жaнжaл, кектесу, ұрыс кездерінде байқалады. Белгілі бір оқиғаға ашуланған кезде әйелдер
қарғыс сөздерді, тұрпайы лексиканы қолдану арқылы қарсыласына тойтарыс береді. Мектеп
жасына дейінгі, балабақшадағы тәрбиеленуші ұл балаларды бақылай отырып, қыздарда
қорқақтық пен өзін-өзі қорғай алмаушылық әрекеті көрінеді. Олар жанама вербалды
агрессияға барады. Яғни, өсек айтады, қарғыс тұрпайы сөздерді қолданады. [4, 153 бет].
Мысалы: – Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді! Қалмақ басқырдың ауылы деуге аузы қалай барады екен? – Өз басына келсін! Жер жастанғыр балалары қандай сотқар еді! Ұлпан келіннің амандығын тілейік. Сазайын талай тартқызар әлі!… (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). –Кет әрі, ұятсыз… Кет!– деп, жалаңаяқтарымен құмды осып, жерді тырналап жатып, басын шайқады (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). –Бұзақы, сайтан… – деді маған. Бірақ, төрт тағандап жүре алмады, қолдары бүгіліп құлай кетті (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). ... –Әй залым! – деді Ұлпан. -Әй залым! Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін! Бұл дүниенікі ол дүниеге кетпейтін. Сибаннан көресің көресіңді (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). – Ойбай, ақ патсан, тимейін марыңа тимейін. Ендігәрі көз тіксем бесікте жатқан бөбегімді көрмейін! – деп аңшы Мүсіреп қарғана бастады.