95
жатыр. 1933 жылы Абай шығармаларын баспаға шығарған Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
шығармасын жазуға кіріседі. 1934 жылы Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді әдебиет
және ғылым қайраткерлері Абай шығармалары жөнінде көлемді мақалалар жазды.
Осылардың ізін жалғаған зерттеушілер көбейеді. Б.Байғалиевтің "Абай өмірі – мұрағат
деректерінде" монографиясы, Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Мырзахметұлының
"Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары" монографиясы, "Абай және Шығыс
монографиясы", Қ.Салғариннің "Тереңге тартқан тамырлар" зерттеуі, С.Оразалиевтің "Абай
және Дауани", Ғ.Есимовтің "Хакім Абай", А.Машановтың "Әл Фараби және Абай",
Ж.Ысмағұловтың
"Абайдың
ақындық
тағылымы",
М.Бекбосыновтың
"Абайдың
библиографиялық көрсеткіштері" (1965, 1988, 1995) осы сөзімнің дәлелі. Абайды зерттеу
Тәуелсіздің жылдарында жалғасын тапты. Бұл кездегі Абай мұраларын зерттеушілер Тұрсын
Жұртбай, Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай және т.б. Алғашқы ұстаз Ыбырай
Алтынсаринды ең алғаш зерттеген ғалымдар М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов,
Ә.Сыдықов, С.Мұқанов т.б. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа ғұмырында қазақ жеріндегі
барлық ғылымға өз елеулі еңбегін қосып, сол ғылымдардың іргетасын қалап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: