Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТАНУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет52/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТАНУДАҒЫ   
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
Кажгереева С.А. 
Ақпараттық технологиялар колледжі 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Бәсекеге  қабілетті  қоғам  орнатудың 
негізі  -  білімде»  -  деген  болатын.  Бүгінгі  таңдағы  негізгі  мақсат  – 
ұлттық  құндылықты  әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті,  өзіндік 
жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.  
Ол  үшін  оқушылардың  белсенділігін  арттыру,  ізденімпаздыққа 
үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін 
тәрбиелеу керек.  
Оқушылардың  қабілеттерін  жетілдіріп,  дарындылыққа  дейін 
жеткізу  оқытушыдан  шығармашылық  ізденісті  талап  етеді.  Оқушы 
бойындағы  дарындылықты,  ғылымилық  қабілетті  ашу,  жақсы 
танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы.  
Дарынды  оқушылармен  жұмыстың  мақсаты:  Оқытуды  жеке 
тұлғаға  қарай  бағыттау,  диагностикалық  зерттеу  жүргізу  арқылы 
дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту; 
Оқушылардың  тілдік  көркем  стильді  ауызша,  жазбаша  түрде 
қолдана білу біліктерін жетілдіру; 
Шығармашылық  және  зерттеушілік  қабілеттерінің  дамуына 
жағдай жасау. 
Дарынды оқушылармен жұмыстың міндеті: Сабақ және сабақтан 
тыс  кезеңдерде  көркем  әдебиетке  сүйіспеншілікке  баулу;  тілдік 
қолданыстарының  әдеби  деңгейін  қалыптастыру;  таным  белсенділігі 
мен  өзіндік  ізденісті  жетілдіру;  логикалық  ойлауын,  функционалдық 
сауаттылықтарын  қалыптастыруға  бағыттау;  өзін-өзі  дамытуға, 
болжам жасай білуге жағдай жасау. 
Оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері 
түрлі  сайыстар  мен  пәндік  олимпиадалар  берілген.  Яғни  оқушыны 
жан-жақты  дамыту  жолдары  ескерілген.  Сондай-ақ,  оқушылардың 
басқа  мәдени  шаралармен  және  қаланың,  аудан  мен  облыстың, 
республика  мен  халықаралық  деңгейде  өткізілетін  сайыстар  мен 
шараларға қатысуына бағытталған.  
Дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізудің  мақсаты:  дарынды 
балалармен  жүйелі  түрде  қосымша  сабақтар  өткізу.      Проблемалық 
оқыту  әдістерін  пайдалана  отырып  оқыту.  Ізденіс  жұмыстарын 
(мәнжазба,  баяндама,  сөзжұмбақ,  ребус,  шығарма,  өлең  шығару  т.б), 


126 
 
өз  бетінше  ізденіп  оқуды  ұйымдастыру,  дамыту.      Колледжішілік 
және облыстық, байқауларға қатыстыру.   
Осындай 
жұмыстардың 
үнемі 
жүргізілуі 
оқушыларды 
шығармашылыққа  баулуға,  студент  бойындағы  қабілет  көзін  ашуға, 
тілін  байытуға,  қиялын  ұштауға,  өз  бетінше  ізденуге  зор  әсерін 
тигізеді.  Осындай  қабілетті,  дарынды  оқушыларды  таба  біліп, 
әрқайсысына  жеке  тұлға  ретінде  қарап,  олардың  өздеріне  деген 
сенімін арттырып, ата –ана, колледж, студент, оқытушы байланысын 
нығайту. 
Өз  іс  –  тәжірибемде  ақпараттық  технологияның  барлық 
мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  оқушылардың  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  дамытуға  ұмтыламын  .  Әр  сабақта  шығармашылық, 
деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы өздігінен ойлау қабілетін 
дамытып  отырамын.  Пән  бойынша  байқауларға,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына,  пікір  сайыс  ойындарына,  қашықтықтан    өтетін 
байқауларға  баланы  дайындау  дарындылықты  дамыта  түседі. 
Дарынды  оқушымен  жұмыс  жасау  барысында  оқыту  сипатын 
оқытушы  мен  оқушының  өзара  шығармашылық  қарым-қатынасы 
ретінде  қабылдау  қажет.  Дарынды  оқушының  алдына  нақты  бір 
мақсат қою арқылы оның берілген тапсырмаға деген қызығушылығын 
оятуға  болады.  Оқушының  жеке  тұлғалық  қасиетін  барынша 
құрметтеуге,  оның  шығармашылық  қабілеттері  мен  бейімділіктерін 
дамытамыз.  
Баланың  белгілі  бір  іс  -әрекетке  белсенділігі  жас  кезінен 
байқалады.  Осындай  жұмыстардың  үнемі  жүргізілуі  оқушыларды 
шығармашылыққа  баулуға,  шәкірт  бойындағы  қабілет  көзін  ашуға, 
тілін  байытуға,  қиялын  ұштауға,  өз  бетінше  ізденуге  зор  әсерін 
тигізеді.  
Дарындылыққа  барар  жолдың  басты  міндеті:  оқушының  жеке 
ерекшелігімен  қабілетін  зерттеп-зерделеу;  шығармашылық  ғылыми 
ізденіске  өзіндік  зердесінің  дамуын  назарда  ұстау;  оқушының  өз 
бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.  
«Мұғалім  мәңгі  нұрдың
  қызметшісі,  ол  барлық  ой  мен  қимыл 
әрекетіне  ақылдың  дәнін  сеуіп,  нұр  құятын  тынымсыз  жалын  иесі» 
деген чех педагогі Я.А.Коменскийдің сөзін басшылыққа ала отырып, 
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында  сыни тұрғыдан ойлауды іс 
жүзінде  жүзеге  асыру  өте  тиімді.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету 
барысында  оқушылар  өз  ойын,  пікірін  жүйелі  жеткізе  біледі, 
тереңінен  салыстыра  отырып  ойланады,  өзіндік  идеяларын  ұсынуға 
дағдыланады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  қазақ  тілі  мен 
қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ерекше орын алады. Қазақ тілі мен қазақ 
әдебиеті  пәнінде  суреттер,  фотосуреттер,  естелік  жазбалары  сияқты 


127 
 
дәлелдерді  жинақтау  және  топтастыру,  негізгі  дереккөздерді  бағалау 
және  соларға  сәйкес  сұрақтар  қою  әдіс  -  тәсілдерін  пайдалану 
оқушылардың  сыни  ойлануына  мүмкіндік  жасайды.  Оқушылардың 
пәнді  терең  түсіну  қабілеті  дамиды,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс 
жерде,  кез  келген  жағдайларда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз 
етеді. 
 Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқумен  жазуды  дамыту 
технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беред: 
– оқушының өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға; 
–  білім  мәдениеттілігі  мен  маңыздылығын  түсініп,  қажетті  іс– 
әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; 
– жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, 
іздеп тауып, белсене орындауға; 
–  білім  мен  мәдени  құндылықтарды  игеру  ісін  топтасып  және 
ұжымдасып оқытушының көмегінсіз атқаруы; 
–  құр  мәлімет  алумен  шектелмей,  сабақ  барысында  өз  пікірін 
ашық айтып, сұхбат жүргізуге; 
– ой – өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін – 
өздері дамытып, тәрбиелеуге. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқу  мен  жазу  дамыту 
технологиясын  сабақ  үстінде  қолдану  барысында  төмендегідей 
тиімділіктерге қол жеткізуге болады. 
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай 
жасау. 
2. Сенімділікке тәрбиелеу. 
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай 
жасау. 
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау. 
5.  Жауап  беруге  тілек  білдірмеген  баланы  өз  еркінсіз,  қинап 
сұрамау. 
6.  Баланың  дүниетанымының  кеңіп,  рухани  өсуіне,  әр  сабақта 
жағдай жасау. 
7.  Жеке  тұлға  ретінде  «  мен»  деген  рөлін  көтеру,  өз  пікірін 
қалыптастыру. 
Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі: 
1. Негізгі ойды суреттеу 
2. Топтастыру 
3. Бес жол өлең 
4. Эссе жазу 
5. ЖИГСО  
6. Галереяға саяхат 
7. Авторға сұрақ қою 


128 
 
8. Венн диаграмма 
9. Қос жазба күнделік 
10. Ой қозғау 
Аталған  стратегияларды  пайдалана  отырып  көп  жетістіктерге 
жетуге  болады.  Ең  бастысы  –  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы артып, олардың бір – бірімен пікір таластырып ашық 
сөйлеу,  еркін  сөйлеу  дағдылары  қалыптаса  бастайды.  Өздеріне 
сенімсіздік  білдіріп,  бұйығы  отыратын  оқушылар  өз  ойларын  аз  да 
болса жүйелеп, еркін айта бастайды. 
Бұрын шығарма, мазмұндама, жоба жұмыстарында оқушылар өз 
ойын  білдіруге,  әңгіме  құрауда  көптеген  қиындықтарға  кездесетін. 
Қорыта 
айтқанда 
СТО 
бағдарламасының 
әдістері 
арқылы 
оқушылардың  дарындылығы  дамып,  ой  –  пікірі,  көзқарасы, 
дүниетанымы  қалыптасады.  Оқушылардың  белсенділігі  артады, 
келесі  сабақты  асыға  күтеді.  Олардың  тарихи  әдебиеті  оқуға  деген 
қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, 
өз  көзқарасын  қалыптастыра  алатын,  ұлтын  сүйетін  оқушы  ертеңгі 
өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына сенімдіміз. 
Оқушыны кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды, сабақта 
және  сабақтан  тыс  уақытта  шығармашылығын,  дарындылығын 
дамытуға  үйрету. 
Сабақ  өту  барысында  сыныппен  жеке,  жұптық,  топтық, 
ұжымдық. Жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және 
даму бағытын зерттеу. 
Тәрбиесіз  берген  білімнің  зияны  туралы  бұдан  бұрынғы 
ғұламалардың  айтып  кеткені  белгілі.  Дарынды  баланы  оқыту  мен 
тәрбиелеуде  күтілетін  нәтиже  –  тіл  байлығы  мол,  кез  келген 
ақпаратты  сараптай  алатын,  қорытындылай  білетін,  қиын  істердің 
шешімін таба білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірбиеде қолдана 
алатын,  жаңалықтар  ашатын,  сезімталдығы  жоғары,  эстетикалық 
рухани құндылықтар иесін таба білу. 
Оқушыларымның жетістіктері: 
-  «Мен  қазақ    қыздарына    қайран  қалам»  тақырыбындағы  
шығармашылық байқауда Сәндібекова  Айсұлу  ІІ орынды  
иеленді 2014ж.; 
-  «Абай 
  оқулары»  облыстық  байқауында  Байсаева  
Маргарита алғыс хатпен марапатталды.2014ж.; 
-  «Мемлекеттік  тіл  –  ұлт  тірегі»    облыстық  жастар 
байқауында  «Өнерлі  жас»  номинациясымен  Доминова  В. 
марапатталды. 2015ж.; 
-  «Мәнерлеп оқу – мәдениеттілік  мәйегі» О.Бөкей атындағы 
көркем  сөз  оқу  шеберлерінің    облыстық  байқауында  


129 
 
Сламбекова  А.  ІІІ    дәрежелі  дипломмен  марапатталды. 
сәуір 2016ж.; 
-  «Тіл – татулық тірегі» техникалық және кәсіптік білім беру 
ұйымдары студенттерінің өзге ұлт  өкілдерінің арасындағы 
облыстық  байқауда  Сарафутдинов  В.  «Тіл  майталманы» 
номинациясымен марапатталды.2017ж.; 
-  «Аялаған    Астана»  республикалық    интернет  байқауында 
эссе  жазуда  І  дәрежелі  дипломмен  Исабаев  Б.  
марапатталды. 2018ж.; 
-  «Ақжайығым  –  туған    мекенім,    қойнауың    тұнған   
шежіре» 
 
облыстық 
ғылыми-практикалық 
конференциясына  «Туған  жерім  -  тарихтың  түп  тамыры» 
тақырыбында баяндамаоқыды. Сәрсен М.2018ж.; 
-  Абай  оқулары  көркем  сөз  оқу  шеберлерінің    облыстық 
байқауында 
Сәрсен 
М. 
ІІІ 
дәрежелі 
дипломмен 
марапатталды.  2018ж. 
Күтілетін  нәтиже:  оқушыларды  өз  тілінде  жатық  сөйлеуге,  кез-
келген  ортада  қарым-қатынасқа  түсе  алуға  даярланады;кестелі, 
бейнелі  тілдік  сөйлеуді  қолданады;  ойын  анық,  дәл,  шешен  тілмен 
жеткізеді; жағдаяттардан жол тауып шыға алады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет