Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

БАЯНДАМАЛАР 
 
ӘОЖ 82.512.09 
 
ҚАЖЫМНЫҢ МАХАМБЕТІ 
 
Зайкенова Р. 
Филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
 
Нурсан Р. 
магистр ҚазМемҚызПУ 
 
Академик  Қажым  Жұмалиев  еңбектері  ішінде  Махамбет 
мұрасына арналған зерттеулерінің орны ерекше. 
Белгілі  ғалым  Қ.Өмірәлиев:  «Қазақ  әдебиеттану  ғылымында 
Махамбет  творчествосын  барынша  көп,  барынша  терең  зерттеген 
академик  Қ.Жұмалиев  болды»,  -  [1,149-б]  деген  сөзінде  нақтылы 
шындық бар екендігін ғалым еңбектерін саралағанда әйгілене түседі. 
Махамбет  өлеңінің  алғаш  жариялануы  1908  жылы  Қазан 
қаласынан шыққан «Мұрат ақынның Ғұмарқазы оғлына айтқаны» деп 
аталатын  жинақтан  басталатыны  белгілі.  Мұнда  Махамбеттің  жүз 
жолдан  астам  екі  толғауы  енген.  Толғау  «Беріш  Мұхамед  батырдың 
Сұлттанға  айтқаны»  деп  топтастырылып  берілген.  1910-12  жылдары 
Орынборда  жарық  көрген  «Шайыр  яки  қазақ  ақындарының  басты 
жырлары»  атты  жинаққа  «Исатайдың  үндесі  Махамбет  жыраудың 
сөзі»  деген  атпен  Махамбеттің  екі-үш  өлеңі  беріледі.  Махамбет 
өлеңдерін  жүйелі  түрде  жинап,  жариялау,  зерттеу  жұмыстары  1925 
жылғы  Халел  Досмұхамедов  еңбектерінен  басталады.  Ол  Махамбет 
өлеңдерін  жинап  1925  жылы  жеке  жинақ  етіп  бастырып  шығарады. 
Ақын Ығылман Шөрековке «Исатай – Махамбет» дастанын жазуына 
ықпал  етті.  Халел  Досмұхамедовтің  «Махамбеттің  өзі  әрі  батыр,  әрі 
жырау, әрі домбырашы, өте қызулы адам болған екен»,  - деген сөзін 
қазіргі Махамбет зерттеушілері айтпай өтпейді. 
Бірақ, өкінішке қарай, ел ретінде еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігіміз 
мойындалғанша  Халел  Досмұхамедов    сияқты  көптеген  көрнекті 
тұлғалардың  есімі  ауызға  алынбай,  еңбектері  ескерілмей  келгені 
әдебиет тарихына көзі ашық адамдарға мағлұм мәселе. «Халық жауы» 
деп  жазықсыз  жала  жабылған  аяулы  азаматтардың  атын  атау  ғана 
емес,  олардың  зерттеген  ғылымдағы  объектісін  одан  әрі  тереңдетіп 
зерттеудің  өзі  Қажекең  сияқты  батыл  да  ержүрек  адамдардың  ғана 
қолынан келген шаруа. 


46 
 
Арғы  жағын  айтпағанның  өзінде  1937  жылғы  қырғыннан  кейін, 
1950  жылғы  қуғын-сүргінді  осы  аралықтағы  соғыс  әлнгі  ғана 
кідірткен  тәрізді.  Өйткені,  «орнында  бардан  оңалып»  қаулап,  қайта 
өскен  қазақ  оқымыстыларының  арада  10  жыл  өтер-өтпестен  
жазықсызжазалануы осы ойымызды айғақтайды. 1950 жылдары ілгері 
басқан  аяғы  кейін  кетіп,  дұрысы  бұрысқа  айналып,  қорлық  
көргендердің жуан ортасында академик Қажым Жұмалиев те жүрген 
болатын.  Осыдан  мүшелге  жуық  уақыт  бойы  қаламгер  жер 
аударылып, сүргінде жүгендігін кейінгі әдебиетшілердің біреуі білсе,  
біреуі білмес. Бірақ табиғатынан зерделі кісі бағытынан тайып, жаны 
жасығанмен  әдебиет  пен  өнерге  деген  қызу  құштарлығы  оны  өзінің 
күнделікті машығынан айырған жоқ. 
1937  жылы  жалаң  социологияның  белең  алып,  дәуірлеп  тұрған 
шағында  басқаны  былай  қойғанда  Махамбет,  Ыбырай,  Абай 
мұраларын қазақ әдебиетінің алтын қорына қосу мұң болды емес пе? 
Міне,  осы  тұста  Қ.Жұмалиев  Махамбет  мұрасын  түбегейлі  зерттеп 
оның  ардақты  есімін,  асыл  мұрасын  азаматқа  тән  батылдықпен 
батырдай  қорғап  шықты.  Ғалым  1937  жылдың  бір  өзінде  «Исатай-
Махамбет  көтерілісі және Махамбет поэзиясы» деген  атпен  мерзімді 
баспасөзде  оннан  астам  мақала  жариялатты.  Осы  мақалаларынан 
бастап,  орта  мектепке  арналған  оқулықтарында,  қазақ  әдебиетінің 
тарихына жазған монографиялық тарауларында, жоғарғы оқу орнына 
арналған  зерттеулерінде,  жекелеген  зерттеу  еңбектерінде  Махамбет 
шығармашылығын  талдап,  оның  қазақ  әдебиеті  тарихынан  алтын 
орнын  белгілеп  берді.  Қалың  оқырман  қауым  Махамбет  мұрасымен 
1937-1967  жылдар  аралығында  тек  Қ.Жұмалиев  еңбектері  арқылы 
ғана танысты.  
Қ.Жұмалиев Махамбет шығармашылығын зерттеп қана қоймаған
оны  ел  аузынан  жинап,  баспа  бетінде  жариялау  да  қыруар  іс 
тындырған.  1939  жылы  ғалым  Махамбет  өлеңдерін  жеке  жинақ  етіп 
құрастырып,  алғы  сөзін  жазып  шығарады.  1948,  1951,  1958,  1962 
жылдарда  шыққан  Махамбет  өлеңдері  жинағының  толық  нұсқасын 
құрастырып, алғы сөзін жазды. 1948, 1958 жылдары ақын өлеңдерінің 
орысша басылып шығуына ұйытқы  болды әрі Махамбет өлеңдерінің 
орысша-қазақша жинағын құрастырды.  
Бұл  туралы  Қ.Жұмалиев  өзінің  «Қазақ  эпосы  және  әдебиет 
тарихының мәселелері» атты кітабында 1925 жылғы бірінші рет жеке 
жинақ  болып  шыққан  күннен  санағанда  Махамбет  өлеңдерінің 
қаншасы  енгізілгенін,  қаншасы  енгізілмегенін,  қаншасы  жаңадан 
қосылғанын атап-атап  көрсетеді. Жаңадан табылып,  Махамбеттікі-ау 
делінгенөлеңдердің кімдерден, қашан,  қай жерде жазылып алынғаны 


47 
 
туралы  мәліметтер  береді.  Мысалы,  жазушы  Б.Аманшиннің  газет 
беттерінде  жтнап  бастырған  Махамбет  өлеңдеріне  талдау  жасайды. 
Сондықтан  да  Махамбет  мұрасы  әрбір  құрастыруда  толықтырылып, 
түзетіліп келгені рас. 
Қ.Жұмалиев  «Айқас»  (1944),  «Махамбет  Өтемісұлы»  (1948), 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (1961, ІІ том, 1-кітап), «Қазақ эпосы мен 
әдебиет  тарихының  мәселелері»  (1958),  «ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы 
қазақ әдебиеті» (1967) т.б. еңбектерінде Махамбет шығармашылығын 
ғылыми  тұрғыдан  талдап,  оеың  қазақ  әдебиеті  тарихынан  алатын 
орнын  айқындап,  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқыттырмай 
Махамбет  шығармашылығын саф күйінде келер ұрпаққа ұсынды. 
Бұл зерттеулер Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің 
шығу себебін, әлеуметтік маңызын, тарихи өміршеңдігін айқындауда, 
Махамбет  поэзиясының  революцияшыл  рухын  танытуда  алғашқы 
жазылған маңызды материалдар еді. Сондай-ақ аталмыш еңбектердің 
негізгі  өзегі  –  1936-38  жылғы  шарулар  көтерілісінің  әрі  көсемі,  әрі 
халық  мұңын  жырлаған  шешені  ретінді  Махамбеттің  тарихи  рөлін 
ашып шығумен ерекшеленеді. Сонымен бірге Исатай бастаған халық 
көтерілісі,  оның  шығу  себептері,  Махамбет  өлеңдеріндегі  Исатай 
образы  және  Исатайдың  соғыстағы  сенімді  серіктері,  Махамбет 
өлеңдеріндегі  романтизм  элементтері,  ақынның  өмірі,  тағдыры, 
зерттелуі,  шығармаларының  көркемдік  ерекшеліктері,  Махамбет 
мұрасын  насихаттаушы  белгілі  жыраулар  Мұрат  Мөңкеұлы  мен 
Ығылман Шөрековтің қабілет қарымы мен жыраулық шеберлігіне т.б. 
туралы да парасатты пайымдаулар жасайды.  
Боз ағаштан биік мен едім 
Бұлтқа жетпей шарт сынбан. 
Ел құтқарар ер едім, 
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деген патриот ақын дегеніне жете 
алмай, қапыда қазақ тапса да, оның халық сүйіспеншілігіне бөленген 
ер тұлғасын, күрескер бейнесін, өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеуде 
профессор Қ.Жұмалиев өз дегеніне жетті дей аламыз[2] . 
Қажым Жұмалиев еңбектеріне көз жүгіртсек мынадай мәселелер 
бірден  көзге  түседі.  Ғалым  Махамбеттің  өмірбаяны  туралы  мол 
деректі: 
Өтемістен туған он едік, 
Онымыз атқа мінгенде, 
Жер  қайысқан  қол  едік,  -  дейтін  қазір  афоризм  сөзге  айналып 
кеткен өлең жолдарынан бастайды. Өтемістен туған он ұлдың кімдер 
болғанын архив деректеріне сүйене отырып шығарып береді. Сөйтіп 
ғалым  тумысы  бөлек  Махамбет  ақынның  дүниеге  келгеннен  бастап 


48 
 
қазасына дейінгі өмір жолын кең қамтиды.  
Қ.Жұмалиевтің  бір  ерекшелігі  Махамбет  өлеңдеріне  талдау 
жасағанда  өзіне  дейінгі  тарихи  зерттеулерді,  архив  деректерін,  ел 
аузындағы мәлеметтерді келтіріп, көтерілістің қай жерде, қай кезеңде, 
шығу себебі туралы да қолмен қойғандай деректерге тірейді. Мысалы, 
1837  жылы  хан  ордасын  қоршап,  зәресі  қалмаған  хан-сұлтандар 
Исатай бастаған ел тілегін орындау үшін он күн мұрсат сұрайды. Бұл 
туралы Қ.Жұмалиев былай деп жазады. «Бір жағы он күн срок беруді 
мақұлдайды,  екінші  жағы  бермеу  керек,  шабу  керек  деген  пікірді 
ұсынады.  Исатай  он  күнге  срок  беру  жағында  болғанда,  Махамбет 
оған  қарсы  болады.  Он  күннің  ішінде  хан  Орынбор,  Астраханнан 
әскер  алдырып,  көтерілісшілерді  күшпен  басу  ісіне  шұғыл  кірісіп, 
өздері шабуылға шығады. Енді Исатай, Махамбеттердің тез шегінуіне 
тура  келеді.  Мұны  тарихшылардың  бәрі  де  исатайдың  көтеріліс 
жолындағы жіберген үлкен қатесі деп біледі». 
Ал Махамбет өлеңдері «Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп 
жең болмас» деген қағиданы берік ұстанумен, сол кездегі теңсіздіктің 
бетін  мірдің  оғындай  сөздерімен  ашып  көрсетуімен  қымбат. 
Исатайдың  өлімінен  кейін  Махамбет  Назар,  Шүрен  еліне  барып  бас 
сауғалайды. 
...Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, 
Ел қорыған мен едім
Мен де айрылдым елімнен 
Көл қорыған сен едің 
Сен де айрылдың көліңнен. 
Сені көлден айырған  
Лашын құстың тепкіні
Мені елден айырған 
Хан Жәңгірдің екпіні. 
Айтып, айтпай не керек 
Құсалықпен өтті ғой, 
Махамбеттің көп күні. 
Елім  деп  еңіреген  ердің  құса  көңілі  параллелизм  тәсілі  арқылы 
көркем  жеткізілгенін  зерттеуші  айшықты  сөздермен  әдемі 
дәлелдейді[3,317-б.]  .  Қ.Жұмалиев  өз  еңбектерінде:  «Ереулі  атқа  ер 
салмай,  Егеулі  найза  қолға  алмай,  Еңку-еңку  жер  шалмай,  Ерлердің 
ісі бітер ме», «...Жауырыныңа мұз қатып, Жалаулы найза қолға алып, 
Жау  тоқтатар  күн  қайда»,  «...Қасарысқан  жауыңа,  Қанды  көбік 
жұтқызбай,  Халыққа  тентек  атанбай,  Ерлердің  ісі  бітер  ме», 
«Шамдансам  шығар  асаумын,  Шамырқансам  сынар  болатпын...  
Қыларың  болса  қылып  қал,  Күндердің  күні  болғанда  Бас  кесермін 


49 
 
жасырман»,  «Екі  тарлан  бөрі  едім»,  т.б.  деп  келетін  өлең 
жоодарындағы  Махамбет  мұраты,  кесіп  айтатын  турашыл,  өткір 
мінезі,  ұшқыр  ойы,  батырлық,  батылдық,  ержүректік  іс-әрекеттері 
айқын сипатталады. 
Ал  Қажым  Жұмалиевтен  дәріс  алу  бақытына  ие  болған  қазіргі 
уақыттағы еліне танымал көптеген адамдар оның Махамбет өлеңдерін 
түгелге  жуық  жатқа  айтатынын  тамасан  сөз  етеді.  Сонымен  бірге, 
ұстаз Махамбет өлеңдерін жатқа айтқан кезде желпініп, желдей есіп, 
екіленіп,  әруақтанып  кететіні  сонша,  аудиторияны  сілтідей 
тындырып,  дария  суындай  ағындап  кетеді  екен.  Махамбет  поэзиясы 
бүкіл  өмірі  жауапкершілікпен  өткен  көшпенді  халықтың  ақыл-ой 
дүниесіне  дөп  тиетіндіктен,  адамның  қиялын  шарықтатып,  рухын 
көтеріп  жіберетіні  рас.  Махамбет  өлеңдеріндегі  көрсетілетін 
әлеуметтік  теңсіздіктен  құтылу,  бостандық,  еркіндік  идеясы, 
отаншылдық  сезімі  көптеген  елдің  басындағы  мұңымен  ортақ. 
Махамбеттің  200  жылдық  юбилейінің  ЮНЕСКО  көлемінде  атап 
өтілуінде  оның  шығармаларындағы  халықтық  ортақ  сарынға 
байланысты-ау деп қараймыз. 
Махамбеттің  қай  өлеңін  алсаңыз  да  ол  патриот  жамбасы  жерге, 
басы жастыққа тигенше халқын сүйген, халық мұңын жырлаған ақын 
екендігін дәлелдейді.  
Шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейін, хан Махамбетті ұстамақ 
болып,  оның  соңына  Қарауылқожа,  Баймағамбет  сұлтанды  салды. 
Махамбеттің басына сол кездегі ақшамен 2000 сом ақша жарияланды. 
Атаңа нәлет, Жәңгір хан, 
Қара қазақ баласын 
Шетінен тізіп айдады-ау 
Орынбор  деген  қалаға,  -  деп  қоршаған  жаудың  қақ  ортасында 
жүрсе де, ол шындықты айтудан бас тартпайды. «Ашуыма көп тисең, 
Өзекті  жанға  бір  өлім,  Ордаңды  талқанғып  шабармын!»,  -  деп  хан 
алдында  тұрғандығынан  қысылмастан  оған  айбар  көрсете  тайсалмай 
сөйлейді. Махамбеттің: 
Хан емессің, қасқырсың, 
Қас албасты басқырсың, 
Достарың келіп, табалап, 
Дұшпаның сені басқа ұрсын. 
Хан емессің, ылаңсың, 
Ысқырынған жылансың. 
Хан емессің аянсың
Айыр  құйрық  шаянсың,  -  деген  өлеңі  әділетсіз  басшының 
жауыздығын  бетіне  басқан  өте  өткірлікпен  жазылған  шығарма. 


50 
 
Махамбет қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы 
қарғыс оғын жаудырып, халық тілегін батыл да ашық айтқан адам. Ол 
өзінің  қысқа  ғұмырында  төңкерістің  жеңісі  мен  жеңілісін  поэзия 
тілімен  кестелеп,  туған  халқына  деген  шексіз  сүйіспеншілігін,  күш-
қуатын елдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолына жұмсады.  
Махамбеттей мұңдыға, 
Енді келер күн қайда, 
Ханға құрған шатырды 
Сүңгімен түртіп ашарға... 
Он екі ата Байұлы 
Жиылып келсе бұл іске, 
Алты сан алаш ат бөліп
Тізгінін берсе қолыма 
Заулар  едім  бір  көшке,  -  деген  сарындағы  өлеңдеріне  талдау 
жасау арқылы Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдеріндегі жігерлі де, асқақ 
романтиканы ашып шығады[3]. 
М.Өтемісұлының  Жәңгір  ханмен  басында  жақсы  қарым-
қатынаста  болғандығын  тарихи  деректер  растайды.  Махамбеттің 
айтыскерлігін,  жыраулығын,  домбырашылығын  естіген  Жәңгір  хан 
Махамбетті  баласы  Зұлхарнайынмен  бірге  ұстапты.  Бірақ  ханның 
жандайшаптары  өзі  өткір,  өзі  алғыр,  өзі  ағып  тұрған  ақын,  бетті, 
беделді, сөзі өтімді, орысша-қазақша сауатты Махамбетті көре алмай 
хан мен болашақ ақын арасын араздастырып қоюы әбден мүмкін. Хан 
ниетін  байқаған  Махамбет  кейін  Исатай  бастаған  көтеріліс  тобына 
қосылып  кетеді.  Бұл  деректі  Қажым  Жұмалиев  те  өз  еңбектерінде 
толық келтіріп, жан-жақты дәлелдейді.  
Елдің  де,  ердің  де,  сөздің  де  тәуелсіздік  алған  тұсында  қазақ 
әдебиетінің  үлкен  діңгегінің  бірі,  академик  Қ.Жұмалиев  жөніндегі 
әңгіменің  бір  ұшқыны  осындай.  Қазір  әр  аймақта,  қала  берді  әр 
ауылда  тегін,  түбін  іздестіріп,  атаусыз  қалған  аталарына  ас  беріп, 
құран  хатым  түсіртіп  жатқанда  қуғын  сүргіннің  жуан  ортасында 
жүріп, исі қазақ ғылымы мен мәдениетіне мол еңбек сіңірген біртуар 
тұлғаның  1997  жылы  тоқсан  жылдығы  да  ескерусіз,  елеусіз  қалғаны 
арқаға  аяздай  батады.  Кезінде  жекелеп  жарық  көрген  ғылыми 
кітаптарын  жоғарғы  оқу  орнында  болсын,  жекелеген  әдебиет 
жанкүйері болсын қолдан қолға тигізбей әбден тозығын жеткізді. Рас, 
2010  жылы  Батыс  Қазақстан  облыстық  тілдерді  дамыту 
басқармасының  қолдауы  бойынша  «Ақ  жайық»  қаламгерлер 
кітапханасы 
сериясымен 
Оралдың 
«Ағартушы» 
баспасынан 
академиктің  жеті  томдық  шығармалар  жинағының  шығарылуы 
құптарлық  іс  [4].  Десе  де,  бұл  топтамаға  Қ.Жұмалиевтің  поэзия, 


51 
 
проза,  драматургия  саласындағы  көркем  шығармалары  мен  мерзімді 
баспасөздегі 
мақалалары, 
жекелеген 
зерттеу 
еңбектері, 
шығармашылық  өмірбаяны  мен  ол  туралы  жазылған  жылы 
лебіздердің ешқайсысы енгізілмей қалған.  
Ал  қазіргідей  тілді  кеңейтудің  шара-шақпытын  қарастырып, 
тіліміз  мемлекеттік  мәртебе  алып  жатқан  кезеңде  төл  әдебиетіміздің 
төрт  жанрында  (поэзия,  проза,  драматургия,  сын)  өзіндік  өрнек 
қалдырып,  туған  халқының  мәдениетіне  ұшан-теңіз  еңбек  сіңірген 
Қ.Жұмалиев еңбектерін тұтас күйінде жинақтап,  баспадан шығару ісі 
қолға  алынатын  болса,  болашақ  ұрпақ  тәрбиесіне,  өте-мөте  ертеңгі 
әдебиетшілер  дайындауға,  тілдің  тынысын  кеңейтуге  келтірер 
пайдасы  шаш  етектен.Мұндай  үлкен  мәселені  баспалар  да,  басқалар 
да  ойлануы  керек-ақ.  Мінеки,  осы  ойымыз  жүзеге  асқанда  ғана 
К.С.Станиславскийдің  «Біздің  қазіргіміз  жоқ,  кешегіден  жылжып, 
ертеңгіге  ауысқан  қозғалысымыз  ғана  бар»  деген  сөзі  ескірер  еді. 
Әйтпесе... 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет