204
қайсысының да көркемдік мәнінде шек болмайды. Бейнелегіш көріктеу құралдарының,
кейбір жеке сөздердің, тіркестердің стильдік бояуы, көркемдік функциясы, эмоционалды-
экспрессивтік нақышы қолданылу процесінде ылғи өзгеріп, жаңғыра түседі. Бұл – кең
мағынада алғанда, көркем әдебиет стилінің өзіндік табиғатынан, көркем әдебиеттің алдына
қойылатын негізгі міндеттен келіп шығатын құбылыс» [2, 14 ].
Әр қаламгер өзінше сөз саптап, өзіндік көркемдік амал-тәсіл қолданады. Осы арқылы
оқушысының жүрегіне жол салады.
Автор шығармаларында кейіпкерлерінің бейнелерін түрлі тәсілдермен суреттейді.
Кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда, тұлғасын көрсетуге барын салады. Көркемдегіш
құралдарды пайдалана отырып, сөзбен бейнелі сурет жасау оңай емес. Шығармаларындағы
бейнелеуіш сөздер қазақ халқының тұрмысына сай қолданылады. Қаламгер сөздерді
айшықтап, ажарлау үшін көркемдегіш амал-тәсілдерді жиі пайдаланады. Сондай
көркемдегіш амалдардың бірі – теңеу. Теңеу – қазақ көркем сөз тарихында ежелден келе
жатқан бейнелеуіш тәсілдердің бірі. «Көркем шығарма тілі теңеусіз болмайды, бірақ
теңеулердің де теңеулері бар: кәнігі (үйреншікті, дағдылы, жалпытілдік) теңеулер, бейнелі
(образды) теңеулер, астарлы, екітанымды теңеулер, әжуа-сықақпен келген теңеулер т.т.» [3,
160]. Теңеу тілге мағыналық және мазмұндық көркемдік беретіні белгілі. Теңеу туралы қазақ
тіл білімінің тұңғыш зерттеушісі А.Байтұрсынов: «Теңеу заттың, құбылыстың ерекше
белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді», – деп
пайымдаған [4, 363]. Қазақ тіл білімінде теңеу категориясын жан-жақты терең зерттеген
Т.Қоңыров: «Теңеу дегеніміз ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік
сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі
стильдік тәсіл, әрі таным құралы»,
– деп тұжырымдап, теңеудің бүкіл лингвистикалық
болмысын ашып, жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, оның түрлерін
қарастырады [4, 7].
Көркем әдебиет тілінде теңеудің алатын орны туралы М.Серғалиев былай дейді:
«Теңеудің стильдік қызметі әр алуан, бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды
мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап
сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады».
Көптеген зерттеушілеріміз теңеуге қатысты өз көзқарастарын, пікірлерін білдірген:
Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Әр нәрсені
салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер құбылту түрлері аз емес. Олардан теңеудің
айырмасы – мұнда салыстыру айқын, тура көрінеді.
Теңеу – поэтикалық және лингвистикалық жағынан күрделі, семантика-стилистикалық
сипаты қызық, көп аспектілі тілдік құбылыс. Теңеу категориясының маңыздылығы оның
таным құралы ретінде философияда, стильдік тәсіл ретінде әдебиеттану ғылымында, ал тіл
білімінде тілдің бейнелі конструкциясы ретінде зерттелетіндіктен айқындалып, ашыла
түседі. «Теңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең
пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады». Қазақ тіл
білімінде жалпы теңеулік конструкциялардың жасалу жолдарына қатысты айтылған пікірлер
де бар. Ғалым Т. Қоңыров қазақ тіліндегі теңеулердің он түрлі жасалу тәсілдерін анықтайды:
1. –дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен;
2. –ша, -ше жұрнағының көмегімен;
3. шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) көмегімен;
қойдан
Достарыңызбен бөлісу: