Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауларында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетіп отыр. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына қосылуына қол жеткен нәтижелері мүмкіндік туғызады. Елімізде кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, бәсекеге қабілетті және құзіретті маман дайындау бүгінгі күннің талабы -деп көрсеткен болатын [2]. Бұдан білім беру саясатының келелі мәселелері –бастауыш сынып оқушыларын оқытудың сапасын жақсарту, жаңа біліммен қамтамасыз етудің ғылыми- әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары