120
мен оқушылар еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен
әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы жаңа ақпараттық
технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін
табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды
қамтамасыз етеді. Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі
ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны
педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне,
көзқарасына
әсер
ете
отырып
оның
интеллектуалдық
мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Ақпараттық технологиялар-
дың білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын,
әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.
Оқу процесінде ақпараттық технологияны енгізу оқушылардың
танымдық әрекетін белсенді етуге қолайлы жағдай туғызады, қажетті
құбылыстарды зерттеуде дыбыс, бейне, нақты белгілі өңделген
хабарларды өңдеп, сақтауға мүмкіндік жасайды және оларды қолдану
арқылы табысқа жетуге болады. Бұл тұрғыда компьютердің
мүмкіндіктері шексіз. Ол кез-келген әрекеттің нәтижесі мен оның
орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Техникалық мүмкіндігіне
байланысты компьютер оқу процесін ұйымдастырудың жаңа
жолдарын ашады, ол тек аудиториялық сабақ жүйесінде ғана емес,
сонымен қатар аудиториядан тыс өзіндік жұмыс жағдайында да
қолданылады.
Оқытуды
компьютерлендіру
кезінде
әсіресе,
үйретуші
программалармен жұмыс істегенде компьютер оқушылардың оқуға
деген позитивтік қатынасын қалыптастыруды тиімді шешуге ықпал
етеді. Ондай программалар оқушыларға өздеріне ыңғайлы оқып
үйрену темпін таңдап алуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: