Назыкештің бірдеме дегені күрең тақияға тағылған бір шоқ үкінің дірілінен ғана байқалады [4, 28].
Қаламгер кейпкерлерін әр қилы адамдармен қарым-қатынасқа түсіріп, олардың
өздеріне лайық философиялық ой-түйіндерін тұжырымдатады. Сол арқылы өз
қаһармандарының характерін жасайды. Мысалы, - Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің, мен сенің саяңда шырылдаған бозторғайым. Бұл сөйлемдегі бәйтерек
пен бозторғай сөздері Есеней мен Ұлпан бейнесін тағы бір қырынан аша түсетін тамаша ой
өрнегі. Өмірден көргені мен түйгені мол ақнардай асыл ананың жарқын бейнесін оның тек
өзіне тән ой-сана дәрежесін көрсететін салиқалы, парасатқа толы сөздері арқылы айқын
аңғарамыз. Суреткердің ауыстырудың ұлғайған түрін жасаудағы мақсаты сөзді құбылту
арқылы ұғымды тереңдету, ой образын үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту. Әр сөздің
сырын тереңінен түсініп сарабдал пайдаланатын Ғ. Мүсірепов бұл тәсілді әрі ұтымды, әрі
әсем қолдана білген.
Жалпы әйел адамдар ер адамға қарағанда эмоциясын ерекше білдіре алуымен қоса, оны
тілдік қатынас арқылы жеткізе алу мінезімен де бөлек. Әсіресе қуану эмоциясын білдіретін
вербалды және бейвербалды әрекеттердің куәсі боламыз. Қуaну – aдaм мінез-құлықтарының,
aлғaн әсерінің жоғaрғы деңгейі. Бұл процесте субъектіге адам жеке және эмоционалды
бағасын береді. Қуану сәтінде олар ішкі сезімдерін, алған әсерін бүкпей қасындағыларға
айқын көрсетеді. Адамдар арасында қуану түрлі деңгейлі, бірнеше өлшемді болады [3, 47-
58бет].
187
Әдетте қуaну кезінде әйелдер “Аллаға”ризалығын білдіріп, барлық жақсылықтың келуі
соның жіберген “рахымы” деп түсінеді. Сондықтан, қуану сәтінде әйелдер “Құдайға”,