегі  жараны  ешкімге  айтқан  жоқ.  Теңіз  терең  емес, 
адамның  жаны  терең  деген  осы  емес  пе?!  Не  керек,  жақын -жаттың  ортасында 
жалғыз  болды.  Бітеу  жара  болып,  жалғыз  ө ртенді,  жалғыз  жылады,  Тәңірден 
медеу сұрады. Бірақ та бала болмады. Бала, бала... сол бала үшін қандай ессіздік 
істемеді есті Шолпан?!  
Күнікей  мен  Шолпан  тағдырының  екінші  ұқсастығы  –  сол  ортақ  мәселе 
бала.  Ақбілек  үшін  сол  бір  кездерде  керек  етпеген  нәресте,  тағдырлас,  мұңдас 
екі  әйел  үшін  қол  жетпес  шыңның  биігінен  сағымдай  бұлдырап  көрінуінде  еді. 
Аспандағы ай боп көрінген сол бір сәби дің болмауы екі жас сұлудың өмірін тәрк 
етті.  Бірақ,  Шолпанның  Күнікейден  бір  өзгешелігі  ол  тағдырдың  дегеніне 
бағынбай  шың  биігінен  бұлдырап,  күлімсіреп  көрінген  сәбиге  қолынан  келген 
тірліктің  бәрін  жасап,  өзіне  жақындата  бастағандай  болды.  Бірақ,  бұл  ан аның 
тірлігі  шариғат  заңын  бұзған,  қисық  жолмен  келген  күнәлі  тірлік  еді.  Сол 
кешірілмес  күнәнің  салдарынан  сүйген  жарынан  талақ  болып,  сегіз  жыл  айдай 
арманы  боп  кеткен  жас  сәбиін  жарық  дүниеге  де  әкеле  алмай,  өзімен  бірге 
бақилыққа ала кетеді.  
Осы  шығармадағы  Шолпан,  Күнікей  сияқты  бас  қаһармандардың  тағдыры, 
мінезі,  сезімі,  іс-әрекеті  өмірдегі  көптеген  таныс  тіпті,  бейтаныс  кісілерді 
еріксіз еске түсіріп отырғандығымен оқырман қауымға жақындай түседі. Өзіндік 
мұңдылығымен,  табиғилығымен  мәңгі  есте  қалат ын,  өмірде  көптеген 
протоптиптері бар образдар. 


176 
 
Сондықтан,  біз  бұл  шығармаларды  реалистік  психологизм  принципін 
басшылыққа  ала  отырып  жазылған  көркем,  шыншыл  туынды  деп  есептейміз. 
Осы  принцип  бойынша  кейіпкер    жанарындағы  нұр  мен  мұңның  құлпырып 
құбылуын  қалт  жібермей,  адам  жүрегіндегі  күйініштің  табын  айнытпай 
жеткізуде  үлкен  шеберлік  танытқан  Мағжан  мен  Жүсіпбек  сынды  талант 
тарландарымыздың құдіреттілігіне қалай таңданбауға болады?! Бұл жазушылар –
әдебиет  көгінде  алыстаған  сайын  биіктей  түсетін  жұмбақ  та ,  шоқтығы  биік 
жарық жұлдыздар. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1  Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 37-б. 
2.  Әуезов М. Адамдық негізі – әйел // Таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1997. – 327-
б. 
3.  Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы, І том. – Алматы: Жазушы, 1996. – 235-б.      
4.  Жұмабаев М. Шығармалары, І-ІІ том.–Алматы: Жазушы, 1996. – 117-119 бб. 
 
ӘОЖ 811 (5Қ) 
ТАСҚЫНБАЙ БЕЙБІТ НҰРЛАНҰЛЫ 
СМАГУЛОВА НУРГУЛ КАИРБЕКОВНА 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
 Көкшетау, Қазақстан  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет