ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Аннотация: мақалада қазақ тілі сабақтарында қолданылатын бірнеше педагогикалық
технологиялардың тиімділігі көрсетілді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының білім
алушыны дамытудағы рөлі айқындалды. Нақты тапсырмалармен теория практикамен
ұштастырылды.
Ж.У.Кобдикова
мен
Ж.А.Қараевтың
деңгейлеп-саралап
оқыту
технологиясының қазақ тілі сабақтарындағы тиімділігі көрсетілді. Модульдік оқыту
технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі айтылып, практикамен
ұштастырыды.
Тірек сөздер:Технология, оқыту, инновация, әдіс, дамыту, сын тұрғысынан ойлау
технологиясы, модульдік оқыту .
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс», – деген болатын
[1]. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі.
Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын
324
толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап
етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі.
Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы. Оқушыны өз қалауымен білім алуға, ол
үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез-келген
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жаңа білім парадигмасы бірінші
орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып
отыр. Қазіргі уақытта басты талап – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу [2].
Шыныменде, қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін
ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім үрдісінде тиімді және
білім сапасын көтеруге ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу
бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу деп көрсетілген [2].
Жаңа педагогикалық технологиялардың басты мақсаты – оқушының оқу-танымдық
әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Оқытудың жаңа
педагогикалық технологияларын меңгеру педагогтен орасан зор іскерлік пен
шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі
ізденістер педагогтің жаңа педагогикалық технологияны меңгеріп, инновациялық тұрғыдан
жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану төмендегі кезеңдер арқылы жүзеге
асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: оқу-тәрбие процесіне ендіру;
IV кезең: дамыту;
V кезең: нәтижесін шығару.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры. Ғылым, қоғам дамуы
салаларының мазмұны жаңарып, өзгеше сипат алуда. Қазіргі педагогика теориясына елеулі
өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды, әрі білім беру құрылымында жаңа
технологиялар өмірге келуде. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық адами қабілетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты міндет – оқушыға тек сапалы
білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру [3,
36].
Қазіргі заманда жиі кездесетін және қазақ тілі сабақтарында қолданылып жүрген
технологиялар ол сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы– шығармашылық ойлау. СТО
бағдарламасы қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарын құруда және оны өткізуде өте қолайлы.
Мұғалім сабаққа дайындалу барысында көп ізденеді және оқушыны да өз еркімен ізденуге
дағдыландырады. Оқушы мектеп бағдарламасындағы тақырыпты толық зерттейді,
қорытынды шығарады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осы технологияның
өзіндік пайдасы зор. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі – оқушылар жеке,
жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. «Семантикалық карта толтыру», «Автор
орындығы», «Постер қорғау», «INSERT», «ДЖИКСО», «Екі жақты күнделік», «Триггерлік
сурет», «Венн диаграммасы», «Т кестесі», «ПОПС формуласы» стратегияларын пайдаланып
өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға
325
оқушыларға мүмкіндік береді. Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп
қағаз бетіне түсіреді, қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқанда,
сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің аргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші
кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге
оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым-қатынас жасай білуге,
басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге,
айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап,
толықтырып сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
INSERT әдісі:
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Етістіктің шақтарын, өткен
шақты,
оның
түрлерін
(жедел өткен шақ, бұрынғы
өткен шақ)
Ауыспалы
өткен
шақ
жайлы, ауыспалы өткен
шақтың
құбылып
бірде
ауыспалы өткен шақ, бірде
ауыспалы
келер
шақ
болатынын
Ауыспалы келер шақ пен
ауыспалы
өткен
шақ
етістіктерінң
көркем
шығармада қолданылуын
Семантикалық карта толтыру стратегиясын қолдануда сызба беріледі, мақсаты: бірінші
бағанда берілген жедел өткен шақты етістікті ауыспалы өткен шаққа айналдырыңдар.
Жедел өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
Мен
жазда
ғылыми-практикалық
конференцияда ойымды ашық айттым.
Демалыста Асан нағашыларына қонаққа
барды.
Гүлден он бірінші сыныпты үздік бағамен
бітірді.
Мен
ғылыми-практикалық
конферен-
цияларда өз ойымды ашық айтатынмын.
...
...
Қазақ тілі сабақтарында жиі қолданылатын келесі технологияның бірі – деңгейлеп-
Достарыңызбен бөлісу: |