144
Әрине, сабақ толықтай сәтті болуы мүмкін емес, себебі біз дайын
рецепті қолданып, әдемі, дәмді торт пісіргендей сабақты да дәл солай
әдістерді қолдана отырып үлкен нәтижеге жете алмаймыз. Белгілі бір
сәтсіздіктерге ұшырап отыруымыз орынды. Мен өз сабағымда
мынадай сәтсіздіктерді кездестірдім: тест жүйесіне үйреніп қалған,
дәстүрлі стильді әбден меңгерген студенттердің шығармашылығын
дамыту шамалы қиындықтар тудырды; бағалау кезінде дәстүрлі
суммативті бағалаудан формативті бағалауым кейбір студенттерге
ұнамады.
Сабақ соңында мен оларға осы дәріс барысында қандай әдістерді
қолдандым деп сұрағанда, олар стратегиялардың атауын білмесе де,
бірақ әдіс түрлерін ажырата алды. Яғни, бұл сабақтың өзі әдістемелік
сабақ болғандықтан оларға сабақ берумен қатар әдісімді түсіндіріп
отырдым.
Сонымен қатар студенттер түсінді: әдіс атауларын; әдістердің
тиімділігін; әдістерді пайдалануды.
Қазіргі білім беру жүйесі бойынша
университеттерде
студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмыстары
жүргізіледі. ОжСӨЖ барысында студенттерді топтастырып, оларға
өткен диалогтік оқыту стратегияларын қолдана отырып сабақ
жоспарын дайындауға берілді. Сабақ жоспарын дайындау барысында
мен
студенттердің диалогтік
оқыту
стратегияларын
жетік
түсінгендігін аңғардым.
Әр оқытушы үшін оның түсіндірген сабағын студенттер өз
тәжірибесінде қолдана білгені қажет, сонда ғана ол өзінің сабағының
нәтижесін, жемісін көре алады, жетістікке жете алады. Осы орайда
кейбір мәселелерді ескерген жөн. Мысалы, диалогтік оқытудың
стратегияларын студенттер болашақта өз практикаларында тиімді де
дұрыс пайдалана ала ма? Осы мақсаттта біздер нені ескеруіміз керек?
Міне, осы сұрақтар міндетті түрде барлық оқытушыны мазалайды.
Тізбектелген сабақтарды өткізу кезінде өз зерттеуім бойынша
студенттер стратегияларды дұрыс әрі тиімді қолдана білу үшін
мынадай нәрселерді ескеру керек деп есептеймін: мұғалім балалар
ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б.
жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және сабақтың мақсаты,
міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім сабақты
ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі,
балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен
бірге оқу барысында олардың жолдасы болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: