34
оның шығармашылық өмірінің жан-жақты қарастырған ба? Бұл туралы С. Жәбмек
«Бернияздың өмірбаянына қатысты деректер өте мардымсыз, тапшы. Жиырмасыншы
жылдардағы қазақ газеттеріне шыққан замандастарының бірлі-жарым естеліктері мен бірді-
екілі монографиялық еңбектердегі ақынның өміріне қатысты айтылған деректер ғана бар.» -
деп алады да ақын өміріне қатысты тарихи деректерді келтіреді. Зерттеуші Бернияз
Күлейұлының шығармашылығын жақсы білетін журналист Мерғали Ешмұхамедұлының
“Еңбекші қазақ” газетінің 1928 жылғы 30 наурыз күні шыққан №72 санында жарияланған
“Күлейұлы Бернияз” деген мақаласындағы негізгі ойды тірек етіп зерттеу жасағанын айтады.
Бұл ғалымның ақын өмірі мен шығармашылығы туралы ақынды көзі көрген замандасының
деректерінен бастағандығын көрсетеді. Сондай-ақ, «Бұдан кейін “Еңбекші қазақ” газетінің
1923 жылғы №19 санындағы ақын қазасына байланысты берілген “Бернияз Күлеев” деген
азанаманы (некролог) осы газеттің 1923 жылғы 1 наурыз №69 санындағы Таласбаевтың
«Бернияз Күлеев» деген мақаласын, Ақдәулетұлы Әбділдәнің Мерғали Ешмұхамедұлының
мақаласын сынау мақсатында жазылған, айтыс ретінде деп берілген осы газеттің 1928 жылғы
10 сәуір №81 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз туралы» деген мақаласын,Жетісу
облыстық «Тілші» газетінің 1923 жылғы 20 наурыз №28 санындағы Мағжан Жұмабаевтың
«Берния Күлеев»деген мақаласын ақын өмірбаянына қатысты аздап деректер алуға болатын
нұсқаларға жатқызуға болады» -деп ғалым әдебиеті тарихындағы тарихи деректерге мән бере
отырып жүргізілетін зерттеу жасайды.
Ғалым ретінде ақын өмірін жете зерттеген адам енді жазушы ретінде Бернияз Күлеевтің
өмірінің соңғы кезеңі туралы «Наган жыры» деген әңгімесінде жазған. Әңгімеде татар қызы
Зейнеп пен Бернияз арасындағы шынайы таза сезім мен сол сезім жетегіндегі екі жастың
қазасы туралы айтылады. Шынайы таза махаббаттың құрбаны болған екі жастың соңғы
диалогтары да сәтті берілген. Авторға сөз берсек: «Сары уайым мұны да иектеп алған.
Бернияз өзінің соңғы кезде іштей бір берік байламға бел буып жүргенін қызға сездірмек
болды.
-Біздің махаббатымыз бақытсыз да баянсызда болды-ау, Бернияз-деп Зейнеп солқылдап
ұзақ жылады.
- Қойшы, жыламашы, жаным! Енді мен не қылайын! Өзімнің де қолымнан келер
дәрмен жоқ. Мен бір шешімге келмекші болып отырмын.
-Қандай шешім?
-Сені кездестіргенде өзімді бақытты сезініп ем! Енді дүниедегі ең бақытсыз мен екем!
Сенсіз маған бұл өмірде қызық та, мән де жоқ! Сенсіз өмірдің құны маған бес тиін. Сен
маған ренжіме. Мен кетемін. Мені бұл ақырғы көруің. Қош!
-Қайда?!-деп Зейнеп шошып кетті.-Еліңе кетпекшімісің?
-Жоқ, жаным!
Сені тастап, мен еліме қалай қайтам! Мен о дүниеге аттануға біржола бет
қойдым. Сенсіз өмір-тұл! Көп ойланып, толғанып, жүрегімді қатайтып, осындай қатал
шешімге келіп отырмын. Мені бұл жолдан ешкім қайтара алмайды. Сөкпе! Жағдайымды
түсінерсің, кешір мені!-дейді, Бернияз алабұртып, дауысы дірілдей шығып.
-Бернияз, не дегенің?! Мені жалғыз тастап қалайша кетпекшісің? Мені де ала кет!
Будым мен де басымды осы шешімге! Кетсек бірге кетейік! Сенсіз маған да өмір жоқ!
Артыңда қала алмаймын! Саған деген махаббатым маған бәрінен де жоғары!-деп, Зейнеп
қыстыға жылап, басын жігіттің омырауына қойды. Олар өзара ақылдасып, берік бір байламға
келді. Үнсіз келісіп, қабақпен ұғынысты.» Автордың шешімді тез шығарып, кейіпкерлерінің
тағдырын бірден шешкені әңгіменің новеллалық сипатын танытқандай.
С. Жәмбектің «Себезгі сырлар үзігі» атты шығармалар жинағына кірген бұдан басқа да
«Күрмеу» әңгімесі, « Жазмыш» хикаяты, «Шоқан боп сүйген жүрек» драмасы және 5
дәптерден тұратын «Себезгі сырлар үзігі» роман-эссесі бар. Автордың әр эссесіндегі
кейіпкерлер өмірден алынған. Әрқайсысының өз тағдыры мен өз өмір жорлдары бар.
Жазушы ретінде Сәбит Жәмбек реалистік сипаттағы шынайы өмірдің бар болмысын көз
алдымызға әкеледі.
35
Қорыты келе Сәбит Жәмбек ұстаз, ғалым, жазушы, драматург ретінде өз қаламынан
көптеген асыл дүние тудырған қаламгер деп айта аламыз. Ғалымның мерейлі шағында
өткізіліп отырған ғылыми конференция жұмысына сәттілік тілей отырып, профессор Сәбит
Жәмбекке ары қарай да шығармашылық табыс тілейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 С.Жәмбек. Бернияз Күлеев. Монография. – Көкшетау. 2006
ӘОЖ 821.512.122
ҚАДЫРОВ ЖАНБАЙ ТҰРАРҰЛЫ
М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Петропавл,
Қазақстан
zhkadyrov_777@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: