Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет188/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Otolegen61@mail.ru

zhaanatovnaa@mail.ru
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АРИФМЕТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аннотация:  мақалада  бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттері анықталып, математиканы оқып-үйрену барысында оқушылардың бағдарлама 
мазмұнына  сай  меңгеретін  білімдері,  игерілетін  іскерліктер  мен  дағдылар  нақтыланады. 


337 
 
Математиканың  бастауыш  курсын  оқу  барысында  оқушылардың  меңгеретін  ойлау 
заңдылықтары,  қоршаған  орта  құбылыстары,  математикалық  тілдің  негіздері 
көрсетіледі.  Математиканың  бастауыш  курсының  мазмұнына  қысқаша  талдау  жасалып, 
материалды  оқытудың  қағидасы  туралы  қысқаша  мәлімет  берілген.  Арифметикалық 
материалдың  бастауыш  курс  математикасында  алатын  орны  мен  маңызы  баяндалады. 
Сөйтіп,  арифметикалық  материалға  қандай  ұғымдар  жататыны  көрсетіліп, 
арифметикалық ұғымдарды оқытудың әдістемелік мәселелері жалпыланады. Сондай-ақ бұл 
мақалада арифметикалық материалдың ішінде маңызды орын алатын сандарды оқу, жазу 
және  салыстыруды  оқыту  әдістемесіне  кеңірек  тоқталады.  Мақаланың  түйіні  ретінде 
арифметикалық  материалды  оқытудың  нақты  мысалы  ретінде  бастауыш  сыныпта 
өткізілетін сабақтың барысы баяндалады. 
Тірек  сөздер:  бастауыш  білім  беру,  мақсат,  міндет,  сын  тұрғысынан  ойлау, 
арифметикалық  алгоритм,  арифметикалық  материал,  геометрия  элементтері,  сан,  цифр, 
реттік санау, кері бағытта санау 
 
«Математика»  пәні  бастауыш  білім  берудің  мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге 
асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау 
қабілетін  дамытады,  зерттеу  және  қарым-қатынастың,  математикалық  білімді  өмірде 
қолданудың алғашқы дағдыларын  қалыптастырады.Математиканың бастапқы курсын оқып 
үйрене  отырып,  оқушылар  талдау,  синтездеу,  жіктеу,  салыстыру,  себеп-салдарлық 
қатынастар  мен  заңдылықтарды  анықтауды  үйренеді,  түрлі  заттар  мен  қоршаған  орта 
құбылыстарын  сипаттау  үшін  математикалық  тілдің  негіздерін  игереді,  білім  мен  іс-әрекет 
тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады [1, 290].  
Бастапқы  математикалық  білімнің  негізгі  мақсаттарына  сәйкес,  оқу  пәні  бірқатар 
міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:  
•логикалық  ойлауды,  кеңістіктік  елестетуді  және  математикалық  терминдерді 
пайдалану біліктілігін дамыту;  
•оқу  және  тәжірибелік  проблемаларды  шешу,  арифметикалық  алгоритмдерді 
пайдалану,  геометриялық  салулар  мен  математикалық  зерттеулер  жүргізу  қабілеттерін 
дамыту;  
•сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;  
•математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;  
•өзінің  математикалық  білімі  мен  біліктерін  басқа  пәндерді  меңгеруде,  күнделікті 
өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 
Жоғарыда  аталған  мақсаттар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыруда  арифметикалық 
материалды оқып-үйрену маңызды рөл атқарады[1, 321].  
Бастауыш  курс  математикасында  арифметикалық  материалға  мыналарды  жатқызуға 
болады:  сан  ұғымы,  сандарды  нөмірлеу,  сандарды  оқу,  жазу,  салыстыру  және  есептерді 
арифметикалық тәсілмен шешу. Бұл ұғымдар бастауыш курс математикасының негізгі өзегі 
болып  табылады.  Бастауыш  курстың  басқа  материалдары  осы  арифметикалық  ұғымның 
маңына топтасып, арифметикалық материалмен тығыз байланыста оқытылады. 
Математикада сандарды оқу, жазу, салыстыру концентрлер бойынша оқытылады, олар: 
ондық,  жүздік,  мыңдық,  көп  таңбалы  сандар,  сонымен  қатар  сандарды  бұлайша  оқытудың 
өзіндік себептері де бар. Оларды атап айтсақ: 
• Алдыңғы  концентрде қарастырылған  сұрақтар  келесі  концентрде  бекітіледі  және  әрі 
қарай тереңдетіледі; 
• Алдыңғы  концентр  бойынша  игерген  білім,  білік  және  дағдылар  келесі  концентрді 
оқып үйренгенде негізге алынады; 
• Осы  тақырыптың  негізгі  сұрақтарын  бірнеше  рет  қайталау  арқылы,  оқушылардың 
білімі мен білігі жетілдіріледі; 
• Әрбір  жаңа  концентрді  оқып  үйренгенде  оқушылармен  жүргізілетін  өзіндік 
жұмыстың көлемі артады; 


338 
 
• Қарастырылған сандар аймағы біртіндеп кеңейтіп, оқып үйренген сандар туралы білім 
сандардың жаңа аймағына қолданылады; 
• Материалды  оқытудың  осындай  рет  тәртібі  ондық  санау  жүйесінің  ерекшелігіне 
мейлінше сәйкес келеді[2, 23]. 
Бастауыш  сынып  математикасындағы  өзекті  ұғымдардың  бірі  натурал  сан  болып 
табылады.  Жалпы  алғанда,  бұл  ұғымды  «эквиваленттік  жиындар  класының  сандық 
сипаттамасы» ретінде анықтауға болады. Сондай-ақ, натурал сан ұғымы нәрселерді санаумен 
ғана шектелмей, шамаларды өлшеумен де байланыстырылады. 
Арифметикалық амалдарды оқып үйренген кезде натурал сан жаңа сипаттама – оларға 
қолданылатын объекті ретінде кездеседі. Санаудың ондық жүйесіндегі сандарды жазу үшін 
таңба қойылады, яғни цифрдың әрқайсысының өз атаулары бар, олар бір таңбалы теріс емес, 
бүтін сандарың атауларына сәйкес келеді.  
«Сан» және  «цифр» ұғымы әртүрлі  ұғымдар болып келеді. Цифрлар санды жазу үшін 
қолданылатын  ерекше  математикалық  таңбалар  екеніне  балалардың  назарын  аудару  қажет. 
Бұл  өте  маңызды  болап  саналады.  Өйткені,  бастауыш  сыныптың  көптеген  оқушылары  екі 
түсінікті,  яғни  «сан»  және  «цифр»  ұғымдарын  үнемі  шатастырады.Осындай  жағдайды 
болдырмау  үшін  оқушыларға  «сан»  және  «цифр»  туралы  түсінік  қалыптастыру  үшін 
қызықты  етіп  түсіндіру  қажет,  осы  кезде  әр  түрлі  әдіс  -  тәсілдерді  қолданған  дұрыс.  Тіпті 
мұғалімлердің кейбіреулері ол терминдердің бірін екіншісінің орнына қолданады. Сан және 
цифр жайында әңгіме қозғалған күннен бастап олардың екі түрлі түсінік екенін оқушыларға 
аңғартуға ерекше көңіл бөлу керек [3, 15]. 
Ең алдымен мұғалім әр баланың математикалық дайындық деңгейін алдын ала тексеріп 
алу  қажет,  балалардың  әрқайсысымен  жекедара  қарым  –  қатынас  жасай  отырып,  олардың 
бәрінің  де  жетілуіне  және  жан-жақты  дамуына  ықпал  жасайды.Оқушылардың  дайындық 
деңгейлерін анықтау үшін заманауи әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. 
Осы  бағытта  жүргізілетін  жұмыстың  нәтижесі  дайындық  кезеңі  материалының 
мазмұнын  және  сәйкес  іс  –  әрекет  түрін,  оны  ұйымдастырудың  әдісін  айқындауға 
көмектеседі.  Оқу  басталғанға  дейін  ерекше  маңызды  мәселелерді  саралап,  осыған 
байланысты әр түрлі қызықты тапсырмалар, ойындарды, оқушылармен еркін түрде диалогқа 
түсу  үшін  қолданады.  Осы  орайда  сұрақ  –  жауап  әдісі  арқылы  оқушыларға  сұрақтар 
қойылады, яғни «сен санай білесің бе?», «суретте неше құс бейнеленген?», «қайсысы артық, 
қайсысы кем?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өз білім деңгейлерін көрсете 
алады.  Мұғалім  оқушыларға  түсіндіріп  жатқан  кезде  тек  сөйлеумен  ғана  шектеліп  қоймай, 
яғни  бірсарынды  қылмай  өткізуге  тырысып,  презентация,  көрнекіліктердің  көмегімен 
түсіндіруі қажет [3, 29]. 
Дайындық  кезіндегі  мұғалімнің  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды  санай  білуге 
машықтандыру,  сондықтан  да  санауға  берілген  әр  түрлі  тапсырмалар,  жаттығулар, 
ойындарды  дайындық  кезеніңдегі  әрбір  сабаққа  енгізіп  отырады.  Сондай-ақ  оқушылар  құр 
санау  емес,  сандарды  тура  және  кері  ретпен  атау  ғана  емес,  қоршаған  ортадағы 
нәрселерді,оқулықта берілген суреттерді,  т.б. санауға да аса назар бөлінуі  тиіс. Мұғалімнің 
көмегімен  оқушылар  заттарды  санағанда  қалдырмай  санау  керектігін,  мұқият  болып,  бір 
нәрсені  екі  қайтара  санауға  болмайтығын  түсінеді  және  де  санау  нәтижесі  санау  ретіне 
байланысты емес екендігіне көздерін жеткізеді. Оқушылар нәтиженің жемісін көру үшін әр 
сабаққа  нәрселерді  санауға  арналған  практикалық  тапсырмалар,  ойындар  енгізіледі,  яғни 
мысал  келтіретін  болсақ,  дүкенде  болсын,  базарда  да  сауда  жасау  үшін  арифметикалық 
амалдардың қай-қайсысыда қолданылады [4, 12]. 
«Сан»  ұғымы  математикадағы  ең  негізгі  бастама  ұғымдардың  қатарына  жатады,  яғни 
бастауыш  сыныптарда  0  саны  және  натурал  сандар  оқытылады.  Олар  жайында  қарапайым 
түрдегі  түсінік  қалыптастырылады.  Демек,  «натурал  сан  дегеніміз  не?»  деген  сұрақ  қоюға 
болмайды.  Жалпы  алғанда,  сан  ұғымының  мағынасы  тек  қана  нақты  мысалдар  арқылы 
ашылады. «Сан»термині математикалық сөз ретінде енгізіледі. Бірақ сан шығу үшін заттарды 
немесе  нәрселерді  санаудың  қажеттігі  көрсетіледі.  Осыған  орай  заттар  мен  сандарды 


339 
 
сәйкестендіруге  байланысты  әр  түрлі  тәсілдерді  қолданумен  қатар,  әр  алуан  жаттығулар, 
ойындар,  практикалық  тапсырмалар  қарастырылады  [5,  18].Аталған  әдісті  «5  саны  және 
цифры» тақырыбын оқыту әдістемесінің мысалында көрсетейік. 
5 цифрыүш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады, содан соң 
тордың  жоғары  қабырғасының  ортасынан  сәл  оңға  қарай,  тордың  ортасына  дерлік  көлбеу 
жүргізеді. Әрі қарай оң жақ сопақшаны жазады да, ең соңында солдан оңға қарай цифрдың 
жоғары элементін жазады. Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны 
алудың  әртүрлі  әдіс  -  тәсілдерімен  таныстыру  қажет.Мысал  келтіретін  болсақ,  яғни 
балалардың қызығушылығын арттыра отырып иллюстрация арқылы түсіндіруге де болады. 
Төрт баланы ортаға шығарып, 1-ден 4-ке дейінгі сандарды тура және кері ретпен санатамыз.5 
саны 4-тен үлкен бе,әлде кіші ме?5-санын қай жерде кездестіруге болады? деген сұрақтарды 
қою арқылы естеріне түсіріп,айтқызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет